Құрметті қолданушы!

Шеті мен шегі жоқ виртуальды әлемде жүре отырып сіз жаңа мүмкіндіктерімен танымал болған іздеу машиналарын қолдансаңыз да өзіңізге қажетті мәліметті таба алмауыңыз мүмкін, сіз ойлаған мәліметтер алдыңыздан шықпауы мүмкін. Нені таңдаған дұрыс? Қазақ тіліндегі қызықты мәліметтерді қайдан оқуға болады? Іздеген кеңесіңізді қайдан табуға болады? 

Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында kenester.kz сайтын ашып отырмыз. Әрине біз сізге қажетті қазақ тіліндегі мәліметтің барлығына wikipedia секілді жауап бере алмаймыз. Бірақ барлығы уақыттың еншісінде екенін біле отырып, ең қажетті деген кеңестер мен мәліметтерді сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келеді. Біздің басты ерекшелігіміз біз барлық мәліметтер мен кеңестерді қазақстан халқына қатысты жазуға тырысамыз. Қазақ қоғамының дамуына қажетті кеңестерді, өмірлік мәні бар кеңестерді сайтқа салып отырамыз. Тағы бір артықшылығымыз біздің сайтта конкурстар жиі өтетін болады. Сондықтан сіздерді әрдайым біздің сайттың жанкүйері және тұрақты қолданушылары болуға шақырамыз.

Біз kenester.kz сайты қолданушыларына өз пайдасын тигізетін жан-жақты және дамыған құралға айналады деген сенімдеміз, осы мақсатта жұмыс жасаймыз. Ойдағыны іске асыру мақсатында біздің жас және көңілді командамыз сайттың дамуына барын салатын болады. Сіздердің ұсыныстарыңызбен ойларыңызға біз ерекше көңіл бөлеміз.Бізге жазыңыздар! Сіздермен қашанда байланыста болғымыз келеді.

 

Құрметпен, сайт әкімшілігі!

E-mail: info@kenester.kz