Денені жұмсарту. Қандай да бір ауру сізді мазаламас үшін күнделікті дұрыс тамақтанып,салауатты өмір салтын қатаң ұстау қажет.Аурудан айығатын қандай да бір процедураны бастамас бұрын денені жылытып,босаңсытып алғанымыз жөн.Тазарту жұмыстарына кірісер алдында ағзаңызды жұмсартып алсаңыз оның тиімділігі арта түседі.Мұның өзі денеде қатып,жабысып тұрған зиянды заттардың орындарынан қозғалтып,жылжуына,сыртқа оп-оңай шығуына мүмкіндік жасайды.Ол үшін құрғақ саунаға,душ қабылдауға,ыстық ванна қабылдауға болады.Арық адамдардың — ыстық ванна,толық адамдардың-құрғақ ванна,ал орташа денелі адамдардың буды қабылдағаны дұрыс болып табылады.Қарт адамдар үшін-ванна,балалар үшін-булы монша тиімді.Бұл процедураны 5 минуттан 25 минутқа дейін қабылдап,соңынан міндетті түрде мұздай сумен 5-15 секунд шайыну арқылы аяқтау керек.Ең бастысы мұндай процедурадан кейін сіз бойыңыздың жылып,денеңіздің босаңсығанын байқайсыз.Процедураны өз мүмкіндігіңізге қарай күн сайын немесе 2 күнде бір реттен,барлығы 3-5 ретке дейін қабылдауыңызға болады.


дене күтімі

Ағзаны жұмсартудың тағы бір тиімді жолы ол- таңертең ашқарынға 20 грамм тұщыған май қабылдау,сондай-ақ ертеңгілік бүкіл денені маймен сылап уқалау,одан соң жылы сумен душ қабылдау болып табылады.Бірақ бұл әдіспен семіз адамдарға қолдануға болмайды,олардың жеңіл ғана жүгіріп,денені қозғалыспен жылытып алғаны жөн.

Видео кеңес:

загрузка...