Қазіргі кезде кез келген компьютерге жалғауға болатын ыңғайлылығына қарай 3G модемінің қолданылуы үлкен сұранысқа ие. Алайда оны қолдануда байланыстың әлсіздігі біраз қиындық тудырып жүр. Сондықтан модемге антенна қажет. Ал ондай антеннаны қолдан жасап алуға болады. Қолдан жасалған антенна арқылы интернетке қиналмай кіре аласыз.
Қолдан жасалған антенна әрі арзан, әрі сенімді болады. Сондықтан антеннаны қолдан жасаған дұрыс.


Қажетті заттар:
Пластик бөтелке;
Қайшы;
Жабысқыш лента;
3G USB модем;
Қара түсті фломастер.
Жасалуы:
1-Ең алдымен пластик бөтелкенің қағаздарын алып, тазалап жуып кептіреді. Бөтелкенің құрғақ болуы шарт. Сонан соң бөтелкенің ота тұсынан 3G USB модемнің көлемінен сәл үлкендеу ойық сызады.
2-Ендігі кезекте сызықтың бойын қайшымен ойып қияды. Қиғанда өте мұқият болып, артық қиылмауын, бөтелкеге ештеңе түсіп кетпеуін қадағалау керек.
3-Қиық бөлікті сыртқа еппен тартып , оған модемді жапсырады. Модемнің дұрыс бекуін қадағалау керек, ол дұрыс бкімесе дұрыс байланыс орнамайды.
4-Сосын USB тоқ жалғағышты бөтелкенің ауыз жағынан кіргізіп, 3G USB модемге жалғайды. Модемнен ажырап кетпес үшін мықтап бекіткен жөн.
5-Антеннаға фольга қиындысын қолданса, байланыс аясы кеңейе түседі. Фольга қиындысын бөтелкенің модемге қарама-қарсы бөлігіне желімдейді. Ал оның көлемі модемнен екі есе үлкен болуы , жалпақтығы бөтелкенің біраз бөлігін жауып тұруы тиіс.
6-Осылаша 3G модеміне арналған антенна дайын болады. Мұндай антеннаны қолдану арқылы байланыс сапасын 2-3 есеге дейін арттыруға болады.

загрузка...