100 жас жасауға көмектесетін 7 ереже немесе 7 кеңес. Дәрігерлердің айтуы бойынша, әрбір адам келесі ережелерді орындай отырып, денсаулығын бірқалыпта ұстай алады.

Бірінші

Салауатты өмір салтын ұстану. Физикалық жаттығу жасамау адам өмірін 4 жылға азайтады екен. Физикалы0 жаттығулармен айналыспайтын адамдар жүрек ауруларына шалдығуы әбден мүмкін.

Екінші

Холестерин деңгейін білу және бақылап отыру. Қандағы холестерин мөлшерінің көп болуы майды жинап, адамның қан тамырларын бітеп, қан айналысын баяулатады. Соның әсерінен адам жүрек ауруларына шалдығады. Себебі жүрекке қан нормада бармайды.

Үшінші

Денсаулыққа пайдалы диетаны ұстану. Дұрыс тамақтану адам өмірін ұзартудың бірден-бір кепілі болып табылады. Бұл ережені ұстанудың ондай қиындығы да жоқ. Дәрігерлердің айтуы бойынша салауатты өмір сүру үшін адам жемітер мен көкөністерді қолдануы керек.


Төртінші

Қан қысымын білу және қадағалау. Жоғарғы қан қысымы адам өміріне қауіпті болып келеді.

Бесінші

Салмақты арттырмай қадағалау. Артық салмақ түрлі аурулардың себебі болып табылады. Семіздік немесе май басу адам өмірін 4 жылға азайтады.

Алтыншы

Қант диабетіне байланысты қауіптің алдын-алу. Қани диабеті ауруымен ауырған кезде адамның қан қысымы тез көтеріліп, жүрек ауруларына алып келеді.

Жетінші

Темекі шекпеу. Жыл сайын он мыңға жуық адам темекінің әсерінен жасына жетпей қайтыс болып жатады, ал мыңдаған адам солардан кейін көз жұмады. Адам темекі тартуды қойғаннан кейін оның жүрек соғысы өз қалпына келе бастайды.

 

загрузка...