Егер сіз ҰБТ-ға дайындалуға өзіңізді көндіре алмасаңыз, мұны жалқаулық деуге болмайды. Сіздің бұл әдетіңіз заманауи психологиялық термин «прокрастинациямен» түсіндіріледі. ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай тестілеу) өміріңіздегі маңызды сынақтардың бірі болғандықтан бұл емтиханға уақытымен дайындалу маңызды болып есептеледі. Прокрастинация (ағыл. procrastination — күннен күнге шегере беру, жайбасарлық) жігердің, мотивацияның және ниетіңіздің жоқтығымен байланысты.

ұбт дайындалу

 

 1.  Сіздің кітап оқуға деген ниетіңіздің жоқтығы мүмкін сіздің оқуға деген қабілетіңіздің төмендігі немесе кітап оқып  ҰБТ-ға дайындалудың қажеті жоқ деген ұғымдармен байланысты болуы мүмкін. Көптеген студенттер сессия алдында осындай қиындықтарға тап болады: бірнеше ұйқысыз түндер, барлық дәрістер жазбасын тез-тез оқып тастау және барлық тапсырмаларды соңғы уақытта орындау.

Бұл жағдайдан құтылудың бір жолы тек Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысудан бас тарту. Бірақ бұл сізге керекті жақсы шешім емес.


  2. ҰБТ-ға дайындалуға деген ниетіңіздің жоқтығының тағы бір себебі өзіңізге нені оқу керектігін, нені білу керектігін білмеуіңіз. Егер сіздің алдыңызға нақты мақсат қойып, өз-өзіңіздің жігеріңізді қайрасаңыз алынбайтын қамал жоқ екені белгілі. Сондықтанда «мен нені білемін?» және «Мен нені білуім керек?» деген сұрақтарға жауап беруіңіз керек. 

  3. Ұлттық Бірыңғай тестілеуді сіздің тапсыру керектігіңізді және ол арнаулы күн мен уақытқа бекітілгенін ескеріңіз. Дайындық барысында ҰБТ-ға дайындалатын пәндеріңізді маңыздылығына қарай бөліп алыңыз. Әрине демалуды да ұмытпаңыз. ҰБТ-ға дайындықтан кейінгі шаршауды ұйқымен ғана басуға болады. Өзіңізге нақты уақыт қойып алыңыз. Арнайы дайындық графигін сызып алыңыз. Белгіленген уақыт бойынша дайындалуды үйреніңіз. Алғашында оңай тақырыптарға дайындалып бастаңыз. Артынан қиын тақырыптарға қарай көшіңіз.

 4. Өз күшіңізді нақты бағалаңыз. Мүмкін сіз таңертең тұрып дайындалған кезде жақсы көрсеткіш көрсететін боларсыз. Сондықтанда өз-өзіңізді босқа қинап, 2-3 сағат кітаппен дайындалудың қажеті шамалы. Өзіңіздің қабілетіңізге қарай ҰБТ-ға дайындық жасаңыз.

  5. Кейде сіздің Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалуға ниетіңіздің жоқтығы жай ғана шаршаудан болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өзіңізді таңертең күштеп тұрғызып, ұйқыңыз қанбастан кітап оқудың қажеті жоқ. Дұрыстап ұйықтап, тынығып алғаннан кейін, ҰБТ-ға толық дайындықты бастауыңызға болады. Бұл жағдайда сіз жақсы дайындық жасай аласыз. 

загрузка...