Көп адамдар өздерінің қалталарында неге ақша тұрмайтынын түсінбей жатады. Өзіңіздің ақшаңыздың ағымын реттеп, қаржылық жағдайыңызды түзеудің жолдарын қысқаша түрде ұсынамын.

қаржылық сауаттылық
Алдымен қолыңыздағы қаржының қаншалықты көп екенін есептеңіз. Артық нәрсеге қаржы жұмсамауға тырысыңыз. Қолыңызда бар қаржыны әр жұмсалатын жердің көлеміне қарай тура пропорционалды түрде бөліңіз: несиенің ақшасын бөлек(егер бар болса), пәтерақыны бөлек, күнделікті азық түлікке жұмсалатын ақшаны бөлек қойып, бәрін реттестіріңіз.
Көп ақша жұмсалатын жерді ұмытқан күннің өзінде кішігірім ұсақ түйекті де есептеу керек болады. Мысалы: көшеге дүкен немесе базар аралауға шыққанда қарныңыз тоқ болғаны дұрыс. Адам аштыққа шыдамайды. Ал көшеден алып жеген тағам бір жағынан қарын тойдырмайды. Екіншіден, артық шығын. Бірақ «шектен тыс үнемшіл боламын» — деп, іштарлыққа ұрынып кетпеңіз.
Тағы бір маңызды жайт: қарызға ақша алмауға тырысыңыз. Ол онсызда қатып жүрген миыңызды одан сайын қатырады. Реалист болыңыз, ешкім Сізге терезеңізден ақша лақтырып кетпейді. Бәрін үнемдеген дұрыс.
«Көрсеқызарлықтан» алыс болыңыз. Артық ақшаңыз қалатын болса, бірден жұмсап тастамаңыз. Керісінше, жинап қойыңыз. Кейбір қысылған жайт болғанда «қара жәшіктің» бос болмағаны жөн.


Ең бастысы — ерінбеңіз. Себебі, еріншектік үнемдеуді де құптамайды. Ал қаржы үнемдеген жерге көбірек жиналады.

Әрине, Сіз бұл кеңестен байып кетпессіз. Дегенмен, Сіздің капиталыңызды реттестіруге көмегі тиеді деп үміттенемін.
Ал байығыңыз келсе, өз ісіңізді ашқаныңыз жөн. «Бәкеңізге» жұмыс істеп байып кетпейтініңіз айдан анық.

загрузка...