Ұсақ түйек. 1001 ұсақ-түйек
Үнемшіл ас үй иелеріне кеңес. Егер тоңазытқышта жиналып қалған ет, жеміс көкөніс және басқа тағамдарды жақын арада жеп тауыса алмайтын болсаңыз, оларды майдалап турап, полиэтилен қалта немесе пластик ыдысқа салып, мұздатқышқа қойыңыз. Мұндай әдістпен артық тағамды бүлініп кетуден сақтап, ақшаңызды үнемдейсіз. Сонымен қатар мұздатқышта тұрған тағам нәрін бойында сақтайды. Мұздатылған тағамнан тамақ пісіру оңай, әрі әдеттегіден жылдам піседі.
ұсақ түйек
Мұздаған құлыпты ашу. Қарсы сарай немесе сарай немесе гараждың есігіне салынатын құлыптың аязда қатып ашылмай қалтыны бар. Ондайда ашудың ең тиімді жолы- спиртті қолдану. Кілттің орны мен құлыптың ашылатын жеріне бірнеше тамшы спирт құйса, ол құлып ішіндегі барлық қуысқа жетеді. Онан соң құлып еш қиындықсыз оңай ашылады.
Көлікте жүрегі айнитындарға. Кейбір адамдардың көлікке мінсе бастары айналып, құсқылары келеді. Адамның денсаулық жағдайына байланысты түрлі себептері болуы мүмкін. Ал ондайды болдырмаудың қарапайым әдісі бар. Жолға шығар алдында кіндіктің тесігін пластырь немесе скочпен жауыпқою керек. Сонан соң өзіңізді бұрынғыдан әлдеқайда жақсы сезінгеніңізді байқайтын боласыз. Сапарыңыз сәтті болсын!
Телефон қуаттаушы да тоқтартады. Егер ұялы телефонды қуаттаушы құралдың жәй қосылып тұрғанынан ештеңе етпейді десеңіз, қателесесіз. Бос қосылған құрал соншалықты электр энергиясын тартпайды. Дегенмен оны тоқтан ажыратпай, үнемі қосып қойсаңыз, электрді босқа жұмсайсыз. Ол бос қоылып тұрғанның озінде тоқты айналдыра береді. Сондықтан қажет уақытында ғана қолданып, кейін тоқтан ажыратып қойған дұрыс.

загрузка...