Үй жобасы мен орналасуы үнемі көңілімізден шыға бермейді. Көзге оғаш көрінетін сондай кемшіліктерді қарапайым әдістерді қолданып жасыруға болатынын білесіз бе? Сол мәеле жайындағы дизайнер мамандардың кеңестерін біле жүріңіз:
1. Жатын бөлменің жалаңаш қабырғалары көзге біртүрлі көрінуі мүмкін. Ондайда шамалдан (жаңа болуы шарт емес) екі люстра жасап, бір қабырғаға симметрияландырып іліп қойыңыз. Жоғарыдан түскен жарық зиян емес әрі интерьерді толықтырып тұрады. Ал бұрын шамдал тұрған тумбаның үстіне басқа қажетті заттарыңызды қоя аласыз.


үй жобасы
2.Қонақ бөлменің сүйкімсіз интерьерін бірнеше бра шамдарымен (қабырғаға арналған аспалы шам) әрлендіруге болады. Сондай-ақ жиһаздың ашық түсті болғаны жөн.
Ас үйдегі раковинаның астындағы құбырды жасыруға перде ұстай салсаңыз болады.
Ал есікті жаңалап көрсету үшін оған әдемі суреті бар панно жабыстырып қойыңыз.
Ваннаға перде таңдау
Ваннаның пердесі оның интерьерінің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан оны таңдауда мыналарды ескеріңіз:
Ақшыл, нәзік түспен әрленген ваннаға ұсақ суреті бар немесе бір түсті перде үйлеседі.
Ваннаның іші жарық болса, оған экзотикалық пейзажды перде ұстаңыз.
Ал үйде кішкентай бала болса, оны жуынған сайын мәз қылу үшін кеменің немесе тропикалық аралдардың әдемі суреті бар перде ұстауыңызға болады.
Түсқағаздың желімі ашылып кетсе
Біраз уақыт өткеннен кейін түсқағаздың жиегі ашылып қайырылып қалады. Оны қайта жабыстыру үшін түсқағаз немесе желім сатып алудың қажеті жоқ. Түсқағазды қолмен қалыпқа келтіріп қабырғаға басып тұрып бетіне таза ақ қағаз қойыңыз. Сол тұсты ыстық үтікпен үтіктеп, артынша іле дымқыл салқын сүлгімен ысқылаңыз. Түсқағаз алғаш желімдеген қалпына келіп жабысып қалады.

загрузка...