Құттықтау тілектер кез келген мерекенің сәні мен салтанатының бір бөлігі десек артық айтпас едім. Құттықтау тілектері соның ішінде қаймағы бұзылмаған қазақы тойдың ажырамас бөлшегі. Үйлену тойы — шаңырақ көтеріп отырған ек жастың арасындағы ең алғашқы той. Қазақ халқы сондықтанда бар жиғанын тойған шашқан. Ал тойға құда бала мен құдаша болу құрметі кез келген адамға беріле бермейді. Мерекені бұзып, тілек айта алмай достарыңды ренжітуге болмайды.

құттықтау тілектер

 

Мерекелік құттықтау тілегін қалай қуанышқа толтыруға болады?

Ең алдымен жобалап болсада айтатын құттықтау тілегіңізді дайындап алыңыз. Тіпті сіз жұрт алдында сөйлеуден, тілек айтудан қысылмайтын болсаңыз да, сөзге шешен болсаңыз да алдын-ала тілектің жобасын дайындап алған жөн. Кей кездері сөз керек кезінде ойға келмей қалатын жағдайларда болады. Осындай сәттерде мынаны неге айтпадым, мынаны неге айттым деп өкініп қалатын боласыз. Айтқан сөзіңізді әрбіреуіне мұқияттылықпен қараңыз. Себебі сізді құда бала ретінде немесе қыз жағында құдаша ретінде бостан бос таңдаған жоқ. Сіздің өнеріңізге, жүріс-тұрысыңызға сенді. Сондықтанда артық сөз айтып ұятқа қалмаңыз.

Құттықтау тілегі мәтінін жаза отырып, дайын құттықтау тілектеріне де назар аударыңыз. Көркем әдебиет кітаптарында немесе арнайы тілектер кітаптарында сізге қажетті тілектің дәл өзі болуы мүмкін. Жүйелі сөйлеген қай жерде де жақсы ғой. Сонымен бірге құттықтау тілегіңізді ішінде әсем өлең жолдары болса, әсіресе өзіңіз шығарсаңыз өте керемет болар еді.


Тілегіңізді той иесіне және жастарға қарай бағыттаңыз. Кімнің досы болсаңыз да жас жұбайлардың екеуіне де бірдей қарап, бірдей тілек айтыңыз. Құттықтау тілегін айтар кезінде күнделікті өмірдегі қарапайым сөздерді қоспағаныңыз жөн. Ұзақ ойлану, ой шашыраңқылығы, өмірде қолданылатын қарапайым сөздердің көп қолданысы сіздің тойға тілек дайындамағанызды бірден көрсетіп қояды. Сонымен қатар жас жұбайлардың жеке өміріне байланысты құттықтау тілектерін айтпаңыз. Оны жұрт әрқалай түсінуі мүмкін. 🙂 Жігіттің немесе қыздың отбасына қатысты мәліметтер келтірмегеніңіз дұрыс.

Тойдағы құттықтау тілегіңізді тым ұзақ қылмаңыз және тым жеңіл тілек айтпаңыз. Тойда ресми сөйлеуден бас тартыңыз. Тілегіңізді арасында әзілдер қосып көріңіз. Бірақ әзілді айтқан кезде өзіңізге сенімді болыңыз. Құттықтау тілегін бастан аяқ жаттап алудың қажеті жоқ, бірақ есте болғаны дұрыс. Жүректен шыққан әрбір сөз жүрекке жетеді деген рас. Егер сіз өзіңіздің көңіліңізден шығатын тілек айтсаңыз мұны достарыңыз жақсы бағалайды.

Алға қарай жазылатын кеңестер мына тақырыптармен байланысты жазылады:

тілектер туған күнге, құттықтау тілектері, тойға тілектер, туған күнге арналған тілектер, тілектер үйлену тойына, тойға арналған тілектер, қазақша тілектер жинағы, тілектер қыз ұзату тойына, тілектер үйлену тойына арналған, ұзату тойына тілектер, тілектер қыз ұзату тойына, тілектер құттықтаулар, туған күнге құттықтау тілектер, айт тілектері, ұзатуға тілектер, қыз ұзатуға тілектер, туылған күнге тілектер, ұзату тойына арналған тілектер, қазақша тілектер туған күнге, тілектер жас жұбайларға

 

 

загрузка...