Жоспар

1. Этология ғылымы туралы түсінік.
2. Этология ғылымының негізі
3. Этология ғылымының негізгі әдістері
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Этология ғылымы туралы түсінік.


Этология (грек тілінен “этос”-дәстүр,салт,мінез) — тірі организмдердің тіршілік ету және қорек табу ортасындағы іс-әрекеттерін,мінездерін зерттейтін ғылым.Бұл жерде зерттеу нысаны тек физикалық орта ғана емес,сонымен бірге әлеуметтік орта,қоғаммен қатынасы.Францияда “этология”-термині 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап жануарлардың жүріс-тұрысын зерттейтін ғылым ретінде қолданылды.Бірақ жеке ғылым саласы ретінде ол 20 ғасырдың 30 жылдарында шықты(ағылшын тілді елдерде бұл термин 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін “мінез-құлық”терминімен қатар қолданылып келді).
Этология ғылымының негізі А. фон Пернау (18 ғасырдың басы), Дарвин (19 ғасыр) және Я. фон Икскюл(19 ғасырдың аяғы —20 ғасырдың басы) секілді ғалымдардың еңбегі арқылы қаланды.Этология терминіне ерекше әсер еткен Дарвинның эволюциясы.Дарвин теориясы бойынша бұл ғылымның адамзатқада қатысы бар екені белгілі болды.Өйткені адамзатта кейбір жануарлар секілді сүтқоректілер санатына жататыны белгілі.
Заманауи этология ғылымының дүниеге келуі австриялық ғалым Лоренцтің(1910—1986) және голландиялық биолог Тинбергеннің (1907—1988) есімдерімен байланысты.Лабораториялық әдістерді жүргізе отырып Лоренц 30-40 жылдары жануарлардың мінезін зерттеуді еркін кеңістікте зерттеу керек деп шешті.Лоренцтің өзі жануарлар мінезін зерттеуде тамаша әдіс ойлап тапты.Жарты ғасырда этология ғылымы керемет қарқынмен дами бастады: “Behaviour:, “Ibis”, “Journal fur Ornithologie”, “Zeitschrift fur Tierpsychologie” секілді арнайы мамандандырылған этологиялық журналдар шыға бастады.1973 жылы этология саласындағы еңбектері үшін Э.К. Лоренцке, Тинбергенге және М. Фришке Нобель сыйлығы берілді.

 

загрузка...