kurstikjumistar

Курстық жұмыс — бір жылда әрбір студент өткізетін өзіндік зерттеу жұмысы. Курстық жұмыс  тек теориялық түрде немесе практикалық бөліммен қоса берілуі мүмкін, бірақ қалайда жұмыс өзіне тән стандарттар бойынша жазылуы керек. Экономика пәні бойынша курс жұмысын қала жазуға болады?

Нұсқаулықтар:

 - 1. -  Курстық жұмыстың тақырыбы мен оны жазудағы мақсатын айқындап алыңыз. Студент курстық жұмысты қалай жазатынын бірінші кезекте өзі толық әрі нақты білуі керек. Егер сіз тақырыпты толық түсінбесеңіз ғылыми жетекшіңізбен ақылдасып алыңыз.

— 2. -  Жүйелі жұмыс жасауға дайын болыңыз. Тіпті  теориялық негізде жазылған курстық жұмыстың өзі бір түнде жазылмайтыны белгілі. Курстық жұмыс толық оқу жылына есептелген, сондықтан курстық жұмысты соңғы күндерде асығыс жазу жақсы нәтиже әкелмейтіні белгілі. Оқытушы әрқашан курстық жұмыстың жазылу барысын қадағалап жүреді. Сондықтанда тақырып жариялағаннан бастап бірнеше ай өткеннен кейін оқытушыға курстық жұмыстың белгілі бір бөлігін көрсетуіңіз керек.

— 3. —  Дереккөздерді зерттеңіз. Экономика пәнінен сапалы курстық жұмыс жазу үшін жаңашыл және дәстүрлі идеяға ие кем дегенде 10 автормен байланыс орнатуыңыз керек.


— 4. -  Жұмысыңызды жүйелеңіз. Кез келген курстық жұмыс ғылыми мазмұнның логикалық мәнімен байланысты арнайы бөлімдерден тұруы керек. Негізі бұл кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар. Негізгі бөлім құрылымына жалпы жағдайда курстық жұмыстың мазмұнын ашатын теориялық бөлім және сіздің жеке еңбегіңізді көрсететін практикалық бөлім жатады.

— 5. — Экономикалық пән бойынша жазылған курстық жұмыс құрамында үшінші бөлім болуы мүмкін — жобалық бөлім. Бұл жағдайда сіз арнаулы фирманың бизнес жоспарын жасауыңыз керек. Мүны іске асыру үшін бизнес жаңалықтарды көп оқыңыз және әрқашан осы сала мамандарымен байланыста болыңыз.

 - 6. - Курстық жұмысты өзіңіз білім алып жатқан ЖОО-ның талаптарына сай безендіріңіз. Курстық жұмыстың безендірудің мемлекеттік стандарты бар, алайда көбінесе көптеген  ЖОО-да сақталуға тиісті талаптар бар.

— 7. — Қажет кітаптардың, журналдардың, материалдардың тізімін жасақтаңыз. Тіпті сіз екі дереккөзге жүгінсеңізде, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне осы тақырыпқа байланысты 10-15 жұмысты жазуыңыз керек.

— 8. — Курстық жұмысты қорғауға дайындаңыз. Оқытушыңыздан курстық жұмысты қалай қорғау керектігін сұрап алыңыз, презентация дайындаңыз, курстық жұмысыңызды қорытындылаңыз және сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз.

Курстық немесе Дипломдық жұмысқа тапсырыс беру

загрузка...