Жаздағы ыстықта адам организміне сырттан келетін сұйықтық өте маңызды, себебі ыстықта адам денесі терлегеннен 4 литр сұйықтық сыртқа шығады. Тек ыстықтан қандай сусынның қорғайтынын және шөліңізді қандай сусын баса алатынын білуіңіз керек.
сусындар

 

Су

Шөліңізді қарапайым судан артық ешқандай сусын баса алмайды. Су табиғаттағы барлық биохимиялық процесстер жүретін әмбебап орта әрі еріткіш болып есептеледі. Су таза бұлақтан немесе құдықтан алынған болуы мүмкін. Ондай жоқ болса, жай ғана сапалы су тазалағыш фильтрден өткен суда ішуге болады.

Минеральды су

Тәулігіне 1 литр минеральды су ішу қалыпты жағдайға айналуы керек. Себебі ағзадан тек су ғана емес, сонымен бірге пайдалы минеральдар да шығады.


Лимон қосылған салқын көк шай

Егер бұл пайдалы сусынға көңіл бөлетін болсақ, онда оны жаңадан дайындалған күйде ішу керектігін ескеру керек. Ұзақ уақыт тұрып қалған сусын құрамын жоятынын біле отырып, тезірек ішуге тырысу қажет.

Үй жағдайында дайындалатын компот

Кез келген құрғақ жемісті қайнаған суға салып, аз ғана уақытқа бетін жауып тұндыру қажет. Сусынның дәмі кіріп, ұзақ уақыт тұнуы үшін оны ұйықтар алдында дайындап қойған жөн.

Жаздағы ыстық кезінде ішуге кеңес бермейміз:

 1. Тәтті газдалған сусындар.

 2Пакеттегі шырындар.

 3Ұзақ уақыт тұрып қалған шырындар.

 4Квас, салқындатылған шай секілді сусындар.

загрузка...