Жаныңызбен тәніңізге сергектік сыйлайтын бұл кеңестер сізді күн көзінен келген аптап ыстықтан қорғап қалады.

143984_53a12eef7a4c653a12eef7a4fc

Жұмыс орнында

Ыстыққа қалып қоймау үшін жұмыс орныңызға күн шықпай тұрып ертерек барып алыңыз. Ол үшін әрине ерте тұруыңыз қажет. Жұмыс орнында терезені күн түспейтіндей етіп матамен немесе жалюзимен жауып қойыңыз. Күн жұмыс орнына түссе бөлмені ысытып жібереді. Ылғалды жасау үшін қасыңызға су құйылған ыдысты ұстаңыз.

Үйде

Үлкен кесеге мұз салыңызда желдеткіштің алдын қойып қойыңыз. Қосулы тұрған желдеткіш судың ішіндегі мұздың салқын лебін бөлмеге үрлеп тұрады. Мұндай ауа бөлмені ыстықтан аман алып қалады. Сонымен бірге матаны суға салып, жуып алып сығыңыз да, бөлменің есігіне іліп қойыңыз. Осылай әр бөлмеге жасап шығыңыз.

Кешкісін ұйықтар алдында тұрақты түрде ванна қабылдаңыз. Ваннадағы судың жылы болуын бақылаңыз. Ваннаны 10-15 минут қабылдағаннан кейін, салқын шумен шайынып алуыңызға болады. Артынша бал қосылған шай ішіп демалуыңызға болады.


Молырақ су қолданыңыз.

Күндіз сумен бетіңізді, білегіңізбен қолыңызды шайыңыз. Ал кешкісін барлық ыстықты аяғыңызды жуу арқылы шығаруға болады. Ол үшін ваннаға су құйып теңіз тұзын ( 1 шелекке 3 ас қасық тұз) салыңыз.

Жеңіл тамақ

Көп адамдар, әсіресе, толық адамдар тамақ ішкеннен кейін терлей бастайды. Мұның себебі организм тамақты қорытуға көп энергия жұмсайды да, артынша ішкі температура көтеріліп адам тез терлей бастайды. Ыстықта тіпті арық адамдардың өздері дұрыс тамақтанбағаннан тез терлеп, ыссылауы мүмкін. Сондықтанда ыстық күндері жеңіл тамақ ішуге тырысыңыз. Әсіресе тамақтың порциясы аз болғаны дұрыс.

Дұрыс лимонадтар 

Цитрустар көңілді көтеріп, шөлді басады. Салқындау суға лимон мен апельсинді сығып, араластырып керемет сусынмен шөліңізді қандыруыңызға болады. Егер сіз отырған жер өте ыстық болса, сусыныңызға мұз салып ішуіңізге болады. Ал өте ыстық кездерде сусындарды сатып алуға кеңес бермейміз. Себебі тәтті сусындарды сатып алып ішкеннен кейін сіздің шөліңіз қанбай, тағы да ішкіңіз келіп тұрады.

загрузка...