Тенгизшевройл (ағыл. Tengizchevroil) — мұнай және оның өнімдерін өндіруге және өңдеуге бағытталған бірлескен кәсіпорын. Төменде осы кәсіпорын туралы деректер келтірілген.

тенгизшевройл2

2011 жыл үшінші тоқсан бойынша қорытынды мәлімет

Тарих/Қатысушылар:

Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» – 25% және «ЛукАрко» Б.К. – 5%.

Өнім өндіру/Қорлар:

Теңіз кенішінің өнімді қабаттарындағы 2033 жылдың сәуір айына дейінгі есеппен алынуға тиісті мұнай қоры 750 миллионнан 1,1 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (6-9 млрд. баррель) құрайды. Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3 миллиард тонна (26 млрд. баррель), ал, Королев кен алаңында 190 миллион тонна (1,5 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді. Теңіз коллекторының шеңбері едәуір, ені 19 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль) құрайтын аумақты алып жатыр.

2008 жылдың үшінші тоқсанында Теңізшевройл қуаттарды кеңейту жобасын аяқтады. Нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік қуаты шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше пұтқа жетті.

Мұнай өндіру көлемі:

2011 жылдың қантар – қыркүйек айлар аралығында мұнай өндіру көлемі 19 миллион тоннаны (152 миллион баррель) құрады.

ТШО мұнайды бірнеше тасымалдау бағыттары бойынша экспортқа шығарады. ТШО шикі мұнайды КҚК–ның құбыры арқылы Новороссийскіге және темір жолмен Одесса, Феодосия және Ақтауға, әрі қарай Батумиге және Кулевиге экспортқа жібереді.

ТШО өнімінің өзге түрлері:

ТШО сұйытылған газ сату көлемін 992 400 тоннаға, ал құрғақ газ сату көлемін 5,1 миллиард текше метрге жеткізді.

ТШО 2,9 миллион тоннаүкірт сатты, бұл аталмыш кезеңдегі өндірілген 1, 7 миллион тонна күкірттің 170% құрайды. 2011 ж. 30 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, күкіртті сату бағытындағы табысты жұмыс нәтижесінде Теңіздегі сақталған күкірт көлемі 4,5 миллион тоннаға дейін қысқартылды. Теңізшевройл жоғары сапалы үкіртті ң төрт түрін ең алдымен Жерорта теңізі бассейні мен Орта Азия елдеріндегі тұтынушыларға және Қазақстан, Ресей, Украина, Қытайға өткізуде.

Қаржы көрсеткіштері:

1993 жылдан бастап 2011 жылдың қыркүйек айына дейін ТШО-ның Қазақстанға тікелей қаржы төлемі тұтастай алғанда 55,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұған ТШО -ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтеріне жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға берілген тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.


2011 жылдың қаңтар – қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің мөлшері 10,4 миллиард АҚШ долларын құрады. 2010 жылғы мемлекетке тікелей төлемдер көлемі 9,6 миллиард АҚШ долларын құраған болатын.

Қазақстандық тауарлар мен қызметтер:

2011 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында Теңізшевройл қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1,15 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады. 1993 жылдан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін Теңізшевройл қазақстандық қамтушылардың 10,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.

Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

• 2000 жылдан бері Теңізшевройл қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 2,3 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлді.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған бұл инвестициялар алауларда жағылатын газдың жалпы көлемін 2000 жылдан 97%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 73%-ға азайды. 2011 ж. қаңтар — қыркүйек айларында атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі ТШО өндірген мұнайдың бір тоннасына шаққанда, орта есеппен, 2,26 килограмды құрады. ТШО 2000 жылдан бері жылдық мұнай өндіру көлемін 182% өсірді.

2000 — 2011 жылдың қыркүйек айына дейін қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалған инвестициялар КТЛ-дағы техникалық ақаулар санын 88%-ға, ал техникалық ақаулар кезінде алауларда жағылатын шикі және қышқыл газ мөлшерін 93%-ға азайтуға ықпалын тигізді.

Қызметкерлер:

ТШО-да жұмыс жасайтын қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 85% құрайды.

ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 75% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.

Әлеуметтік көмек:

1993 жылдан 2010 жылдың соңына дейінгі кезеңде ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 645 миллион АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады.

2010 жылы ТШО «Игілік» бағдарламасына 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Оның едәуір бөлігі Құлсары қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жүргізуге жұмсалды.

Жалпы құны 60 млн. АҚШ долларын құрайтын Құлсары қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жүргізу жобасының құрылысын одан әрі жалғастыру үшін ТШО 2011 жылы «Игілік» бағдарламасына тағы 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Бөлінген қаржының

негізгі үлесі Құлсары қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жобасына жұмсалуда.

2011 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау, білім және оқыту салаларының сапасын

жақсартуға көмектесу үшін ТШО-ның әлеуметтік инвестициялық бағдарлам асына шамамен 800 мың АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлініп игеруліде.

www.tengizchevroil.com

Мектеп туралы мәліметті оқуға кеңес береміз: Мектеп туралы. Мектеп не үшін керек

загрузка...