Пайдалы таңғы ас: 7 үздік өнім

Көптеген диетологтар, таңғы астан бас тартатын адамдар, үлкен қателік жасайды, — деп есептейді. Олардың пікірінше, таңғы ас – ең бастысы, және денсаулықты сақтауда өте маңызды рөл атқарады. Таңғы асты пайдалы ету үшін, сергектік әсерін сыйлайтын және өзіңді жақсы сезінуге әсер ететін, яғни оны дайындауға қажетті өнімдерді таңдай білу қажет.

jpg

Сүзбе

Егер таңғы асқа қажетті қандай да бір пайдалы нәрсе бар болса, оның сүзбе екендігін еске саламыз. Сүзбеде ақуыз бен кальцийдің бай қоры бар, сонымен қатар оның құрамында майлар аз, сол себепті де калориясыз.

Жұмыртқа

Жұмыртқа – пайдалы өнім ғана емес, ол ағзамызға қажетті өнім. Егер күніңізді оны қолданумен бастасаңыз, сізді түске дейін аштық сезімі мазаламайтын болады, себебі жұмыртқа ақуызға өте бай келеді.

buterbrod

Йогурт

Йогурт пробиотиктердің арқасында асқорытуды жеңілдетеді, демек, артық салмақтан арылуға әсер етеді деген сөз. Бұл өнім В12 дәруменіне бай келеді, сонымен бірге йодқа, цинк және фосфорға.


Сұлы ботқасы

Пайдалы әрі тойымды таңғы ас сұлыдан да болады. Дәлірек айтсақ сұлы ботқасынан, өйткені мұндай ботқа қан құрамындағы қанттың мөлшерін реттеп, холестериннің мөлшерін төмендетеді.

r_0_99xu3fzx17p3emlruf18

Смузи

Көкөністер мен жемістің күндізгі нормасын алу қиынға соқпайды, егер сіздің таңғы асыңыз смузи болса. Оны майсыз сүт өнімдерінің көмегімен дайындайды: йогурттан, айраннан немесе жай ғана сүттен.

Жидектер

Йогуртқа және сұлы ботқасына жидек түйірлерін салып тағамдануға кеңес береміз, тіпті қазір жаз болмаса да. Олар құнарсыз болып келеді, бірақ құрамында көптеген пайдалы заттар мен дәрумендер болады.

Көк шай

Пайдалы таңғы асты көк шайсыз елестету қиын. Дәл осы сусын ағзаның зақымданған клеткаларын қалпына келтіре алады. Ол үшін көк шайды кемінде 5 минут тұндырған жөн.

20130313105640

Ал сіз таңғы асыңызды ішесізбе? Оны пайдалы ету үшін қандай өнімдерді пайдаланасыз? Осы жайлы ой бөлісіңіз...

загрузка...