Жаз айы кіре салысымен барлығы демалғысы келетіні сөзсіз. Бірақ қандай жерлерге демалуға шыққан дұрыс екенін көп адамдар біле бермейді. Сейіліңіз сізге ерекше болып есте қалдыру үшін не істеу керек? Неше күнге табиғатқа сейіл құруға шығу керек? Осы және өзге де сауалдарға жауап беруге тырысып көрелік.

Ең алдымен қай жерге шығатыныңызды ойластырып алу керек, өйткені соған байланысты керекті заттар алу керек болады. Өзеннің немесе көлдің жағажайына шығасыз ба? Әлде таулы жерге ме? Мүмкін Орман ортасына шығар. Қай жер жақсырақ деген сауалға, әр адам  әр түрлі пікірде болатыны белгілі. Ал біздің сізге айтар кеңесіміз, бұл саяхат Орманды әрі ағынды сулы әрі таулы жерде болғаны жақсы. Өйткені мұндай жерге шығу арқылы сіз барлық талаптарды орындаған боласыз.

демалыс

Сейілге шығудың ең басты мақсаты, техникалық, электрондық өмірден ажырап сәл тынығу. Сол себепті өзіңізбен бірге артық гаджеттермен электронды құрылғыларды алып кетпегеніңіз жөн. Мысалы құлаққаптар (наушники). Ондай заттар сіздің демалысыңыздың толыққанды болуына кедергі келтіретіні сөзсіз.

Енді керек жарақтарға келетін болсақ.

Ең бастысы ол жаймалар және жамылғыштар. Табиғатқа шыққанда әрине сіз сол жерде түніңізді өткізуіңіз керек, сол себепті шыққан жеріңіздің табиғатына байланысты жылырақ жамылғылар немесе жаймалар алып кетуіңіз керек. Жаңбырдан немесе күннен қорғанатын құрылғылардыда ұмытпаңыз, өйткені табиғаттан тосын силар күтуге болады.

Сейілге шықпас бұрын сол күнгі ауа-райына да мән беру керек. Сейілде жүргенде жаңбыр не дауыл тұратын болса, демалысыңыз күйзеліске ұласып кетуі мүмкін.

Тағыда ең керек әрі маңызды мәселе, Уақытыңызды қалай өткізетініңіз жәлі ойланғаныңыз жөн.

Біз айтатын кеңестердің ішіндегі ең маңыздысы, ешкім мұңайып не көңілінен шықпаған болып қайтпауы тиіс. Барлығын қарастырған жөн болады. Алдын ала дайындалып баруларыңыз керек, түегі қорқынышты әңгімелерді де ойластырып қойыңыз, әрине олсыз түніңіз қалайша қызық болмақ. Табиғатта спорттық ойындарды ойнағанға не жетсін? Сол себепті спорттық құралдар алып кетіңіздер. Мысалы: доп, шашки тағы да басқа сияқты.

Табиғатта көп күш жұмсайтын болғандықтан, ең керектілердің бірі ол әрине тамақ. Табиғатқа керекті тамақтар туралы сөз қозғайық.

Егерде сіздің мұздатқыш сөмкеңіз болса, бұл көп мәселе тудырмайды. Ал егер ондай құрал жоқ болса, сізге айтар кеңесіміз , тез бүлініп кететін тағамдар алмаңыз. Оларға мысал ретінде мыналар жатады:

— Май өнімдері, сары майлар, және солармен қоса бутербродтар.

— Тым көп шұжық.

— Ет өнімдері.

— Жартылай дайын астар.

— Сүт өнімдері.

— Майлы крем қосылған өнімдер.

Сейілге шықпастан бұрын, тағамдарыңызды салқындатып алған жөн. Және де олардың ұзақ сақталуы үшін, оларды мықтап, бірнеше қабаттап ораған жөн.

Егер де жоғарыда келтірілген астарды алғыңыз келсе, май өнімдерін ауыстыра алатын, ерітілген ірімшік (сыр) бар. Шұжықтарды үйден кесіп шықпаңыз, ол шаруаны жеткен соң жасау керек. Ет өнімдерін жақсылап тұздап, ыстықтан сақталған жерде алып барыңыз, сүт өнімдерін аз мөлшерде тез тауысылатын етіп алып барыңыз.

Сейілді тұздалған балықсыз елестету қиынырақ, сол себепті балықты көбірек алып барған дұрыс, әрі олар ұзақ сақталады.

Әрине кәуапты сейілге алып бармау, бұл ақымақтық. Кәуап пісіру үшін керек жарақтарды дайындап алып барыңыз. Мангал таба алмасаңыз табиғатта тастардан жасап алуға болады, бірақ шомпурларды үйден алып келуіңіз керек. Отын мәселесін табиғатта шешу оңай болады, бурақ та сіріңкені көп мөлшерде алып кетіңіз. Сіріңке ең басты құрал өйткені табиғатта электр көзі болмағандықтан оның орнына отты пайдаланатыныңыз сөзсіз, сол себепті көп сіріңке керек болады.


 

Ұсақ түйек заттарды да ұмытпағаныңыз жөн. Пышақ, қасық, шанышқы (вилка), тағам салатын ыдыстар, т.б. Бұл құралдар керек болады, әрине сіз өзіңізді нағыз орман адамы ретінде сезінгіңіз келмесе. Сүртінетін құралдар, қағаздар, тағазалығыш құралдар да керек болады.

Не ішкен дұрыс?

Әрине табиғатта күннің астында көп жүруге тура келеді сондықтан, суды көп алып кету керек. Судың көлемін, саяхатқа шығушы адамдардың санына байланысты алып кетесіздер.

Сіздерге айтар кеңесіміз, Саяхатқа шыққанда спирттік ішімдікті алып шықпаңыздар. Оның арты жаман болуы мүмкін, суға кеті, бір-бірімен жанғалға келу, ақымақтықтардың неше түрі орын алуы мүмкін. Сол себепті демалғыңыз келсе ішімдікті алып шықпаңыз. Оның орнын табиғи сусындар, газдалған сусындар алмастыра алады.

Қалғаны өзіңіздің талғамдарыңызға байланысты алып барасыздар. Ал табиғат болған соң, әрине ол жерде жәндіктер, шыбын шіркейлер, масалар т.б. болатыны сөзсіз. Сондықтан, олардан қорғанатын жағатын, себетін құрылғылар алып кетіңіздер.

Бастарыңыздан күн өту қауіпі болады, сол себепті бастарыңызға киетін бас киімдер алып шығыңыздар. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәріханалық құралдар алып шығыңыздар. (дәке, мақта, перекись, зеленька, т.б.)

Әжетханалық қағаз (туалетная бумага) керек болады. Әрине неге екенін айтпасада түсінікті.

Сабын және сүлгілер де керек болады. Сейілге шығатын жеріңізде су болатын болса (көлшік не өзен), үлкен сүлгілер қажет. Сүлгілеріңіз суды жақсы сіңіретін болу керек,  басқа жағдайда салқын тиіп ауырып қалу қауіпі бар. Саяхатта қауіпсіздікті бірінші орынға қою керек.

Киімдерге келер болсақ.

Киімдеріңіз ыңғайлы әрі кешкілікке киетіндей жылырақ болу керек.

Оқыс оқиғаға дайындалу ретінде, қалық киімдеріңізді, ауыстыратын қосымша киімдеріңізді де алып шығуларыңыз керек. Егерде отбасыңыздағы сәбиді де алып баратын болсаңыздар міндетті түрде қосымша киім алып кетіңіз.

Жоғарыда айтылған кеңестерді сақтайтын болсаңыздар, демалысыңыз жоғары деңгейде болатынына кепіл бере аламыз. Есіңізде болсын табиғаттағы сейілдің ең бірінші артықшылығы, барлығы табиғатта болуы керек. Яғни дайын тамақтар алып келмеңіздер. Тағамдарды, салаттардың, кәуаптар (шашлык), балық өнімдері, барлығы — барлығы табиғатта дайындалуы керек. Себебі табиғаттағы демалыстың артықшылығы да сонда.  Егерде табиғатта демалыста, өздеріңіз мықтап табиғи өмірді сезінгілеріңіз келсе, Сулы жерде болсаңыз ағынға қарсы жүріп арғы бетке өту, таулы жерде болсаңыз тауға шығу, орман іші болса орманның ішін аралап ойындар ойнап уақытыңызды көңілді өткізіңіз. Бұл істер демалысыңызды естен кетпестей етіп қалдырады. Естен кетпес демекші Әрине фотоаппараттарыңызды ұмытпаңыздар, келесі күні достарыңмен бөлісесіздер, мүмкін мақтанышпен көрсетерсіздер, немесе жәй ғана өткен тамаша күннен естелік ретінде қалдырасыздар.  Табиғатқа шыққанда тек ер адамдар немесе тек қыз балалар болып шықпағаныңыз жөн. Өйткені бұл қызықсыз, әрі тек ерлер жүрген жерде тамақ мәселесі қиындайды, олар салат немесе басқа да тағамдарды дайындауда қиындықтар туады. Ал тек қыздар шықса, отын мәселесі, жүк тасымал мәселесі, немесе кәуап (шашлык) дайындауда қиындықтар туындайды. Сол себепті араласып шыққандарыңыз жөн.

Қалай дайындалу керек десеңіздер. Керек барлық заттарды, адамдардың жеке бастарына бөліп алыңыздар. Мысалы бір адамды алып сен тағамға жауап бересің деп, екіншіге сен кәуапқа жауап бересің, келесісіне сен ойндарға жауап бересің тағы сол сияқты. Әлде ортаға қаражат шығарып барлығын сатып алңыздар.

Сатып алуға келсек. Ыдыс аяқтарды пластиктегісін, яғни бір қолданылатындарын алңыздар, олар сіздерге арзанға шығады, әрі жеңіл.

Кеңесіміздің ішіндегі ең мағыздысы. Сейілдеріңіз біткесін арттарыңызды, табиғатты тазалап кетіңіздер. Ол үшін қоқыс салатын қаптар алып кетіңіздер, жәнеде қоқыстарды өздеріңізбен бірге алып кетіңіз не кешкі отын жағу кезінде өрттеп жіберіңіздер.  Адамдардың хаюаннан артықшылығын сезіну үшін тазалап кеткендеріңіз жөн.

Табиғатқа шығуды ұйғарсаңыз, жақсылап көңіл көтерулеріңізге, жақсы демалуыңызға, жәнеде достарыңызбен одан да қатты жақындай түсуіңізге тілектеспіз.

Бізден болған кеңестер тобы осындай.

 

 

загрузка...