Сауда. Саудаласып үйреніңіз. Саудаласа білу де өнер. Саудаласа алмауға көбіне қайыршы кейіпке түсуден немесе сатушыны ыңғайсыз жағдайға қалдырудан қорқатын психологиялық жағдай себеп болады. Шындығында тіпті де олай емес, бағаны түсіруден ұтарыңыз көп. Бір жағынан ақшаңызды үнемдесеңіз, екінші жағынан кісімен қарым – қатынас жасау қабілетіңіз дамиды. Заттың бағасын түсірттіру үшін алдымен психологиялық дайындық, сенімділік қажет. Оның мынадай ережелері бар.
Сатушыны ашуландырмаңыз, дөрекі сөйлеуден аулақ болыңыз. Сыпайы сөйлесіп, оны өзіңізге тарта біліңіз;
Бағасын түсірудің себебін дәлелмен көрсетіңіз. Мысалы, “Мына шалбар маған ұзын, дәл келсе ойланбай алушы едім, ал оны қысқарту да ақша ғой” десеңіз, қанша түсіру керектігін өзі-ақ түсінеді. Сол сияқты заттың байқаусыз кем-кетігі болса, оны да есепке алыңыз;
Сатып алғыңыз келетін бағаны ашық айтыңыз және ол сатушы ұсынған бағадан төмен болуы тиіс. Ондайда сатушымен жылы сөйлеспесеңіз, ерегістіріп алуыңыз ықтимал;
Бағасын төмендетіп берсе, келесі жолы тағы келетініңізді, таныстарыңызға айта жүретініңізді де ескертіп қойыңыз. Тегін жарнамадан шкім бас тартпайды. Сауда сәтті аяқталса, сатушының да қолын алып қоюды ұмытпаңыз.
Банкалар сынбасын десеңіз
Күз мезгілінде қияр, қызанақ тұздап, түрлі салаттар қайнатып оларды шыны банкаларға жауып қысқа әзірлік жасаймыз. Шыны банкаға салынған тағам жақсы сақталады. Алйда сол банкалар сынып қалса, тағамнан ғана айырылмай жарқат алып қалуыңыз мүмкін . Ондайда жабылған банканың сыртына жеңіл машина дөңгелегінің камерасынан қиып кигізіп қойса, банка соғылған бетте сына қоймайды. Сонда банкадағы тағамды жолға алып шығуға да, сақтауға да ыңғайлы болады.
Шәйнектің қағын тазалау
Шәйнекке қақ тұрып қалса, оны тұздалған қияр немесе қызанақтың суымен тазалайды. Сол сияқты ашыған сүтті құйып қоюға болады. Оны қақтың қалыңдығына байланысты 3-4 сағат қайнатып, алдымен суық сумен сонан соң ыстық сумен жуады.
Шәйнектегі суға бірнеше тамшы сірке суын тамызып, қақ жұмсарғанша қайнатады. Онан соң тазалағыш сыммен ысқыласа, қақтан ештеңе қалмайды.
Бір литр суға 2-3 шәй қасық лимон қышқылын салып қайнатып,сонан соң суды төгіп тастау керек. Егер қақ толықтай кетпесе осы әдісті тағы бір қайталасаңыз, қақтан ештеңе қалмайды. Соңында шәйнекті таза сумен шайып жіберіңіз.

загрузка...