Қиял. Психотерапияда қиялды пайдалану. Курсты жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …………………………………………………………………...4

1 Тарау.  Психологиядағы қиял туралы туралы түсінік және оның ұғымы...5

1.1. Қиял түрлері және олардың психологиядағы қолданысы ……………. 9

1.2. Психология ғылымындағы қиял бейнелерінің жасалу жолдары ...11

2 Тарау. Психотерапияда қиялды пайдаланудың жолдары ………………...12

2.1. Қиялдағы дара айырмашылықтар …………………………………….......13

2.2. Қиялды дамыту жолдары …………………………………………………...33

Қорытынды …………………………………………………………………...34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………………...35

Кіріспе

Қиял дегенімізсыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

2)  қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

3)  қиял адамның    өскен    ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл — қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде  алатын  орны  ерекше.   Өйткені  ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет      етеді. Ойлау  мен   қиял   бір-бірімен   тығыз   байланысты. Жан қуаттарының   осы   екеуі  де   мәселені   шешуге,   сұраққа жауап беруге қатысады.  Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік  ерекшелігі  болады.   Қиял   —  мәселені   суреттеу, жанды  көрініс  арқылы шешсе,  ойлау оны тірі  суретсіз жалпылай, ұғым, пікір,   тұжырым түрінде шешеді;

5)  адам қиялы еңбек процесінде,    іс-әрекет      үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.  Мұндағы негізгі  шарт: саналы   мақсаттың   болуы,   болашақты   болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда            ойлаумен   қатар қиял   әрекетінің   олғандығында.

Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.

Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.

Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ...

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857—1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

1 Тарау.  Психологиядағы қиял туралы туралы түсінік және оның ұғымы

1.1.  Қиял түрлері және олардың психологиядағы қолданысы

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі — түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші    сигнал    жүйесінің    қызметі    толық    тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.

Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.

Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы».

           Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,— дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл — творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет.

Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық, — өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.

Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір кітапхана» болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мүны өте дүрыс көре білген.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар тандамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Бүл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.

Ғалым үшін де творнестволық қиял аса қажет. Творчестволык қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жүмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады».

Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.

Актив қиялдың ерекше бір түрі арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.

Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.

Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840—1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл келешектің қиялы болмай, бос лағу, қүрғақ қиял болар еді. Мәселен, А. И. Куприннің «Жекпе-жек» повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсіз, қүрғақ қиял: «Ромашов өзінің бүл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын. Ол офицерлердің өктемдігінен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпін, бастықтардың ақырып-жекірген жүзін көргенде, жаны түршігетін. Тек қайдағы бір жоқ қиял басын айналдыратын кезде ғана оның жаны біраз тыншитын. «Түк те емес! Өмір әлі алдымда!» деді ішінен Ромашов, сүйтті де өз ойына масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесін кере дем алып, ілгері қарай жүріп кетті. Ерегістіргенде ертеңнен бастап кітапқа отырамын да, дайындалып академияға түсемін. Еңбек! О, еңбек етсең ойың алғаныңа қолың жетеді, тек өзіңе-өзің берік болсаң болғаны. Күні-түні жаттаймын демей, жынданған адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтиханды' үздік тапсырамын.Сонда жұрттың бәрі- ақ: «таң қалатын несі бар бұған? Мұның өнері осындай болатынын күні бүрын-ақ білгеміз. Өте қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт емес пе?» — дер. Ромашов қолма-қол өзін бас штабтың келешегі мол, оқымысты офицерімін деп санады, оның аты академиядағы алтын тақтаға жазылған. Профессорлар оның келешегі  зор деп үмттенеді, академияда қалуды ұсынады, жоқ, ол қалғысы келмейді, ол стройға бармақшы . Ротаға командашы болу мерзімін бітіруі керек, әрине, өз полкына баратынына да сөз жоқ- Міне, ол полкқа кедді — тамаша, кішіпейіл, ақ жарқьш, сүйкімді, әдепті, өткен жылдағы маневрде бас штабтан келген, болмаса суретген көрген офицерлерге үқсайды...

Бас штабтың жанып түрған офицері Ромашов қызмет бабымен біртіндеп өрлей береді. Подпоручикгің қиялында маневрлер көрінеді, ереуіддерді басуға қатысады, соғыстағы ерлік істері елестейді... «үйіне қалай келіп қалғанын өзі де сезбей қалды, қызу қиялдан есін жинап алып, өзіне таныс қақпаға, сиректеу өскен жеміс бақшасына, оның ар жағыңда, бақшаның түкпіріңде түрған кішкене ақ үйге таң қала қарады:

—Адмның басына неше түрлі ой келе береді екен-ау!— деді ол, өзіне-әзі үялғандай сыбырлап. Мойнын созып, кеудесін керіп, иығын көтеріп келе жатқан бетте, басын мойнына тыға қойды» .

Осы үзіндіде енжар селсоқ адамның психологиясы өте шебер суреттелгең. Мүндай адам жарқын болашақ үшін күреспейді, тек мойнына су кеткен кісідей мүлгіп отырады да кояды. Қиыны да, қызығы да мол өмір ондайларды қызықтырмайды, олар күрес ауыртпалықтарын, қайғы-қасірет дегендерді білмейді, қиялдағысын тілегі орындалғанға үқсатып жүре береді. Ромашов секілді адамдарды «күрғақ қиялдаушылар» деп атайды.

Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дүрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігһтің дәрмені жоқ» деп өте тауып айтқан.

 

  • Психология ғылымындағы қиял бейнелерінің жасалу жолдары

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелср (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, үша алатын самолет) қүрастырылады.

Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.

Кдял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола .

Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бсйнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелсрді жасауда гипербола көп коллапылады. Мәселен, Д. Свифтің «Гулливердіц саяхатындағы» ергежейлілердің, В. Маяковскийдің «150000000» поэмасындағы капиталистердің көсемі В. Вильсонныц бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мүнда, сондай-ақ, түтас заттың жекс бөліктерінің саны озгертілсді, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындагы көп қолды күдайлар мен жегі басты айдаһардыц бейнелері осылайша қүрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер затгардың айырмашылықтарын ескермей, оның үқсастықтарына көбірек көңіл белінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.

Қиял образдарының күрделі түрі — типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жүмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дүрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жүмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек», — дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ больш та есептелінеді. Мәселеы, «Абай» романындағы Қүнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық касиеттері бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды творчестволық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселең, агглютинацияда жеке фактілерді зертгеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да творчестволық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т. б. онша көп қолданылмайды. Творчестволық әрекетте адамдар көбінесе интуицияға жүгініп отырады.

Қиял. Психотерапияда қиялды пайдалану. Курстық жұмыс

Қиял. Психотерапияда қиялды пайдалану. Курстық жұмыс

2 Тарау. Психотерапияда қиялды пайдаланудың жолдары

2.1. Қиялдағы дара айырмашылықтар

Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмүнды келеді. Шындықка сай дүрыс қиялдай білетін адамдарда емірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға болады деген үйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі етіп жасауды үсынған. Бүған керісінше жаңа, соны нәрселерді іздеу, белгісіз нәрсені ашу, үмтылу орнына шындықтағы нәрселердің өзінің өңін айналдырып, босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесін Н. В. Гоголь «Ескілікті помещиктер» дейтін повесінде өте жақсы көрсеткен. «Кейде егер күн ашық болып, бөлмелердің іші жылы болса, Афанасий Иванович көңілденіп, Пульхерия Ивановнаға әзілдеп, онымен басқа бір нәрсе турапы сөйлескенді тәуір көретін. Адамдар бір-бірінен қиялының пәрменділігімеи де ажыратылады. Мәселен, біреулер мәселені шешуге кіріскенде соның төңірегіне бар ақыл-ойын жүмылдырады, әр сөзін ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар мәселенің түп қазығын, тарихын іздестіреді, сол мәселе жөнінде басқалармен кеңеседі, тәжірибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бір шығарма жазатын болса, өз кейіпкерлерімен іштей араласып кете алады, олар қуанса куанады, қайғырса бірге қайғырады. П. И. Чайковский «қарғаның мәткесін» жазып болып, күнделігіне: «Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жібердім деп жазған екен». Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсіз адамдар да болады. Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын окуы да бір түрлі. Ол мүндағы әдеби теңеулерге, суретгемелерге мән бермейді, әдеби суретгемелерді тастап кетіп, кітаптың тек өр жерінен «қызық» іздеп, түтас оқып шығуға шыдамы жетпейді. Өйткені қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейді, оны тез жалықтырып жібереді.

Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмүнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.

 

2.2.Қиялды дамыту жолдары

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да).

Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.

Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.

Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді.қайта қүру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бүрын санамызда елестету мен үғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс.

Кейде қүр қиялдану, мүндануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бүл — теріс пікір. Қиял — психикалық қүбылыс. Ал қиялдану мен мүндану — көңіл күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық қүбылыстар да қатысады.

Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді де қиял түріне жатқызады. Бүл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру — психикалық процесс емес. Ол үйқы  кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық қүбылыс.

Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест арқылы анықтауға болады. Мына кестедегі сан рет тексерістен өткен сүрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек.

Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Оны қиялдану немесе мұңданумен айырбастауға болмайды. Бүл ұғым өз мағынасында қалуға тиіс. Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге біраз көңіл бөлінсе де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мүндай маңызды мәселе арнайы зерттеуді керек етеді. Туысқан қырғыз халқының үлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында үшатындығымен де адам биік, адам ұлы» деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да үмытпайық.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын — бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.

Мектеп — бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мүндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дүрыс. Осы салада мүғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мүғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мүғалімнен біліп алады. Ертеңіне мүғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бүл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бүл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу,табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

Ұлылардан — ұлағат

Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін емес.

Д. Дидро

 Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.

А. Франс

 ... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.

Ғ. Мустафин

Арманмен      ойнау     қауіпті,      күйреген      арман      өмірді

бакытсыздыққа душар етуі де мүмкін.

                                                                              Д. И. Писарев

... бүрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін дағдылы іс екенін танып, қүтыла аламыз ба?

Ш. Қудаибердіұлы

Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын  жанрлардың бір түрі — ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты — тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем-эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты — сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы  заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер — қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың  ертедегі өмірінің көптеген  белгілері  сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия  сияқты  діни  наным–сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің  сюжеті мен поэтикасына, құрылымына  батырлық жырлар үлкен әсер еткен.

Ертегінің негізгі бір саласы- қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес Айыртөс батыр», «Аңщы бай», «Керқұла атты Кендебай» т.б. қиял-ғажайып ертегілерінің де өзінше мәні үлкен.

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы фантазияға құрылады. Қаһарман-

дарды  «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ай астындағы Айсұлуларды» іздеп, жеті қат көк, жеті қат жер астын шарлайды, жан баспаған қияға барады. Олардың алысатын жаулары- қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтыр-нақ, мыстан кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос күштер де болады. Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара  құс, самұрық, алты айшылықты алты аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар-адамның өршіл қиялы туғызған бейнелер.Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді жеңеді. Халық қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне сол сенім білдіреді.

«Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда , мазмұны, сюжеті, құрылысы, тіл жағынан көне заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниеге көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттын асау күштерімен алсып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, еікінші жағынан, әр түрлі дию, перілермен күресі баян етіледі.

Ертегігінің алға қойған негізі тілек-мақсаты− табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Бекторы, Темір хан,Шойынқұлақ тәрізді адамға зиян ойлайтын жауыздық иелерінен үстем шығып  оларды қалайда өздеріне  бағындыру болғандықтан, Ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Ер Төстікке жер астында кездесетін: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысарды алсақ, қайсысы болсын адам баласының  өмір-тіршілігіне керекті жандар. Өзінің әлі жетпейтін табиғат  күштерін адам баласы қия туғызған күшті адамдар арқылы бағындыруды мақсат етеді. әр түрлі жауыздықтардың ұясыболған, адам баласына қастық қана ойлайтын Бекторы, Шойынқұлақ, Темір хан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі.Ер Төстік қандай қиын-қыстауды басынан кешіріп, ақыры өз дегеніне жетеді. Халық оптимист, жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді. «Ер Төстік» ертегісі осыны көрсетеді.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі-Ер Төстіктің жер бетіне шығып, Шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешімі болып саналды.


Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер ( түрткі, себеп ) көп.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адам саны ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат – белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілермен байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қаршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесі (субектіге) айналады.

Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл – иесі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктермен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай іс — әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір – қасиеттері қалыптасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс — әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл — әрекетіне оның мінез – құлқына, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігіне, іс — әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа байқалып тұрады.

Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдай мен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезі күйлері мен іс – қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп, отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл – ой сапасы, қызығуының баста бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарыен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиолигиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады.

Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір – тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстиктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін — өзі сақтау инстиктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, өзінің мінез құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының сырын уағыздайды.

Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З.Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі – айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін. Пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А.Кординер, Е.Фромм, К.Хорни т.б. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше «жаңа Фрейдизн» деген ағымды тудырды.

«Жаңа Фрейдизн» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа Фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К.Хорни адам қоғамынан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми – материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады.

«Қажеттілік» дегенді қалай түсінеміз? Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс — әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім – тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұдай қанағаттандыру қоғамдық – даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани – мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материалдық – заттық қажеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын – үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет – журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарих дамуына орай және оларды тұтыну обьектісіне сәйкес түрлі – түрлі болып бөлінеді.

Адамның бір мұқтаждығының қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждық пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айрықша керегі де болмас еді. Адамның қоғамнан да мұқтаждығы болмаса, қоғамның алға дамып отыруы да болмас еді. Сол себептен мұқтаждық, я қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын прогрессивтік түрде өсіп, алға дамып кетуіне өте керекті күш болып табылады. Адам баласы түрлі қоғамдарда өзінің мұқтаждықтарын еш уақытта толық қанағаттандырған емес.

Қоғамның өндірістік қатынастар мен өндіруші күштері, олардың дәрежесі қоғамның түрлі мұқтаждықтарына пайда болуына себепші болып отырады. Бірақ олардың өздері адам қоғамына сүйеніп, солардан пайда болады. Адамның санасы да, тілі де мұқтаждықтан пайда болған. Бір – бірімен қатысып, байланысып отыру үшін тіл қажет. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана да, болмас еді. Бірақ тіл мен сана өздерінің дамуында адамның қажеттіліктеріне әсер етіп және қажеттіліктер пайда болдыруға себепші болып отыруы мүмкін. Адамның рухани мұқтаждықтарының негізіне материалдық мұқтаждықтар жатады. Ең алдымен, адам өмірінің материалдық мұқтаждығын  орындауға жұмыла кірісіп, әрекет етіп отырады да, сонымен бірге бара–бара ол мұқтаждықтар рухани, моральдық мұқтаждыққы айналып отырады. Мысалы, адамдарда киімге мұқтаждық пайда болған кезде адамдар өзінің денесін суықтан сақтауға әрекет етіп киім табатын болған, бірақ бұл бара – бара қоғамның дамуында бұрынғы материалдық мұқтаждықтан рухани мұқтаждыққа айналады. Адамдар бара – бара киімді өздерінің абыройын жабу үшін, кейін сән үшін де кие бастайды.

Рухани мұқтаждықтар материалдық мұқтаждықтарға негізделіп пайда болғанмен, рухани мұқтаждығына әсер етіп және материалдық мұқтаждықтардың  дамуына себепші болып отырады. Мұқтаждық, яғни қажеттілік адамның барлық әрекеттерінің қылығының себепшісі болып, оларды дамытушы күш болып табылады. Адам дүние табуда да, техниканы, өнерді, мәдениетті дамытуда болсын өзінің, қоғамның мұқтаждығына сәйкес әрекет етіп отырады. Егер адамда мұқтаждық, яғни қажеттілік болмаса, алдына мақсат қойып, істейтін ешбір әрекеті де, қылығы да болмайды. Түбінде адамның мұқтаждығы өз қылығының, әрекеттерінің негізі болып, соларды басқарып, меңгеріп отырады. Адам тіршілік етіп, әрекет ету үшін өмір сүру керек. Бірақ адам өмір сүру үшін тамақ, баспана, киім, су сияқты нәрселер қажет. Бұл жөнінде Маркс пен Энгельс «Неміс идеологиясы» дейтін шығармасында: «Адам тіршілік ету үшін өмір сүруі қажет. Адам өмір сүріп, тарихта жасауы керек. Бірақ бұл үшін ең алдымен ас, су, үй, киім және осы сияқты нәрселер қажет» дегенді айтады. Егер адамдар осы айтылған нәрселерді пайда болдырмаса, оларды жасамаса, осы айтылған мұқтаждықтарын қанағаттандырып отырмаса, адам адам болып күн көре алмай, өмір де сүре алмас еді. Жоғарыда айтылған нәрселерсіз адам өмір сүре алмайтын, тіршілік ете алмайтын мұқтаждықтар болып табылады.

Адам өмір сүруіне керекті жағдайды және негізгі мұқтаждықтарды екіге бөлуге болады: 1) материалдық мұқтаждықтар, оларға айрықша баспана, киім – кешек тағыда басқа осы сияқты нәрселер еніп отырады; 2) рухани мұқтаждықтар: бұларға адамның басқа  адамдармен қатынасын, қоғамда болуы, бостандықта болуы, өзін еркін сезінуі т.б. кіреді. Адам түрлі заң есесінде тіршілік ету үшін онда зат алмасуы қажет. Адамның ішкі дене мүшелері әрекет етіп отыруы тиіс. Егер адам тамақтанбаса, өзінен қашқан қуатты қайтарып, орнына келтіре алмайды, ішкі дене мүшелері әрекет ете алмас еді. Адам өмір сүріп, тіршілік те ете алмайды. Егер адамда баспана, үй болмаса, денесін жылыта да алмайды, суық тиіп, тоңып, өліп қалады. Сол себептен біз бұл қажеттерді өте керекті, негізгі мұқтаждықтар деп атаймыз.

Адам — қоғамның жемісі. Адамдар бір – бірімен қоғамдасып, еңбек ету арқылы ғана адам болған, қоғамсыз, еңбексіз адам күн көре алмайды. Әр уақытта адам басқа адамдармен қатынасып, солармен бірге байланыста болып, еңбек етіп отыруы керек. Егер адам жалғыз өзі болса, ол тіршілік етіп, адам қалпында қалуы екіталай, сол себептен адамдардың бірі мен бірі қатынасып, қоғамшыл болып отыру рухани мұқтаждықтарының ең керекті негізгі түрі болып табылады. Адамның көңілдегідей әрекет етіп тіршілік жасауы үшін бостандық қажет. Егер адамда бостандық болмаса, ол еркін өмір сүріп, еңбек етіп, тіршілік ете алмайды. Сол себептен адамдардың бостандығын жою, абақтыға қамау, жер аудару сияқты әрекеттер оларға берілетін жазаның ең бір қатаң түрлері болып табылады. Хайуанаттарда да мұқтаждық бар. Бірақ олардың мұқтаждықтары — биологиялық мұқтаждық. Хайуанаттардың қылығының барлығы биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған, сол себептен адамдағы тән әлеуметтік мұқтаждықтар оларда болмайды.

Жаратынды, яғни табиғи мұқтаждықтар адамда болатын биологиялық өзгешеліктермен, ағымдармен байланысты. Бірақ түбінде ол биологиялық ағымдардың өзі хайуанаттардағы биологиялық ағымдардан өзгеше. Адамның денесінде болатын биологиялық процестер даму барысында өзгеріп, адамның әлеуметтік дамуының ықпалына түскен әрекеттер болып табылады.

Адамның мұқтаждықтары бір қалыпты тұрмайды. Қоғамның өзгеруімен бірге адамның қажеттіктері де өзгеріп, дамып отырады. Егер хайуанаттардың мұқтаждығын алсақ, олардың негізгі мұқтаждақтарының жүзеге асу формалары, түрлері өзгергенмен, негізгі мұқтаждықтары өзгермей, бір қалыпта болады. Мысалы, хайуанаттардың әрекеттерін алайық, оларда тамақтану, қорғану, нәсіл қалдыру сияқты соқыр сезімдері эволюциялық дамуда өсіп, көп миллион жылдар басынан өткізгенмен, бұл биологиялық мұқтаждықтар сол бойынша өзгермей қалған. Ал адам болса, әлеуметшілік, қоғамдық тұрмыста қоғамның өзгеруімен бірге адамның мұқтаждықтары да өзгеріп, ескі мұқтаждықтары жойылып, олардың орнына жаңа мұқтаждықтар пайда болып отырады. Мәселен, бұрынғы адамдар театр, кино, түрлі операцияларды көру мұқтаждықтары болмаған, осы кезде адамдардың ол мұқтаждықтарға қол жеткізіп, қоғамның өзгеруімен бірге мұқтаждықтарының да өзгеріп отырғанынбайқауға болады.

К.Маркс пен Ф.Энгельс «Неміс идеологиясында» адамның материалдық тұрмысы олардың дамып жетілген мұқтаждықтарымен байланысты дейді. Бұл – мұқтаждықтардың пайда болуы және оларды қанағаттандыру болады. Сондықтан мұндай мұқтаждықтарды олардың түрліше қанағаттандырып, отыруы хайуанаттарда болмайды, жалғыз ғана адамда болады деген пікірді айтады. Мұқтаждықтардың жүзеге асып отыру формалары оларды қанағаттандыру жолдарымен байланысты. Жоғарыда айтылған негізгі материалдық және рухани мұқтаждықтар адам қоғамының барлық сатысында орын алса да, оларды қанағаттандыру, жүзеге асу түрлері өзгеше болып келді. К.Маркс аштықты қанағаттандырудың түрлі – түрлі жолдары болатындығын көрсетеді. Мәселен, адам ашыққанда пісірген етті пышақпен және шанышқамен жеп қарнын тойғызуы бұрынғы анайы адамдардың шикі етті қолмен, тырнағымен, тісі арқылы жұлып жеуінен өзгеше дейді. Бұл мысалдан адамдардың мұқтаждықтары бір болғанымен, қоғамның түрлі сатыларында ол мұқтаждықтарды орындау, қанағаттандыру түрлері өзгеше болып отыратындығын көруге болады.

Адамның мұқтаждықтары адамның әрекетін меңгеріп, басқарып отырады. Егер адамда мұқтаждық болмаса, адам тіршілік те, әрекет те етпейді. Сондықтан адамның бір мұқтаждықтары қанағаттанатын болса, олардың орнына басқа мұқтаждықтар пайда болып отырады. Қанағаттандарылған мұқтаждықтар орнына басқа мұқтаждықтар пайда болуы адамның әрекеттерінің, қылығының прогрессивтік түрде ғылымды, өнерді, мәдениетті т.б. әрқашан да алға қарай дамытып отыратындығын көрсетеді. Егер адамдардың мұқтаждықтары бір қалыпты тұрып, өзгермесе, жаңа мұқтаждықтар пайда болмаса, адамның әрекеті де бір қалыпты тұрған болар еді. Олай болса, тарих та болмас еді. Сондықтан тарих пен қоғамның дамуы үшін, адамның мұқтаждық әрекеттері өсіп, дамып отыруы қажет.

Адам қажеттіліктерін бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады.Еңбек – адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тілім — тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау – жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек – адамның іс — әрекетіне негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс — әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын – адамның негізгі әрекеттерінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс — әрекеті – ойын. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл – ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың мән – жайын түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, еңбек, оқу, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс — әрекет түрлері.

Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті – дағдылар, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.

Дағды мен ептілік. Дағды – адамның белгілі іс — әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, қызметкердің міндетті ісін орындауы. Дағдының қалыптасуында мақсат қою негізгі рөл атқарады. Дағдының қалыптасуы қимыл – қозғалыстар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.

Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) – белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған кез – келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.

Әдет – адамның іс -әрекетіндегі мінез – құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс — әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктің игілігіне, әдет – ғұрып, салт – дәстүрге айналып, халықтық сипат алуы мүмкін. Әдет – адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес қайталанып отыратын әрекет. Ол адамның кез – келген іс — әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбек сүйгіш, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып – шайыну — әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе көлденең кірісіп, оны бөлу — әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді.

Ниет ( мотив) – адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс — әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күйі. Қажеттілік – адамның белсенді әрекетін туындыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет – сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмытылдырады. Олар мазмұнына, нақты мақсатына қарай айқын ниет және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір – бірімен алмасуы адамның қоғамдық – тарихи жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас – ынта. Мүдде – адамның мақсаты тілекке жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім алумен шұғылданады, спортпен айналысып, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.

Ә.Ынтығу (құмарту).

Ынтығу, яғни құмарту заттардың адамға тікелей адамға әсер етуінен адамда бір түрлі қозғаулар пайда болдырудың нәтижесінен шығады. Егер адам өзі жақсы көретін тамақты көрсе, онда сол асқа құмартып, жегісі келеді. Мұндай әрекетті ынтығу деп айтуға болады. Бірақ адамның ынтығулары хайуанаттардың тамақтану соқыр сезімдерінен, яғни олардың тамаққа ынтығуларынан айырмасы үлкен. Адам өзінің ынтығуларының құлы болмай, неге құмартса, соған ерік бере бермей өзінің құмартуларын басқарып, меңгеріп бір жобаға салып отырады. Егер дәмді асқа құмартып, жегісі келіп отырған адам дәрігердің «жеме» деген ескертуі бойынша, ол бұл асты қанша жегісі келіп, құмартып тұрса да оны жемеуі мүмкін. Ал егер жануарларды алсақ, ас көрсе, айналып кетпейді, оны міндетті түрде жейді. Бұл мысалдан адам баласы өзінің құмартуларын басқарып отырғандығын көруге болады. Құмарту адамның мұқтаждығынан пайда болады. Құмарту адамның мұқтаждығын қанағаттандырудың, мұқтаждықтың пайда болуындағы бір түрлі әсері деп айтуға да болады. Кейбір психологтар құмарту биологиялық  әрекет, ол өзінен өзі пайда болады дейді. Оның мұқтаждыққа ешбір қатынасы, байланысы жоқ, олардан шықпайды, адам өздерінің құмартуларының құлы, құмартулар адамда қайта пайда болса, адам соның ықпалынан шықпайды деген қате тұжырымдарды айтады.

Құмарлық – адамның өте зор күшін талап ететін қажеттілігін орындаудағы ниеті, таным әрекетінде ол – ұнамды қасиет. Алайда, оның пайдалы және пайдасыз (жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуға, мамандықты игеруге деген құмарлық – пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну, қыдыруға құмарлық – ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.

Адамның жеке бағыт – бағдары, арманы, құмарлығы, әр – түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Ондай ерекшеліктер мән – мазмұны мен мақсат мүддесіне қарай пайдалы және зиянды сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам – табиғаттағы ең жоғарғы сатыдағы ақыл иесі ретінде жан дүниесінің құрылымы мен психикасы аса күрделі субьекті.

Б.Қызығу және мүдде, олардың дамуы.

Адам айналасындағы сан алуан заттарға ерекше көңіл бөліп, қызығып отырады. Қызығуда үлкен орын алатын психикалық әрекеттердің бірі – тілек. Адам бір нәрсені тілейді, бір нәрсені қалайды, мұның бірі мұқтаждықтан пайда болады. Бұл жөнінде Маркс пен Энгельс  «Неміс идеологиясында» мұқтаждық тілектің негізінде пайда болады дегенді айтады. Қызығу — әр уақытта адам зейінінің қызығатын заттарына, бет алып түйдектелуді керек етеді. Адам бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды эмоциялық сезімдер туғызу керек. Егер адамға заттар таңқаларлықтай әсер етпесе, онда адам ол заттарға еш уақытта қызықпайды. Адам қызығу үшін оның көңілі көтеріңкі болуы қажет. Мысалға, науқас кісіні алсақ олар сау адам сияқты әр нәрсеге қызыға бермейді, олар өздерінің ауруымен әлек болып, тек «жазылсам» екен деген мақсатты алдына қояды. Сондай – ақ қарт адамдар да түрлі заттарға, болып жатқан құбылыстарға қызықпайды, бәріне де селқос қарайды. Өйткені олардың күш – қуаттары әлсіреген. Әрине, бұл жерде қарт адамдардың қызығуы мүлдем жоқ деген ой тумауы керек. Олардың да өздеріне тән қызығуы болады. Бірақ жас адамдай өте көрнекі болып келмейді. Қызығу деп мұқтаждықты, ізгілікті қанағаттандыруға жұмсалатын, белсенді зейін мен жағымды эмоциялық сезімдер туғызатын психикалық күйді айтамыз дедік. Қызығу өте күрделі процесс. Оны жай адамның зейінінің бет алуымен теңеуге болмайды. Кейбір кезде әсер етуші заттар өте көрнекі болғандықтан, я болмаса кейбір жаңа заттар  пайда болғандықтан, адам заттарға еріксіз зейін қоюы мүмкін. Ол заттар адамға бір түрлі таңсық болып көрінуі мүмкін. Мысалы, көшеде көп адам топтанып тұрса біз не болып жатқанын білу үшін, сол топқа барамыз немесе қарап өтеміз, мұндай әрекетті қызығу деп айтуға болмайды. Бұл жай зейін бұру әрекеті болып табылады.

Адамның қызығуын оның әдеттерімен салыстыруға болмайды. Адам бір әрекетті бірнеше рет қайталап, әбден жаттығып, өзінде әдет пайда болдырудың нәтижесінен оның еңбегі бір түрлі қонымды, қиыстырулы, тәртіпті болып келеді. Мысалы, адам күнде оқуға сағат 8-ден кешікпей келетін болса немесе күнде жұмыс істейтін жеріне ерте келетін болса, оны жақсы әдет деп айтуға болады. Бірақ оны адамның қызығуы екен, сондықтан ерте тұрып, ерте келеді деп айтуға болмайды. Көбінесе жаңа заттар адамды қызықтырады, егер адам бұрын көрмеген заттарын көретін болса, оған таңырқап қарайды. Кейде оған түсінбегендіктен қызықпауы да мүмкін, сондықтан жаңа нәрсе ғана қызықты болмай, бұрынғы тәжірибемен байланысты жаңа заттар да қызық болады.

Қызығу – адамның саналы әрекеті. Адам алдына мақсат қойып, өздерінің ерік – жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылдандырып отырады. Мәселен, оқушылар оқуға қызығу үшін олар оқулықтың мазмұнын түсінулері керек. Егер олардың оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларда қызығу да болмайды. Адамның негізгі қызығуларын мына төмендегілерге бөлуге болады: 1. Мақсатты қызығу. Адам кейбір уақытта алдына бір мақсат, міндет қойса сол мақсатына жетуді қызық көреді. 2. Әрекеттік қызығу. Мұнда адам алдына бір үлкен міндет қоймай, істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай, тек атқаратын еңбегінің ағымына қызығады. Мысалы, кейбір адамдар биллиард, не шахмат ойнаған адамдарды көріп, ойынға қатысуға қызығып тұрады. Бірақ ол сол ойыннан пайда келтірейін деп, я болмаса оны ойнап бір нәтижеге жетейін деп алдына мақсат қоймаса да, уақыт өткізу үшін жаңағы айтылған әрекеттердің ағымына ғана қызығуы мүмкін. 3. Қорытындыға (нәтижеге) қызығу. Адам кейбір кезде істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп, әрекет етеді, барлық күшін соған жұмсайды. Адамның қызығуын осылайша үш түрге бөлу – шартты нәрсе.

Қызығу туралы психологтар арасында бірнеше теориялар бар. Олардың ең көрнекісі мыналар.

У.Мак Дугалл (1871—1938). Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге алып барып теңейді. Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата – анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э.Торндайктың (1874—1949) айтуынша, адамның қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерімен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әдеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі – механистік бихеоризм (қылық психологиясы) принципімен орайластырады.

Қызығу оқу – тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, балаларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойынан адамгершілік қасиеттерді енгізуде ықпалы зор. Егер баланың алдына тұтқан мүддесі, қызығуы болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмысына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді.

Қызығу нақтылы қоғамдық жағдаймен байланысты. Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды, ортаның әсерінен, үлкендердің қылықтарынан пайда болып отырады. Бала қандай әлеуметтік – қоғамдық жағдайларда тәрбиеленсе, сол қоғамның алға тұтқан мақсаттары, міндеттері нақтылы жағдайда оған әсер етіп, оның қызығуларын белгілеп, керекті қалыпқа салып, бағыттайтын болады. Осы айтылғанға орай, оқу – тәрбие жұмысында балаларды айналасындағы тұрмыспен таныстырып, әлеуметтік құрылыстың түрлі табыстарымен хабардар етіп отыру керек. Баланың қызығулары – оның жас өзгешелігімен де байланысты, сол себептен, оқу –тәрбие жұмысында түрлі жастағы балалардың өздеріне лайықты қызығулардың болатындығын ескеріп отыру қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы көбінесе ойынмен байланысты. Олар түрлі ойын арқылы айналасындағы заттармен, болмыстармен танысып отыратын болса, ал мектеп жасындағы балалардың қызығулары көбінесе оқу – тәрбие жұмысымен, мектепте жүретін түрлі пәндерді мазмұндарымен таныса бастауымен байланысты. Ересек адамдарды алатын болсақ, олардың қызығулары көбінесе іс жүзіндегі әрекеттермен, жұмыстармен, түрлі білімдердің салаларымен байланысты болып отырады. Қызығудың пайда болуы мен жақсы дамуында білім өте үлкен орын алады. Адамның білімі көп болса, қызығушылығы да көп болады. Егер мәдениеттің, ғылымның, тұрмыстың кейбір салаларымен адамның жөнді хабары болмаса, адамның қызығуы да солғын болады.

Қорытып айтқанда, баланы ел – жұрт байлығымен, туған жер – суымен, қоғамдық құрылыстың түрлі салаларымен таныстырып, қызықтырып отыру қажет. Егер балалардың Солтүстік мұзды мұхит туралы ешбір білімі болмаса, онда оның қызығуы да болмайды.

Қызығудың дамуында балалар өздерінің күшіне сенетіндей болып, өздерінің атқаратын жұмысына ынталы түрде кірісуі қажет. Бала өзінің істейтін жұмысынан бір нәтиже шығарып, табысқа жетіп отырса, онда олардың көңі – күйі де, рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады. Сондықтан бала әр уақытта істейтін жұмысына, оның беретін нәтижесіне сенімді болуы қажет. Ол үшін оларға онша қиын жұмыс бермей, қолдарынан келетін тірлікті тапсырып отырған жөн.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығулары ойын әрекетіне байланысты болғандықтан, қызығулары онша тұрақты болмайды. Олар бүгін бір нәрсеге, екінші күні екінші нәрсеге қызығуы мүмкін. Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне айрықша әсер еткен заттарға көңіл бөліп, қызығып отырады. Мектеп жасындағы (9-12 жастағы) балалардың қызығулары тұрақтала бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болады, көп нәрсені білгісі келіп, ол заттардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін түсінгісі келеді. Кластағылар өз қызығуларын іс жүзінде тәжірибелермен байланыстырып, оларды жүзеге асыра алатынын, не аспайтынын белгілеп, ескеріп отырады. Көбінесе жүзеге асатын заттарға, болмыстарға қызығады. Бұлардың қызығуы тұрақты келеді. Олар неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсатты жүзеге асыру үшін әрекет етеді, олардың белсенділігін арттырып, көңіл күйін де көтереді. Сол себептен жоғары класс оқушыларының арасында мамандық таңдау мәселесі жөнінде түрлі әңгімелер жүргізіп, балаларға әрбір мамандықтың қандай екендігін, оның айрықша өзгешелігін түсіндіріп отыру қажет. Оларды жоғары оқу орындарына алып барып, ондағы факультет, лабораториялармен таныстырып отырған жөн. Балаларды тәрбиелегенде, мынадай жайттарды ескерген дұрыс: 1. Балаларда танымдық қызығулар дами түсу үшін оқу сапасын жақсарту керек. Оқу мазмұнды, идеялы, тартымды болып келген жөн. 2. Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек. Себебі, осы арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады, көп білім алады, сөйтіп олардың оқуға деген қызығуы артады. 3. Балалардың өз бетімен дербес жұмыс істеуі жағын үйретіп, олардың оқуының, еңбегінің мәдени түрде жүзеге асу жағын қарастырып отыру қажет. Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың сабағынан артта қалмауын қарастырғаны жөн. 4. Балалардың білімі әр уақытта жүйелі түрде бағаланып отырылуы тиіс. Бағаның нәтижесін өздеріне айтып, талапты, зерек балаларды мадақтап отырған дұрыс. 5. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің оқушыға қойған қате бағасы оларға өте қатты әсер етеді, олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын, мұғалімге сенбейтін болады.

Қызығу – адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән – жайын айқын түрде түсіндірулегі жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әр қилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді. Адамның танып білу әрекеттінің қозғаушы күші ретінде қызығу мазмұнына, мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылық қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.

Қорытынды

Қорытындылай айтқанда, қиял адам өмірінде маңызды орын алады.

Қиял –адамға ғана меншікті психикалық процесс. Бұл адамның еңбек әркетімен байланысты дамыған психикалық функция. Қиялдау үшін адамның белгілі білім қоры, нақты образдар,тұрақты елестер болады.Адам әрекетінің барлық түріне қиял қатынасады. Қиялды баланың ойынан да,  оқу процесінен де, еңбек әрекетінен де  тауып алуға болады. Қиял-аса бағалы қасиет. Қиялдың эмоциялық күші тіпті үлкен. Көптеген қолы жетпей жүрген мақсатына  ойымен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап, шалдыққан жолаушы ауылын қиялымен елестеткенде, оған күш бітіп шырай түседі.

Адамның еркі де қиялмен байланысты. Қиял еңбек үстінде күшті болады.  Еңбек –тек қиял туғызушы емес, оның дами беруіне қажет процесс. өмір қойған талаптарға сай адам баласы, өзінің жан-жақты әрекетінде ғажап табыстарға жетіп отырады. Кеңес Одағы тұңғыш рет жердің жасанды серігін ұшырып, ғарыш кеңістігін игерудің негізін салды. Бұл ең алғашында тек арман, қиял еді.

Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиялдың шындық болмыспен ұштасып, адамды жаңа істерге, меңгерілген нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырып отырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Аймауытов Ж. Психология. — Алматы, 1995.
  2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. — Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. — Алматы, “Білім” 1996.
  4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік. — Алматы, “Мектеп”, 1976.
  5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы. — Алматы, 1995.
  6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе. — Алматы, 2000.
  7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. — Алматы, 2000.
  8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы. — Алматы, 1996.
  9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі. — Алматы, 1980.
  10. Тәжібаев Т. Жалпы психология. — 2000.

Жақсы сөз — жанға қуат!

загрузка...