ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың заманы болғандықтан, жаңалықтар мен ақпараттың ағымы өте зор. Осындай қарқынды ақпараттың бәрінен өзіңе керектісін еске сақтап алуға бола ма? Осы сұраққа жауапты мына кеңестерден іздеп көріңіз.

есте сақтау қабілеті

 

1. Ең алдымен өзіңізге керекті ақпараттың қандай көлемде екеніне мән беріңіз. Себебі, соған қарай Сізге уақтыңызды бөлген қолайлы болады. Ақпараттың көлемі үлкен болған жағдайда одан ең керекті жерлерін белгілеп, конспект жасап алыңыз.

2. «Жүрдім-бардым», селқос түрде оқи салмай, салмақты түрде әр сөзге мән беріп оқыңыз. Оқуға арнайы уақыт бөліңіз. Оқып отырғанда құлаққаппен яки калонкаға әуен қосып қоймаңыз, ол да Сіздің оқымақ ниеттегі материалыңызға қатысы болмаса, артық ақпарат болып есептеледі.


3. Егер ақпаратты интернеттен алсаңыз, оны арнайы жазба редакторына(Word, Wordpad және т.б.) салып, кейін ақ қағазға принтер арқылы көшіріп алып оқыңыз. Өйткені, интернеттегі парақшадан оқысаңыз жарнамалар мен суреттер Сіздің көңіліңізді алып қояды. Ал редакторға ғана салып оқитын болсаңыз, компьютеріңіздегі интернетті өшіріп қойғаныңыз жөн.

4. Көлемі үлкен ақпаратты бірден қамтуға тырыспаңыз, ол Сізді шаршатып, оқуға ықылас, зейініңізді құртады. Бірнеше бөлімнен тұратын ақпаратты толық оқу керек болса, әр бөлім сайын дем алып, таза ауаға шығып, серуендеп қайтыңыз. Ми мен көз бірі ақпаратты қабылдаушы, екіншісі қортушы болғандықтан, екеуін тынықтыруға арналған жаттығулар жасаңыз.

5. Материалды бірнеше қайтара оқыңыз. Керекті кілт сөздерді көрнекі жерлерге жазып қойыңыз. Түнгі уақытта оқымауға тырысыңыз. Түнде ұйықтап, тынығу кезінде мидағы ақпарат қорытылуы керек. Неғұрлым уақытында тамақтанып, уақытында ұйықтап, таңертең ертерек тұрып оқығаныңыз жөн.

загрузка...