Осьтік симметрия 6 сынып. Математика ашық сабақ.

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектебінің
математика пәнінің
мұғалімі
Нурмуханова Гулара Мухамметгалыевна

Қысқа мезімді сабақ жоспар
Күні:
6-сынып
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы Осьтік және центрлік симметрия
Сілтеме Интернеттен мағлұмат алу. Қосымша материалдар.
Математика (6-сынып), оқулық беті 268 – 2278
Мақсаты Симметрия туралы түсінік бере отырып, түзуге қатысты фигураларды, центрлік симметриялы фигураларды, осьтік симметриялы фигураларды және де симметриялы фигуралардың өзара теңдігін үйрену.
Оқыту нәтижесі Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді.

Түйінді идеялар 1) Интернеттен мәлімет іздеу оқушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.
2) Сыни тұрғыдан ойлау балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
3) Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.

Блум таксаномиясы 7 модуль ресурстар Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс — әрекеті
Жас ерекшеліктеріне қарай білім беру топтастыру Ұйымдастыру. Топтарға бөлу
Фигуралар бойынша топқа бөлінеді.
Диалог Мозайкалық оқыту
Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Мәліметтерді алып топтық тапсырмаларды орындайды Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.
Сыни ойлау Ой шақыру стратегиясы Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылар фигураларға қарап, қандай сан екенін өздері топта табады. Фигуралар жайлы өздерінің білгендерін топтастырады.(постер жасау)
Білу АКТ-ны қолдану Интернет, топтастыру стратегиясы I топ
II топ
III топ
IV топ
Шағын топтағы оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Жаңа білімдермен толықтырады. (постер жасау)
Есептеулерде калкуляторды қолданады.

Түсіну Сыни ойлау Оқулық, сұрақ-жауап (ашық сұрақтар) Тақырып бойынша тапсырмалар береді. Өз ойларын айтқызады, сұрақтар береді.
Оқулықтан оқып, жұппен, топпен талқылайды, сұрақтардың жауабын айтады.
Қолдану Диалог Оқулық
Тақырыптың мазмұнына байланысты бір-біріне сұрақтар қояды. Жаңа білімдерді қолданады.
АКТ-ны қолдану
сергіту Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Бейнетаспадағы әуен арқылы жаттығу жасайды.
Талдау, жинақтау Сыни ойлау Түртіп алу стратегиясы Тақырыптан тапсырма беріледі.
№ 1170, №1195 қатты әсер еткен тұстарын табады. Өз ойларын талқылап ашады.
Қатты әсер еткен жерлері.
Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне қатысты центрлік симметриялы нүктелер, яғни олар нүктелердің координаталары қарама-қарсы сандар болады
АКТ-ны қолдану Үй тапсырмасын беру. Оқулықтан есептер, тақырыпты кеңінен оқу.
№ 1172,№1196 Ережені жаттайды
Бағалау Оқыту үшін бағалау Оқушыларға критерийлер шығартады. Критерий бойынша өз-өзін бағалайды.
Сабақтың тақырыбы: Осьтік және центрлік симметрия
Сабақтың мақсаты: 1. Симметрия туралы түсінік бере отырып, түзуге қатысты фигураларды, центрлік симметриялы фигураларды, осьтік симметриялы фигураларды және де симметриялы фигуралардың өзара теңдігін үйрену.
2. Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік туғызу, алған білімдерін мысалдармен бекітіп қорытынды жасауға және ізденушілік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, табиғат
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I кезең. 1.Ұйымдастыру: Сыныпты топтарға бөлу, ынтымақтастық атмосферасын орнату
2. Үй тапсырмаларын тексеру
Тест тапсырмалары
Тест
I нұсқа
1. (-∞; 5] сан аралығының аты:
А) ашық сәуле, Ә) интервал, Б) кесінді, В) сәуле
2. Белгіленуімен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді
А) (1; 4 ), Ә) [1; 4], Б) ( 1; 4 ], В) [ 1; 4)
⦁ а-ның қандай мәндерінде бөлшегі бұрыс бөлшек болады?
А) а> 2; Ә) а≥ 2; Б) а< 2; В) а ≤ 2
⦁ Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу ........ деп аталады
А) кесінді; Ә) перпендикуляр; Б) жазықтық; В) параллель


Тест
II нұсқа
⦁ [5; 9] сан аралығының аты;
А) кесінді, Ә) сәуле, Б) ашық сәуле, В) интервал
⦁ Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейінгі интервал
А) [2; 7], Ә) ( 2; 7], Б) [ 2; 7), В) (2; 7)
⦁ Х-тің қандай мәндерінде бөлшегі бұрыс бөлшек болады
А) х<3,25; Ә) х≤ 3,25; Б) х> 3,25; В) х≥ 3,25
⦁ Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық ........ деп аталады.

А) координаталар басы; Ә)абсцисса Б)координаталық жазықтық; В) нүкте

II кезең. Білу , түсіну, қолдану
⦁ Тақырыпты ашып алу.
Парақ бетіне а түзуін сызып, оның бойымен парақты бүктеңдер.
Бүктелген парақтың сыртқы бетіне қандай да бір өрнектің жартысының суретін салыңдар.
Қағаздағы салынған суретті қайшымен қиып алыңдар. Қағаздың бүктеуін жазыңдар. Сонда қандай сурет алынды?

Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады
Симметриялы фигуралар өзара тең болады.
К К
А А1
В В1 АВ=А1В1
Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады.
Түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
Мысалы: АВС бұрышының АВ қабырғасы к түзуіне қатысты ВС қабырғасына симметриялы. Бұрыш – осьтік симметриялы фигура.
А
Д ‹АВД=30 ͦ ‹ДВС=30 ͦ ‹АВС= 60 ͦ

АВС бұрышын к түзуі бойымен бүктесек, ол
С градустық өлшемдері тең екі бұрышқа бөлінеді
Сонда к түзуі АВС бұрышының симметрия осі
к В болады

Симметрияның екінші түрі – нүктеге қатысты симметрия.
Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады
О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады.

А О В
К . . .

Шеңбер, кесінді, тік төртбұрыш – центрлік симметриялы фигура.
Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелердің координаталары қарама-қарсы сандар болады.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс: № 1170. № 1195
III кезең
Талдау.
1) Қандай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады?
2) Осьтік симметриялы фигура деп қандай фигураны айтамыз?
3) Қандай фигуралар центрлік симметриялы деп аталады?
Жинақтау.
Осьтік симметрия және центрлік симметрияның ұқсастығымен айырмашылығы неде?
Симметриялы фигуралар өзара тең болады.
Бұрыш – осьтік симметриялы фигура
Тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар.
Тік төртбұрыш, шеңбер, кесінді – центрлік симметриялы фигуралар.
Үй жұмысы: №1171, 1172
Бағалау: Оқушылар критерийлер бойынша өз-өзін бағаландырады

№ Сабақ жоспары 3ұпай 2ұпай 1ұпай Топқа сипаттама
1 Тест тапсырмаларын орындау
2 Жұптасып оқып талдау
3 Біліміңді сынап көр
4 Рефлекция

загрузка...