«Құрғақ ерін» мәселесімен көп адамдар таныс. Себебі бұл жағдай қыздар арасында да, жігіттер арасында кездеседі. Әсіресе, қыс айларында осы мәселе көп алаңдатады. Құрғақ тері қыс айында суыққа шыдамай алдымен құрғап, содан кейін сына бастайды. Тілінген орындарға вирустар түсіп, оның жарылуына алып келеді. Бұл жағдайда ерін терінің ең жұмсақ жері болып есептеледі де, қыстың аязына шыдас бермей тез жарылып кетеді.
Мұның барлығы тек эстетикалық қана емес, сонымен бірге моральдық және физикалық зияндар алып келеді. Моральдық зияны — сүйіктіңізді сүйе алмауыңыз. Физикалық — сезімталдық жоғалады да, соның әсерінен еріннің қозғалысы кезінде ерініңіз ауырып, орындары қайтадан қанай бастайды. Ерініңіздің қанауы кезінде ас ішудің өзі де жағымсыз жағдайларды туындатып, тәбетіңіз қашады.
ерін күтімі

Ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлар:

 1. Ағзаның құрғауы. Физиологиялық процесттерді орындау үшін адам ағзасына 1,5 — 2 литр сұйықтық керек (кофе емес, кола емес).

 2. Жағымсыз ауа-райы(желді күндер, суық мезгілдер, қатты әсері бар күн сәулесі, құрғақ ауа).


 3. Жағымсыз әдеттер: темекі тарту, суықта немесе желді күндері ерінді сулау; ерінді тістеу әдеті;ұзақ уақыт бойы стресс жағдайында жүру.

 4. Ыстық тамақ.

 5. Аллергиялық реакция. Мысалы, жаңа ерін бояғышқа немесе жаңа тіс жуғышқа.

 6. Организмге дәрумендердің жетіспеуі. Ерін терісіне бірінші кезекте А (ретинол) және Е (токоферол) дәрумендері қажет.

 7. Кейб3р қабылдаған дәрі-дәрімектердің ағзаңызға жақпауы.

 9. Сахар диабеті.

Құрғақ ерінді қалай емдеуге болады? Пайдалы кеңестер.

Ерін (бұл сөздің астарында бет терісінің ауыз бөлігіндегі қызғылт түсті тері жатыр). Ерін басқа терілер секілді күтімді қажет етеді. Көшеге шықпастан 15-20 минут бұрын ерініңізге ерін бояғыш жағып алыңыз. Ол сіздің ерініңіздң суықтан, күн көзінен және желден қорғайды. Малдың майы да таптырмас ем болып есетеледі.  Ерініңіздің айналасына майлы крем жағып алыңыз.

Егер сіздің ерініңізді тістеу немесе сулау секілді әдеттеріңіз болса, мұндай әдеттерден тезірек арылуыңыз керек. Бұл әдеттер сіздің ерініңізге зиян келтіреді.

Бұл айтылғандар ең басты деген кеңестер. Бастысы ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлардан қорғана біліңіз.

загрузка...