Мектеп формасын қалай таңдауға болады?
Жаңа оқу жылы басталмас бұрын мектеп құралдарынан басқа мектеп формасын да ойлап қойған жөн. Мектеп формасын қалай дұрыс таңдауға болады?
Авторы: Admin
Жарияланылған күні: 04.09.2015
Жаңа оқу жылы басталмас бұрын мектеп құралдарынан басқа мектеп формасын да ойлап қойған жөн. Мектеп формасын қалай дұрыс таңдауға болады?
5 / 5 бағалауы
Жаңа оқу жылы басталмас бұрын мектеп құралдарынан басқа мектеп формасын да ойлап қойған жөн. Мектеп формасын қалай дұрыс таңдауға болады?

мектеп формасын қалай таңдауға болады

Әзірге Қазақстаннның барлық мектептерінде арнайы тапсырыспен, арнайы түстен тұратын бірыңғай форма енгізілген жоқ. Бірыңғай стиль жоқ. Егер сіздің балаңыз формаға арнайы талап қоймайтын мектепке баратын болса, онда ата-ана мектеп формасының фасоны мен түсін өз таңдағаны дұрыс.


Ең алдымен мектеп формасы дайындалған материалға ерекше назар аудару керек. Матаның құрамы 50% табиғи және 50% синтетикалық талшықтан құралуы керек. Әрине, табиғи материалдардан дайындалған мектеп формасын киюдің өзі керемет әсер береді, алайда мұндай мектеп формалары тез қыртыстанады, өңін және бұрынғы қалпын жоғалтады. Тұтастай синтетикалық мектеп формасын алуға тағыда болмайды. Себебі синтетикалық мектеп формасынан адамның денесіне ауа бармайды, ал бұл аллергиялық реакциялар мен түрлі жағымсыз әсерлер алып келуі мүмкін. Сондықтанда 50 де 50 ұғымы осы кезге дәл келеді.

Балаға мектеп формасын қандай өлшемде алу керек екенін әрине ата-ана шешеді. Өлшемі үлкен киім алудың бір жақсы жағы — үнемді, бір жағынан үлкен киім көбіне әдемі көрінбейді, ал артынан созылып бұрын киілген киім секілді болып қалады. Ал фасонға келетін болған бұл жерде бірінші кезекте әр адамның өз талғамына байланысты. Киім дүкендерінде, сонымен бірге арнайы мектеп формасы дүкендерінде қыздар мен балаларға арналған шалбар мен юбка, көйлектер, костюмдердің көп түрі бар. Егер мектеп оқушы таңдауды ана-анасына берсе — бұл жақсы, алайда көбіне жасөспірімдер киімді өздері таңдап алғанды дұрыс көреді, себебі олар үшін алдыңғы кезекте жарасымдылық пен үйлесімділік ғана емес, сонымен қатар мода маңызды.

Егер мектеп жарғысында мектеп формасының түсі жазылмаса, онда мектеп формасының түсін өзіңіз таңдауыңыз болады. Ең дұрыс нұсқалары — жасыл, көк, қара. Таңдау жасаған кезде мектеп формасын қалай күту керектігі жазылған қағазға назар аударыңыз.

Мектеп формасы — тек бәріне міндетті атрибут ғана емес, сонымен қатар баланың өзін-өзі көрсететін, ортасынан қалай болсада ерекшелендіріп тұратын мүмкіндік. Сондықтанда балаларға әдемі, сәнді, жарасымды және денсаулығына қауіп төндірмейтін мектеп формасын сатып алу керек.

 

 

загрузка...