Көзді емдеу, көзді күту негізгі денсаулықты сақтау кепілі болып есептеледі. «Екі көзің шамшырағың»- , деп текке айтпағанын көру мүшесі ауырғанда ғана ұғатынымыз сөзсіз.Көзімнің көруін қалай жақсартсам болады  деп ойлайтын адамдар аз емес.

Көзім ауырады


Көзге балдың тигізетін пайдасы зор.Көзге күнде кешкілік бал тамызған жөн.Содан соң жейтін салаттарынызға да бал араластырып жесеңіз және шайға да бал қосып ішсеңіз грек жаңғағына бал араластырып жесеңіз де    көзге тигізетін пайдасы өте зор.Көзге шел басқанда яғни катаракта басқанда үш шай қасық  қырмызы гүлін (календула)жарты литр қайнаған суға салып тұндырып қолданыңыз.Екі сағат тұнған дәрілік тұнбаны жарты стаканнан күніне 4 рет ішкен жөн.Сонымен қатар осы тұнбамен көздеріңізді жуыңыз.Қырмызы гүлі дәрілік шөбін сығып алынған жарты қасық сөліне  осындай мөлшерде  бал қосып көзге екі -үш  тамшыдан  күніне екі рет тамызсаңызда болады.Екінші әдіс кәдімгі асқа қолданып жүрген қызылшаның  да көздің көруіне пайдасы зор.Оны күнде танертең ашқарынға жүз-жүз елу г нан жеу керек.Қызылша құрамында мырыш(цинк) көру мүшесінің жұмысын күшейтеді.Көз жасарап қызарып ауырғанда емен ағашының екі ас қасық ұнтақталған қабығын  жарты литр суда  жиырма минут қайнатып тұндырыңыз.Тұнбаны көзді жуу үшін пайдаланыңыз және компресс жасау керек.Емдік курс төрт-бес күн.Тәжік халқында көздің көруін жақсарту үшін қызыл пияздың бір-екі тамшы сөлін көзге тамызады екен.Аптасына үш рет  қызыл пиязды пайдалаңып көрсеңіз нәтижесі де байқалады.Пияздың ешқандай зияны жоқ, сондықтан қорықпай қолдана беруінізге   болады.Пияз микробтарды өлтіреді,сондай-ақ ұсақтап туралған пиязды  қайнаған ыстық суға салып жарты сағаттан соң көзді жуу үшін пайдаланудың да пайдасы орасан болмақ.

загрузка...