Курстық жұмыс қалай жазылады және курстық жұмысты қалай жазуға болады деген сұрақтар көптеген студенттерді мазалайтыны белгілі. Ендеше біз осы курстық жұмыс қалай жазылады деген сұраққа жауап беретін боламыз.

Ең алдымен курстық жұмыс тақырыбының мағынасын тереңірек, ұқыпты түсініп алыңыз. Сіздің тақырыбыңыз дәл болуы керек. Себебі егер тақырыпты дұрыс түсінбесеңіз сіздің курстық жұмысыңыз нақты шықпайды. Курстық жұмысты жазуда сізге кеңестерін айтатын жетекшіңізбен арнайы бір күнді белгілеп кездесіп тақырыпқа қатысты сұрақтарыңызды қойып алыңыз. Жетекшіңізге қоятын сұрақтарыңызды алдымен дәптерге жазып дайындап алыңыз. Курстық жұмысты безендіруге көп көңіл бөліңіз.

Курстық жұмыстың жоспарын жазуда арнайы бір реттілікті сақтаңыз. Алдымен жобамен курстық жұмыс жоспарын жазып алыңыз. Артынан өз қажетіңізге қарай өзгертуіңізге болады.

Курстық жұмысты толығырақ оқу үшін Әлеуметтік желіде бөлісіңіз!

 

 

 

Курстық жұмысты жазуға қажетті мәлімттерді іздеген кезде кітапхана қызметін пайдаланыңыз. Егер қажет болып жатса мұрағаттар мен мұражай қызметтерін пайдалануыңызға болады. Ол жерлерден сіз өзіңіздің курстық жұмысыңызға қажетті монографияларды іздеп таба аласыз. Сонымен қатар сіздің мамандыңызға немесе пәніңізге байланысты мәліметтерді тікелей ұсынатын арнайы журналдарды алып пайдалануыңызға болады. Өзіңізге ыңғайлы болуы үшін курстық жұмысты жазуға қолданған мәліметтердің тізімін жасап жүріңіз. Жалпы алғанда курстық жұмысыңыздың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін жазған кезде сізге осы жинақталған әдебиеттер тізімі өте жақсы көмектеседі. Пайдаланылған әдебиеттер немесе қолданылған әдебиеттер тізімі 25 дереккөзден тұруы міндетті.


Егер курстық жұмысыңыздың практикалық бөлімі болмаса, онда оны сәйкесінше 3-ке бөлуіңізге болады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспе бөлімінде таңдап алған тақырыбыңыздың маңыздылығын, мәнін, мақсатын толықтай жазып шығыңыз. Осы кіріспе бөлімінде қандай ғалымдардың, авторлардың еңбектерін пайдаланғаныңызды да жазып өткеніңіз жөн. Және курстық жұмысты зерттеу кезінде қандай тәсілдерді қолданғаныңызды жазып өтіңіз. Кіріспе бөлімі 1-2 беттен көп болмауы керек.

Сіздің курстық жұмысыңыздың негізгі тақырыбына байланысты негізгі бөлімді келесідей тұрғызуға болады. Ең алдымен таңдап алынған тақырыпқа теориялық тұрғыдан қарап, тарихына тоқталыңыз. Осы саланы зерттеген ғалымдарды не қызықтырды және олардың ортақ ойлары қандай болды соны жазыңыз. Курстық жұмысты жазудағы сіздің мақсатыңыз тек курстық жұмысты жазып қана қоймай, оған өз ойыңызды қосу. Сіз өзіңіздің салыстыру, таңдау, талдау, өз ойыңызды қорытындылау секілді қасиеттеріңізді көрсетуіңіз керек. Сондықтанда автордың ойы курстық жұмыста толық орын табу керек.

Курстық жұмыстың қорытындысында өз жұмысыңыздың және оның тақырыбының маңыздылығын айтып өтіңіз. Сонымен бірге оны алға қарай дамыту жолдарын көрсетіңіз. Сіздің жазған курстық жұмысыңыздың кімдерге пайдалы болатынын жазып кетіңіз.

Осыдан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімін, титул бетін және жоспарыңызды түзетіп безендіріңіз. Сонымен бірге курстық жұмысты тағы бір тексеріп қателерін дұрыстап өтуді ұмытпаңыз.

Егер курстық жұмысты жазуда үздік көмекші іздесеңіз бізге хабарласыңыз. Біз Kenester.kz сайты сізге сапалы курстық жұмыс жазып береміз.

Курстық немесе Дипломдық жұмысқа тапсырыс беру

загрузка...