Сессия мен емтиханның уақыты жақындап қалғанда, курстық жұмысты жазу үлкен мәселеге айналады. Тақырыбыңыз жақсы таңдалса да, жұмыстың жазылу сапасы жақсы болса да сізге «курстық жұмыстың безендірілуі дұрыс емес» —  деп, қанағаттанарлықсыз баға қоюы мүмкін. Сондықтанда оқудың кез келген кезеңінде де курстық жұмыстың жазылу және безендірілу жолдарын білуіңіз керек.

kursovoi

 

Сізге қажет болатындар

Курстық жұмысты дайындау және жазу туралы кафедраңыздың  әдістемесі

Мәтін редакторы

Нұсқаулықтар

Алдымен курстық жұмысты тексеріп алуымыз керек. Егер курстық жұмыстың кейбір бөлімдері жазылмай қалған жағдай болса, барлығын түзету міндетті. Мазмұны дәстүрге сай мына блоктардан тұрады:
Кіріспе.

Тарихы.

1, 2, 3 бөлім (бөлімдердің толық атаулары).

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар (автордың қалауына байланысты).

Курстық жұмыс титул бетінен басталуы керек. Титул бетінде оқу орнының толық атауы, сіз білім алып жатқан факультет, кафера жазылады. Әрбір жазылған атау бір жолға жазылады және соңында ешқандай тыныс белгісі қойылмайды.Ары қарай, жол тастап, сіздің толық аты-жөніңіз. Тағы жол тастап курстық жұмыстың тақырыбын жазуыңыз керек.  Осының барлығын ортаға жинақтайсыз. Титул бетінің ең соңғы жолына қалаңызды және курстық жұмысты жазып отырған жылды жазасыз(барлығын ортаға жинақтайсыз). Жол соңында нүкте қойылмайды.

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс қандай да бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрдегі студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Шығармашылық өрісін және тәжірибелік  қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік  ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бойынша студент курстық жұмысты орындайды.

Курстық жұмыстың жазылуының негізгі мақсаты таңдалған тақырыпты зерттеудегі мақсаттылығы мен тереңділігі болып табылады. Курстық жұмыстың орындауының міндеттері келесідей:

  • Мамандық бойынша теориялық білімнің ауқымдылылығы, қорытындылылығы және жүйелілігі;
  • Әдеби көздер мен методикалық, инструктивтік, анықтама – нормативтік және басқа материалдармен жұмыс жасауын терең игеру;
  • Жалпы материалды дұрыс жүйеленген ғылыми негізгі нәтижелер және нақты экономикалық көрсеткіштердің ұсынысы бойынша іс-әрекеттерін байланыстыра білу;

Студенттің курстық жұмыспен шұғылдануы жеке этаптардан тұрады олардың маңыздылығы мыналар:

  1. Тақырып таңдау;
  2. Қажетті әдебиетті таңдап оқу;
  3. Жұмыстың жоспарын жасау;
  4. Жұмыстың қағаз түрінде дайындалуы;

Студент курстық жұмыстың тақырыбын оқытушы  ұсынған тақырыптар ішінен таңдайды. [Гқосымша «Курстық жұмысты орындауға тапсырма »]

[ Е қосымша «Қаржылық есеп» пәнінен курстық жұмыс тақырыбының тізімі»]

Сонымен қатар келесі факторлар ескерілуі қажет:

  • Бір мәселеге қызығушылығының болуы;
  • Мәселенің болуы;
  • Жүйелі ақпараттардың басқа да объективтік және субъетивті кезеңдерді қабылдауына байланысты.

Курстық жұмыс тақырыбына сай әдебиет оқытушылардың, кітапхананың көмегімен алынады.

Студенттердің өзі курстық жұмыстың жоспарын жасап безендіреді. Дұрыс құрастырылған жұмыстың жоспары бланкілі деңгейде студенттерге түсінік тақырыптарға жалпы алғанда және ішкі қарым – қатынасты байланыстыра білу. Оқытушыдан кеңес алуға мүмкіндік береді. Курстық жұмысты дайындаған кезде және жазған кезде студенттер арнайы және периодтық деректерді терең зерттейді, статистикалық ақпараттарды теоретикалық ақпараттарды шығармашылық жағынан қабылдауды үйренеді және оның негізінде ғылыми негізделген қорытынды жасауды үйренеді. Бұның барлығы студенттерге ғылыми зерттеу және практикалық негіздерді алуға мүмкіндік береді және мазмұнын белгілі тақырыпқа жазуды үйренеді.

Жоспарға сәйкес тақырыптың мазмұнын міндетті түрде логикалық ашу керек. Бұл жағдайда ақпаратты үстіртін құрастырудан аулақ болу керек, яғни кітап сөзімен, Пайдаланылған  деректерді дәл көшірмеу керек. Өйткені курстық жұмысты орындау кезіндегі шығармашылық қасиеті жоғалады. Мәтіннің жұмысын құрастыра отырып, бөлек қаулыларды декларациялаумен шектелуге болмайлы, олардың әрқайсысын дәлелдеу және нақты фактылық ақпаратпен бекіту.

0518000 «Есеп және аудит» мамандығынан курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық 3 курс оқушыларына «Қаржылық есеп» пәнінен жазуға арналған.

Жалпы сағат  көлемі  171 сағат, оның ішінде — 20 сағат курстық жұмысты орындауға бөлінген.  0518000 «Есеп және аудит» мамандығынан курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.

Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың көлемі 20 – 25 беттен компьютерлік текстен аспау керек.

Курстық жұмыстың элементтерінің құрылымы мыналар болады:

  • Бастапқы бет (титулды парақ)
  • Курстық жұмыстың жоспары
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды
  • Пайдалынылган деректердің тізімі

Курстық жұмыстың, элементтердің құрылымына талаптар:

Титулды бет

Титулды бет курстық жұмыстың бірінші парағы болып табылады және ақпарат жүйесіне қызмет етеді, қайта қарау және ізденіс құжаттарымен қамтамасыз етеді және А қосымшамен сәйкесінше безендіреді.

Титулды бет курстық жұмыстың жалпы беттерінің нөмірлерін көрсетеді. Беттің нөмірі титулды параққа қойылмайды. [ А қосымша «Титулдық парақ »]

Курстық жұмыстың мазмұны.

Курстық жұмыстың жоспарын кіріспе, нөмірлердің тәртібі және барлық бөлімдердің және параграфтардың аты, қорытынды, Пайдаланылған деректердің тізімі, беттердің нөмірлері мен көрсету және бұдан жұмыстық элементтердің құрылымы басталады. [Ә қосымша «Кестедегі мазмұны »], [В қосымша «Мазмұны »]


Кіріспе (1-2 бет)

Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу есебі, зерттеудің пәні және объектісі, курстық жұмыстың құрылымы көрсетіледі. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрайды.

Негізгі бөлім (17-20 бет)

Негізгі бөлім мәселенің мазмұнын, орындалған жұмыстың қорытындысын және әдістерін көрсету қажет. Әрбір параграфта ақпараттың қорытындысы болуы тиіс.

Қорытынды (2-3 бет)

Қорытынды зерттеген мәселені жалпы сұраған және мәселесін қорытындылау тиіс.

Пайдаланылған  деректер тізімі. Тізім курстық жұмысты жазу барысында алынған ақпараттардың тізімін қамту керек. Пайдаланылған деректер тізімін жазғанда, мынандай кезектілікті сақтау керек:

  • Заң шығарушы және нормативтік актілер
  • Жалпы теориялық экономикалық деректер
  • Арнайы экономикалық деректер
  • Статистикалық көрсеткіштер мәліметі
  • Периодтық деректер
  • Ведомствалық-әдістемелік ақпарат.

Деректер тізімі алфавит бойынша, фамилиясы, автордың аты-жөні, шығарылған жылы, орны көрсетіледі.

2.Курстық жұмысты безендіру ережесі

Курстық жұмыстың беті, тексті, кестесі, иллюстрациясы А4 форматына сәйкес келуі керек. Терілген мәліметтер ЭВМ-нің (Microsoft Word редакторы, шрифті «Times New Roman» , кегль №14) бірлік интревалда болуы керек.

Курстық жұмысты шығарғанда келесі размерге сүйену керек: сол жақ – 30мм. кем емес, оң жақ – 15 мм. кем емес, төменгі жақ – 20 мм. кем емес, жоғарғы жақ – 20 мм. кем емес. [Б қосымша «Құжат кодының шифрін ашу»]

Курстық жұмыс жазғанда нақтылық, біркелкілік болуы керек.

Курстық жұмыстың құрылымдық  элементтерінің аттары: “Мазмұны”, “Кіріспе”,”Қорытынды”,”Пайдаланылған деректер тізімі” жұмыстың құрылымдық элементтері.

Курстық жұмыста негізгі бөлімге және параграфқа бөлу керек. Осы бөлімдердің аттары нақты және қысқа мазмұнын қамту керек.

Негізгі бөлімді және параграфты жаңа жолдан бас әріппен, асты сызылмай жазылуы тиіс.

Егер бөлімдердің атаулары бірнеше сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы жазылады. Әрбір бөлім жаңа беттен бастауы керек.

Курстық жұмыстың беттері араб цифрларымен нөмірленеді, оны барлық бетке бірдей қолдануы керек. Беттің нөмірі төменгі оң жақ  бөлімді нүктесіз жазылуы керек. Кіріспе және қорытынды нөмірленбейді.

Иллюстрацияларды ( сызбалар, графиктер, схемалар, диаграммалар) жазылған мәтіннің соңына түсіруі керек.

Иллюстрациялар әртүрлі түсте, компьютердің болуы мүмкін. Әрбір иллюстрациялар жұмыста ссылка берілуі тиіс. Қажетті болған жағдайда иллюстрацияларға арнайы атаулар берілуі мүмкін.

Иллюстрациялар араб цифрымен нөмірленеді және барлық жұмысқа бірдей қолданылады.

Кесте. Цифрлы ақпарат кесте түрінде көркемделеді. Кесте міндетті түрде айтылған мәтіннің соңына немесе келесі бетке түсіріледі. Кестелерді араб цифрларымен нөмірлеп, бүкіл жұмысқа қолдану керек. Кесте атауын жоғары сол жаққа, абзацзыз сызықша арқылы жазу керек. Кесте атауы оның мазмұнын нақты, дәл көрсету керек. Жұмыстың барлық кестесіне ссылка берілуі керек. Ссылкада оның нөмірі және Кесте деген жазу көрсетілуі керек.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптары бірінші жақта жазылуы керек, ал тақырыпшалары кіші әріппен жазылуы керек, егер олар бір сөйлемнен тұрса немесе бас әріппен егер ол өз мағынасына ие болса. Тақырып және тақырыпшалар соңында нүкте қойылмайды.

Формула. Мәтіннің формулаларын жаңа жолға жазуы керек. Формуланың жоғары және төменгі бөлігінде бір жол қалдыруы керек. Мәтіннің формуласын нөмірлеген уақытты, араб цифрымен нөмірлеп, дөңгелек жақшаға ала отырып, шеткі оң жаққа орналастыру керек.

Ссылка. Ссылканы реттілік нөмірмен, екі тырнақшаға ала отырып жазу керек.

Курстық жұмыстың ең соңғы бетінде студенттік қол және жұмыстың орындалған уақыты жазылуы керек.

3.Курстық жұмысты қорғау

Курстық жұмыс мұғалімге арнайы журналға тіркелу үшін және мұғаліммен рецензиялану (сын пікір жазу) үшін тапсырылады. [Д қосымша «Курстық жұмысты орындалғаны бойынша сын пікір»]

Рецензия кезінде болжамды баға студентке курстық жұмысты қорғауға рұқсат беріледі. Егер курстық жұмыста ескертпелер берілсе, студент оған түзетулер енгізеді.

Қорғауға жіберілмеген жұмыс қайта қаралып, талқыланады. Қорытынды баға ауызша қорғаудан кейін қойылады.

Курстық жұмысты қорғау күні және уақыты емтихандық сессияның уақытымен бекітіледі. Студент курстық жұмысты сессияның уақытымен бекітіледі. Студент курстық жұмысты қорғағаннан соң, қорытынды емтиханға жіберіледі. Курстық жұмысты орындау барысында және ескертпелер алған жағдайда да студент консультация алуға құқылы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

  1. Н.Қ. Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н. ОразалиновБухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері). – Астана: Фолиант, 2008.
  2. Р.С. Әбдішүкіров, Б.С. Мырзалиев  Бухгалтерлік есеп (оқу құралы).— Алматы, 2008
  3. А.Ныйқанбаева, Л.Қуанышова  Бухгалтерлік есеп негіздері. – Астана: Фолиант, 2008.
  4. А.Р.Абдина Бухгалтерлік есеп. – Астана,2010
  5. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов Бухгалтерлік есеп принциптері.– Алматы, Экономикс, 2003.
  6. Е.О.Нұрсейітов Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2009
  7. Р.С. Әбдішүкіров, Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев   Бухгалтерлік есеп (теориясы және тәжірибесі.— Алматы:Экономика, 2008
  8. В.П. Проскурина Бухгалтерлік проводкалар(ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. № 185 бұйрығымен бекітілген, «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының» бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). – Алматы, 2011
  9. В.П. Проскурина Бухгалтерлік есеп басынан бастап балансқа дейін(көмекші құрал). -Алматы, 2010
  10. 234 –III ЗРК. 28.02.2007 жылғы Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заң.

Курстық немесе Дипломдық жұмысқа тапсырыс беру

загрузка...