Өмірін журналистикамен байланыстырғысы келетін жастар жетерлік.Алайда өзі армандаған мамандығына қалай тапсыру керектігін,қалай дайындалу керектігін білмей жатады.Ғаламторды ақтарып,сағаттап іздесе де таба алмай,тапқан күннің өзінде түсінбей жатады көбі.Сондықтан осы постта қазақ тілінде түсінікті түрде кеңестер жазуды қолға алдым.Қарапайым əрі нақты.

1.Таңдау пəні

Тілші болу үшін таңдау пəннің еш маңызы жоқ!Физика таңдасаңыз да,биология таңдасаңыз да бəрібір!Өйткені ол пəннің балы оқуға түсер кезде ескерілмейді.Қайсысы өзіңіз үшін оңай, соны таңдаңыз.Ағылшын таңдасаңыз тіпті жақсы,себебі ағылшын тілін білген журналист əрдайым сұранысқа ие.


2.Қазақ тілі мен тарихы

Ұбт-да қазақ тілі мен тарихынан жинаған балдарыңыз ғана есептеледі(грант үшін 47-50 арасында болу керек)Сондықтан мүмкіндігінше тарих пен  қазақ тілінен барыңызды салып дайындалыңыз.

3.Емтихан

Шығармашылық емтихандар тапсырасыз,олар екеу:
#кез-келген 5 тақырып береді,соның біреуін таңдап шығарма жазу.Тақырыпты аша білуіңіз жəне грамматикалық қателерді жібермеуіңіз ескеріле келе 25-ке дейін балл беріледі.
#емтиханның ауызша кезеңінде папка дайындап апарасыз жəне қосымша сұрақтарға жауап бересіз журналистикаға қатысты.Бұл кезеңге де 25-ке дейін балл беріледі.

4.Папка

Емтиханға дайындайтын папкаңызда сол уақытқа дейін жазған мақалаларыңыз,шығармаларыңыз,мадақтама қағаздарыңыз(мүмкіндігінше облыстық жəне республикалық болу керек) болу керек.Неғұрлым көп болса соғұрлым жақсы.Қазірден бастап кірісіңіз!Тек алға✊✊✊

 

загрузка...