Не нəрсенің болса да алдымен жақсы жағын айту керек.Жатақхана өмірі кей түлектерді қызықтырса,енді бірі «студент үйінде» тұруға жүрексінеді.Осы жолы сіздерге жатақхананың артық жəне кем тұстарымен таныстырып өтсем деймін.Əрі қарай шешімді өзіңіз қабылдарсыз...

Артықшылықтары:

+Уақыт үнемділігі.Жатақхана оқу орнына жақын болғандықтан,барып келу көп уақыт алмайды.Ел сияқты таң азанмен ерте тұрып,ұйқылы ояу автобуста кептелісте тұрып келудің еш қажеті жоқ!Сабақтың басталуына 10 не 5 минут қалғанда жатақханадан шығып бара саласың.Керемет емес пе?!

+Қаржы үнемділігі
Əр жатақхананың жылдық төлемі əртүрлі,бірақ 25-30 мыңның арасында болады.Бұл жылына 1 рет төлейтін сомма!Пəтер жалдап тұрсаң айына төлейсің бұл бағаны(4,5 адам болып тұрсаң ғана).Оған жол пұлын қосыңыз.Егер ай сайын «жол жүру билетін» алсаңыз 2800 тг жұмсап отырасыз.Ауылдан қатынасаңыз ол билетіңіз онда жарамсыз,яғни тағы ақша шығарасыз деген сөз.Жол жүру билетін алмаған күнде де бірталай ақша желге ұшады.Сондықтан ойланыңыз...

+Өзіңді тəрбиелеу

Иə,бұл орында 4 жылдың ішінде өз-өзіңді əжептеуір тəрбиелеп шығасың!Əсіресе,қыз бала болсаң.Себебі мұнда ас-суыңды дайындап,киімің мен төсегіңді жинайтын анаң қасыңда болмайды.Бəрін өзің атқарасың.Басында уақыт жеткізе алмай,шаршап,жалығуың мүмкін бірақ үйреніп кетесің 1,2 аптада.Үйленіп үй болғанда анаңды жаныңа алып кете алмайсың,оған дейін өзіңді əбден шыңдап,пысық болып шығасың бұл жерде.


+Қызық күндер

Жатақхананың əр күні қызыққа толы.Өзің құрыптас қыз-жігіттермен үнемі бірге жүргендіктен өте көңілді болады.Бірігіп алып,істеп көрмеген істерді атқарасыңдар.Улап-шулап қыдырып,бірге тамақтанып,ойындар ойнап,сауық кештерін ұйымдастырып,сабаққа дайындалып,уақытты тиімді əрі көңілді өткізгенге не жетсін,шіркін?!

Кемшіліктері:

— Кезекте тұру

Жатақхананың ең бір кемшін тұсы осы болса керек.Өйткені жуыну бөлмесіне,ас бөлмесіне,дəретханаға, тағы да басқа жердің бəрінде кезекке тұруың керек.Кезекті көп күтпейсің,əрі кетсе 2,3 минут.Шыдауға болады*)

— Қатаң тəртіп

Тəртіп барлық жерде бар.Бірақ үйіңде еркелеп жүрген жақсы-ақ.Бұл жерде белгілі бір тəртіпке бағынасың.Жатақхананың ашылатын жəне жабылатын белгілі бір уақыты болады.Кешке сол уақыттан кешіксең біттің,түнейтін басқа орын іздей бер.

— Түсініспеушілік

Бір-бір үйдің еркесі жиналғандықтан əрқайсының мінезі,қылығы,əдеттері болады.Басында бір-біріне үйренісе алмай,арада түсініспеушіліктер орын алып жатады.Бірақ бір үйде тұрған соң реніштері ұзаққа созылмай,қайта татуласады.Уақыт өте бір үйдің балаларындай араласып кететіндер де  баршылық.

загрузка...