Жалдамалы пәтер құпиялары. Пәтер жалдайтын кезде риелтордың көмегіне жүгінесіз бе, жоқ па ол жеке шаруаңыз, дегенмен оларда аз ақша алмайды. Кейде хабарландыру немесе таныстар арқылы да бағасы көңілге қонымды пәтер тауып алуға болады. Алайда пәтер иесімен келіспеушіліктер бола қалса, онымен таныстырған достарыңызбен де қарым-қатынастарыңызға сызат түсуі мүмкін. Сондықтан ондай жағдайдың алдын алу үшін пәтерге кірерде иесімен жүздесіп, оның көзінше барлығын тексеріп алыңыз.

пәтер жалдау


Пәтер таңдағанда сантехниканың дұрыс жұмыс істейтініне мән беріңіз. Сондай- ақ барлық құрылғыларды тексеріп, жиһаз немесе қабырғаның бүлінген жерлері болса, пәтер иесіне көрсетіңіз. Үйдегі барлық заттарды тізімдеп, олардың қандай күйде екенін жазыңыз. Тұрмыстық техниканы қолдану мәселесін анықтап шешіп алыңыз. Пәтер иесінің құжаты мен пәтер иесі екекенін анықтайтын құжатты тексеріңіз. Сонан соң ғана келісім-шарт жасасыңыз.
Үй тонаушыдан сақтану әдісі
Үйге дабыл белгісін орнатуды кез-келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ал онсыз алыс жолға шықанда үйді иесіз қалдыру қауіпті. Ондайда бар мүмкіндігіңізше қауіпсіздік шараларын жасаңыз. Кетер кезде көршілерге тапсырып, пәтеріңізді сыртынан бақылауын сұраңыз. Үйдегі құжат, ақша, асыл бұйым сияқты бағалы заттарды туыстарыңыздың үйіне қалдырыңыз. Жақындарыңызға үйде болмайтыныңызды ескертіп, үйдегі телефонды ағытып тастаңыз (үнемі жауап бермейтін қоңырау шырылынан ұрылар адам жоқ екнін сезіп қоюы мүмкін). Ортаңғы бөлменің бір шетіне елеусіздеу етіп жарық шамын жағып қойыңыз. Ол күндіз байқалмайды, ал түнде үйде кісі барынан хабар береді. Сонымен қатар жарығы біресе өшіп, біресе жанып тұратын, біраз уақыттан кейін жарығы өзгеріп тұратын заманауи құрылғылар да бар. Ондай құрылғыны алу мүмкіндігі болса, сіздің қауіпсіздігіңізді арттыра түседі.

загрузка...