Ең бай адам қатарына қосылған және ең алғаш рет миллиард доллар тапқан «Стандарт Ойл» компаниясының негізін қалаушы Джон Рокфеллер болды. Егер сол кездегі миллиардпен қазіргі миллиардты салыстыратын болсақ, арасы жер мен көктей болар еді. Рокфеллер заманындағы 1 миллиард қазіргі кездегі 300 миллиардқа тең. Ал мұндай соманы қазіргі миллиардерлердің біреуі де жинай алмас еді. 

ең алғашқы миллиардер

 

Рокфеллер отбасы Америкаға Германия елінен келді. Себебі сол кезде Америка материгі бақытқа қол жеткізгісі келген адамдарды өзіне тартатын еді. Бұл отбасының алғашқы өкілдері шаруада кереметтей жетістіктерге жете алған жоқ. Джонның әкесі қылмыспен айналысты, Яғни жылқы ұрлап сатып отырды. Түрмеге отырмау үшін әкесі отбасымен бірге жиі жер аударатын болды. 


Джон бала кезінде және жас кезінде тек ақша табу жолдарын ойлаумен болды. Ол кішкентай бала кезінің өзінде жер жыртып картоп тазалағаннан, банкте 50$ ақшаң болғаны дұрыс екенін білді.

Кеңесті толығырақ оқу үшін Әлеуметтік желіде бөлісіңіз!

1870 жылы Джон мұнай өндірісімен айналысатын шағын кәсіп ашқанда оның жолы болды. Болашағынан үміт күттірмеген жай ғана компания 20 жылдан кейін 10 миллион табыс алып келді, ал 1901 жылы Рокфеллер 200 миллионның иесі болды. Көп ұзамай алғашқы миллиардер атанды. Джонның капиталы компанияның таза пайдасымен өлшенген жоқ. Дегенменде жай ғана менеджер осыншама пайда табады деп кім ойлаған. Рокфеллер өзінің арманын орындады. Ол миллиард доллар тапты. Бірақ 100 жас жасаймын деген арманы орындалған жоқ. Бар болғаны 2-ақ жыл жетпеді. 1937 Джон Рокфеллер қаза тапты.

загрузка...