Джинсы туралы мәлімет бере кетсек джинсы материалыныан тігілген киімдрдің көптеген елдерде сұранысқа ие екені белгілі.

Қазірде үлкен-кішісі жаппай қолданатын джинсыды алғаш рет 1853 жылы америкалық кәсіпкер Леви Страуссков байлар мен алтыніздеушілерге арнап ойлап тапқан. Алғашында көкнәр қынабынан тігілген джинсы 1960 жылдары дүниенің әр түкпірінде сәнге айнала бастаған кезде оның материалы мақтаға ауысқан.

Тарихта еуропалықтардың джинсыға ұқсас материалдардан киім кие бастауы біздің заманымыздың 300-ші жылдарынан басталады. Франция мен Итальяның киім тігушілері өздерінің топтамаларында қазіргі джинсы материалынан жасалған шалбарларға ұқсас киімдер обастан болған. 19-шы ғасырда күллі Американы жаулап алған джинсы текқана жұмысшылардың,  теңізшілердің,  қарапайым шаруалардың тастамайтын киімі болған. Әлі күнге дейін джинсы киімдерді бояуға ең берік бояу индиго пайдаланылады. Ең алғашқы джинсыдың бағасы 1 доллар 46 цент тұрған.  Джинсы киюшілерге арналған 5 ереже

аиу-         Джинсыды аса ыстық суға жууға болмайды. Оны жууға 40°С жылылықтағы су жеткілікті.

—          Ақ түсті джинсыларға болмаса, боялған көк және қара түсті джинсыларға ағартқыш сұйықтық пайдалануға болмайды. Жуған кезде сірке суын қоссаңыз артық етпейді.

—          Кір жуатын машинаға салар кезде теріс айналдырып, түймесі мен сырғымасын салып қойыңыз.

—          Джинсыды жуғаннан кейін күн көзіне қойып кептіруден аулақ болыңыз.

—          Кеппеген, дымқыл джинсыды киуге болмайды. Тізесі мен бөксе тұсы созылып кетеді. Сондықтан кеппеген джинсылардың созылатын жерлерін үтікпен бастыруға кеңес береміз. Джинсы киімдерді жуу мен кептіру

Әдетте қымбат джинсыларды хауыздың немесе душтың ішіне салып, щеткамен ысқылап жуған дұрыс. Киімді емес, щетканы сулау керек.

Әсіресе созылып кететін тізе, бөксе тұсын щеткамен жақсылап ысқылау қажет. Джинсы киімдердің қалта тұсын жуған кезде аса сақ болған дұрыс.

Джинсы киіміңізде теріден жасалған қосымшалар болса, киім кепкен соң теріден жасалған тұсын глицеринмен сүртіңіз.

Әбден кепкен джинсы киімдер қатты болады. Қатты киімдерді ұнататын болсаңыз, үтіктемеуге болады. Ал денеге жұмсақ, ыңғайлы болғанын қаласаңыз, бумен үтіктеп киіңіз.

Қызықты деректер


Джинсы матасын «деним» деп атайды, оның француз тілінен тікелей аудармасы – «нимнен жасалған» деген мағынаны білдіреді.

Джинсы шалбарлардың атаулары – «макарон», «сыбызғы», «пирамида», «түтік» «техас», «банан», «резеңке», «мальвина», «бермуд», «темекі» т.б.

Джинсы тігуге бар болғаны 5 сағат уақыт: өнімді тігуге 10 минут, жууға 3 сағат, қиюластыруға 2 сағат кетеді.

Хиппи қозғалысы, рокерлер сияқты өтпелі жастар қозғалыстары болмағанда джинсы сәнге айналмас еді.

26 ақпан – халықаралық джинсы күні.

джинс

Материалының құпиясы – ерекше тоқылуында. Сыртқы жіптері боялады, ішке қараған жіптері боялмайды.

Алғашында индигодан жасалған бояуды күлге араластыратын болған. Ондай джинсылар арзан, қарапайым адамдарға арналған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше сұранысқа ие болған джинсыларды тек соғысқа қатысқандарға ғана сатқан екен.

Джинсы сәнінің дамуына ерекше үлес қосқан хиппи қозғалысының арқасында джинсы материалынан жалаушы да жасалған.

Америкалықтар дүкенге барып джинсы таңдамайды. Олар сол дүкенге барып, өз өлшемдерін компьютерге түсіреді, үш аптадан кейін джинсы киімі үйіне жеткізіледі.

Джинсы-рекордтар

1946 жылы 20 жастағы Роберт Хюджес салмағы 700 фунт болатын джинсы комбенизон киген.

Ең кішкентай джинсылар – Барби мен Кена қуыршақтарына арнап тігілген классикалық үлгідегі киімдер.

Жапонияда джинсы материалынан жасалған ковбой күртесі 8 500 долларға сатылды.

25 мамыр 2001 жылы бәссаудаға түскен ең ескі «Levi’s» джинсы киімі 46 мың 532 долларға сатылған. Джинсы осыдан 120 жыл бұрын Сан-Франциско қаласында тігілген екен.

Перу тігіншілері ұзындығы 42 метр, салмағы 2 тонна болатын ғажайып джинсы тікті.

2009 жылы литвалық министрліктердің кейбірінде «джинсы жұмасы» атты заң шыққан. Бұл күні қызметкерлерге жұмысқа джинсымен келуге рұқсат етіледі.

Индонезияның кейбір провинцияларында әйелдерге джинсы киюге тыйым салынған. Ол жақтағы дүкеншілер әйелдерге арналған джинсы киімдерін сата алмайды.

Джинсы өндірушілер джинсыларды тігу мен оларға арналған тастарға жылына 2 миллион доллар қаржы жұмсайды. Тастар Түркия, Грекия және Мексика елдерінен жеткізіледі.

2009 жылы «Levi Strauss&Co» фирмасы қалтасында құлаққа қыстыратыны, компьютерге жалғағышы қоса тігілген джинсы шалбарлар ойлап тапты.

Қазіргі уақытта дүниежүзінде 2.500.000.000 «көк түсті» джинсы шығарылған.

Денеге жабысып тұратын, тар джинсылар сәнге айналған кезде кейбір сәнқойлар душтың астына джинсы шалбарларын киіп тұратын болған. Судан шыққаннан кейін джинсы шалбарлар денемен дене болып тұра қалады екен.

Бірдей джинсы жұбы болмайды.

Дүниежүзінде  бірде-бір тұрғыны джинсы кимейтін ел жоқ.

загрузка...