Деректер базасы көмегімен кассир жұмысын жеңілдету. Ақпараттық жүйелер күннен күнге дамуда. Олар өз дамуында уақытпен жарысып, алдыңғы қатарға шығуда.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ 4
ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ ҮРДІСТЕР ЕРЕКШЕЛІГІ 4
1.1 Бизнес-үрдістердің құрылымдық моделі 4
1.2 Жобаланатын БҚ сыртқы ортасы 8
1.3 Жобаланатын БҚ құрылымдылығы 8
2. АРНАЙЫ БӨЛІМ 9
ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ 9
2.1 Деректер базасы 9
2.1.1 Деректер базасының жан-жақты қолданылуы 10
2.1.2 Деректер қорын пайдаланудағы деңгейлер 10
2.1.3 Деректер базасы администраторларының құрамы 11
2.1.4 Деректер базасы администраторының байланыстары 12
2.1.5 Жобалауда Деректер қорын қолдану 13
2.1.6 Деректер базасын жіктеу 14
2.1.7 Деректер базасының жұмыс режимі 15
2.2 MySQL деректер базасы 16
2.3 Apache Web-сервері 17
2.4 HTML — гипермәтіндік тіл.18
2.4.1 HTML қасиеттері 18
2.4.2 HTML тілінде қолданылатын командалар 18
2.4.3 Tег атрибуттары 19
2.5 PHP интерпретаторы 19
2.6 РhpMyAdmin 20
2.7 Notepad++ 20
2.8 ER – диаграмма 20
2.10 Деректер базасын MySQL-де құру 21
2.9 Бағдарламалық қамтаманың сипаттамасы 22
2.9.1 РНР арқылы web-қосымша құру 22
2.9.2 Тіркеуден өтетін форманы құру 23
2.9.3 MySQL мен PHP арасына байланыс орнату 26
2.9.4 Деректерді Web-интерфейс арқылы экранға шығару 27
2.9.5 Кестелерге деректер қосу 28
2.9.6 Деректер базасында деректерді өзгерту 28
2.9.7 Деректер базасындағы кестелердің деректерін өшіру 30
2.9.8 Кестелердің деректерді баспаға жіберуі31
2.10 Деректер базасындағы театр қызметіне жаңа жол қосу үшін жаңа кесте құру 33
3.ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ 34
3.1 Объект құрылысын техника-экономикалық негіздеу 49
3.2 Өндірісте автоматтандыруды жүргізудің экономикалық тиімділігін есептеу 51
4. ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 53
4.1 Өндірістің зиянды және қауіпті факторларын таңдау 54
4.2 Санитарлық техникалық іс-шаралар 55
4.3 Еңбек шартының анализі 58
4.4 Жарықтандыруды есептеу 65
4.5 Өндірістегі шу 66
4.6 Жабдықтарды құру, жөндеу кезінде техникалық қауіпсіздік 67
4.7 Электр қауіпсіздігі 69
4.8 Өртке қарсы іс-шаралар 70
4.9 Төтенше жағдай кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі 72
4.10 Желдету жүйесін есептеу 74
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76

Кіріспе

Ақпараттық жүйелер күннен күнге дамуда. Олар өз дамуында уақытпен жарысып, алдыңғы қатарға шығуда.

Өзінің кең мағынасында ақпараттық жүйе техникалық, бағдарламалық және ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруда  адамдарға өз кезегінде қызықты ақпараттар бере алу мақсатындағы қызметші мен жүйенің өзара байланысы.    Қазіргі таңда адамдар үшін уақыт маңызды болып табылады, сондықтан да ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер қызметкерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында көптеген бағдарламалар әзірлеуде. Жүйенің жұмысы адамның жеңіл жұмыс істей алуына негізделген. Соған байланысты қарастырып отырған тақырыбымыз да өзекті болып табылады

Театр өзіне ерекше әлемімен тартады. Қазіргі кезде театр, спектакльдер мен билеттер жөнінде ақпарат алу үшін адамдар кассаға өтіп, қарапайым ақпараттық жүйемен қамтамасыздандырылған кассир көмегімен керекті ақпараттарды ала алады.  Ол кассир жұмысын жеңілдетеді және көп уақыт алмайды.

Кассир жұмыстары әзірленген бағдарлама көмегімен айтарлықтай жеңілденді. Олар тек қажетті сұратулар бойынша ақпаратты енгізеді де тышқан көмегімен таңдап тұтынушыларға деректерді бере алады.

Бұл жұмыста театрдағы касса жұмысының тиімділігін арттыру ұсынысын әзірлейміз.

Театр құрылмын қарастыратын болсақ, қызметі мен қолайлығы және соған сәйкес бағасы да әр түрлі болатын орындар болады. Орындардың типтері:


— A (VIP) — тамашалауға өте ыңғайлы қымбат орындар;

— B (Comfort) — А орындарына қарағанда бағасы да, тамашалау қолайлығы төмендеу;

— C (Normal) – ешқандай ерекшелігі жоқ, айтарлықтай үнемді орындар. Театрда көрермендер орындарына есеп жүргізіледі.

Билет алғысы келетін тұтынушылар сеанстың уақыты мен көрермендер орнының типін анықтап, билет құнын төлеуі қажет.

Кез келген көрермендер орнының номері болады, сол номер арқылы ол орынның бос, я болмаса бос емес екендігі анықталады.

Сонымен қатар театрда билеттерді алу үшін алдын ала тапсырыс беруге де болады. Театр қызметі төменде көрсетілгендей сипатталады:

—          Билет сату;

—          Көрермендер залында орындардың толуын бақылау;

—          Театр репертуары жөніндегі ақпаратты беру;

—          Билетке алдын ала тапсырыс жасау немесе ол тапсырыстан бас тарту;

—          Билетті қайтарып беру.

Ақпараттық Жүйелер ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әзірленеді, қазіргі таңда ол әр бір салада қолданылады. Театр каасасының ақпараттық жүйесі мәдениет саласына жатады. Ол  ақпараттарды сақтау үшін және өңдеу, іздеу, сұратулар жасау үшін арналғандығын осы жұмыста талдап қарасытаратын боламыз.

Дипломдық жобаның өзектілігі: кассир жұмысын жеңілдетіп, жұмыс уақытын үнемдететін театрдағы кассир қызметін өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру болып табылады.

Бұл дипломдық жобаның мақсаты: Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрына кассир қызметіне көмекші және ақпаратты автоматты түрде өңдейтін ақпараттық жүйе құру болып табылады. Ол модель көріністен берілген әр репертуар бойынша жұмыс жасау жоспарын негізгі ақпараттық ағым талдауына негізделген форма түрінде құралып, нәтижесінде кассир қызметін жеңіл құруға көмектесетін инфлологиялық модель шығады Ал мәліметтер базасында спектакль, репертуар, билет құны, зал жоспары, жайында мағлұматтар сақталады. Мультимедиялыық ақпаратты стандартты құжаттарды формаландыру HTML (HyperText MarkUp Language) мен РНР тілдері негізінде жазылады.

Алдыға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын тапсырмалар:

  • Пәндік аумақтың талдауы
  • Мағлұмат жинау мен оны талдау
  • Бағдарламаларға шолу
  • Мәліметтер базасының құрылымын жобалау
  • Ақпараттық жүйенің құрылымын жобалау
  • Ақпараттық жүйенің кодталынуы
  • Ақпараттық жүйе жұмысын тестілеу. Нәтижелерін талдау
  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйе түсінігі, кіріспе

Дипломдық жоба құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда негізгі түсініктер мен анықтамалардан құралған, екінші тарау мәліметтер базасы жобалау бөлімінен және бағдарламаларға шолудан құралған, ал үшінші бөлімде негізгі программаның орындалуы жайында және төртіші тарауда экономикалық тиімділікті есептеу, еңбекті қорғау мен өмір сүру қауіпсіздігі, программаның іске асуы, техникалық тапсырмалардан тұрады. Жалпы жобаның көлемі 99 беттен құралған, оның 71 беті негізгі мәтіннен, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған, 21 сурет, 28 кесте және 4 сұлба бар.

Курстық жұмыстың толық нұсқасын Kenester.kz сайтының әкімшілігінен сұрап біле аласыз.

Курстық немесе Дипломдық жұмысқа тапсырыс беру

загрузка...