ВКонтакте сайтында қалай топ ашамын? Иә, ағайын қазіргі таңда әлеуметтік желілерде отырмайтын адам жоқтың қасы. Соның ең танымалдары америкалық Фейсбук пен ресейлік ВКонтакте болып отыр. Бұрынғы кеңес одағы елдері Фейсбуктен гөрі ВКонтактені құп көретіні тағы бар. Бүгін «ВКонтакте сайтында қалай топ ашамын?» деген сұраққа толық жауап беретін боламын. Кеттік...

Сіз ВКонтактеде топ ашуға бел буғанда ең бірінші міндетті түрде оның тақырыбы мен не туралы жазатыныңызды шешіп алыңыз. Өйткені ол жерге кіргенде сізге әр түрлі топ түрлерін ұсынатын болады. Олар «Публичная страница», «Открытая группа», «Мероприятие». Осы үш түрі сізге қызмет ететін болады. Енді әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек.

«Открытая группа» — аты айтып тұрғандай ашық топ. Бұл бұл жердің басқа түрлеріне қарағанда артықшылықтары көп. Мысалы сіз өз тобыңызды қалағаныңызша сәндей аласыз. Фотошоптың көмегімен мәзір қоя аласыз. Көбінесе бұл бір ойлы біршама адамды жинау мақсатында, пікірталас (дискуссия) жасалынады, қалаған қатысушыларыңызды өшіріп тастай аласыз және аталған түрлердің (вид) ең қолайлысы десекте болады. Тағы артықшылығы ашық топты өз еркіңізбен «жабық» топқа айналдыра аласыз, бұл көбінесе порнографиялық мақсатта жүзеге асырады.

«Публичная стрница» — бұл парақшаны ашсаңыз сіздің жазғаныңызды кез-келген адам, сіздің парақшаңызға тіркелген, тіркелмеген немесе жай ғана Google-ден тауып алып кірген адамдар оқи алады. Яғни барлығына бірдей жария болады деген сөз. Бұл парақша көбінесе танымал бір адамдар, компаниялар, сайттардың қосымша құралы ретінде ашылып жатады немесе жаңалықтар таратуға әбден қолайлы. Кемшілігі парақшаңызды қалағаныңызша әрлей алмайсыз, ұнамаған жазылушыларыңызда өшіре алмайсыз.

«Мероприятие» — бұл уақытша бірлестік. Сіздер қалада немесе ауылдық жерледре бір үлкен шараны ұйымдастырғыңыз келсе бұл таптырмайтын құрал болмақ. Алайда шара әбден соңына жеткенде сізге бұл топтың керегі шамалы.


Енді, топ ашу үрдісіне тоқталайық. Ең бірінші сіз міндетті түрде осы ВК сайтына тіркелуіңіз қажет. Осы мақаланы оқып отырған адам ВК-да бар екеніне күмен келтірмеймін. Жарайды, келесі сіз өз парақшаңыздың «Мои Группы» деген бөлігіне өтіңіз. Ол жерде сіз тіркелген немесе жазылған топтарыңыз шығып тұрады. Сол жерде жоғарғы бөлігінде «Создать сообщество» деген батырманы көресіз. Басыңыз және кішкене терезені көретін боласыз. Бұл жерге тобыңыздың атын, қандай топ ашқыңыз келетінін көрсетесіз.

Мысалы біз «Публичная страницаны» таңдайық. Сосын сізді «Создание официальной страницы» деген парақшаға жібереді. Ол жерде төрт бірдей түр таңдай аласыз. «Место или небольшая компания», «Компания, организация или веб-сайт», «Известная личность или коллектив», «Произведение или продукция». Яғни қандайы сізге ұнайды сондайын таңдаңыз. Егер сңз сайтыңыздың ВК-дағы парақшасын ашқыңыз келсе, онда «Компания, организация или веб-сайт» деген бөлікті таңдаңыз және ережемен келісетіндігіңізді көрсетіп әрі қарай өтіңіз. Әрі қарай парақшаның баптауларына өтіп кете барасыз, осы жерге тлығырақ тоқтай кетсек.

1.Название — парақшаңыздың атын осы жерде өзгерсеңіз болады.

2.Адрес страницы — қалағаныңызша парақшаңыздың мекен-жайын өзгертесіз. Яғни сілтеме арқылы келгенде қолайлы болу үшін. Атын тере бастағанда автоматты түрде қасында бұл мекен-жай бос не бос емес деп шығып тұрады.

3.Категория — санаттар. Бұл жерді таңдамай кетсеңізде болады. Егер парақшаңыз белгілі бір санатқа ғана бағытталса онда бос қалдырмағаныңыз жөн.

4.Описание сообщества — парақшаңыз не туралы, не жазасыз қысқаша түсініктеме беріп өтіңіз.

5.Веб-сайт — сайтыңыздың болса мекен-жайын көрсетіңіз.

6.Дата основания — парақшаңыздың құрылған күні, айы,жылы.

7.Обратная связь — бұл жерде пікір қалдыру жүйесін (комментарий) өшіріп немесе қосып отыра аласыз.

8.Экспорт в Twitter — твиттер етене, бірігіп жұмыс жасау. Ол үшін Твиттерге тіркелуіңіз қажет.

9.Дополнительные разделы — фотоальбом, аудио,видео,контакты сияқты бөліктерді қосып немесе өшіре аласыз.

Болды, сіздің парақшаңыз дайын. Енді сурет қойып парақшаңызды пайдалы нәрселермен толтыра берсеңіз болдаы. Ал сіздердің назарларыңызға қысқаша суретпен көрініс берейін.

загрузка...