Бояулар әлемі. Сенімді қорғаушы. Nina Ricci қоректендіргіш сүтігені (молочка) теріні жұмсартады. Әрі әжімденуден, қартаюдан сақтайды.
Оны өзге сүтігендердей жағынасыз.
Жуыгуға арналған май. Біз әртүрлі арнайы сұықтықтармен және сабынмен жуыну арқылы терінің нәзік терісін құрғатып алып жатамыз. Мұндай жағдайда не істеу керек? Ол үшін Nivea-ның денені жууға арналған мына майымен жуыныңыз. Бір рет жуынғаннан кейін теріңіздің қалпына келгеніне көз жеткізесіз.
Зиянсыз өңдеу. Көздің маңайындағы тері өте нәзік болып келеді. Сондықтан да оған жағатын косметика жұмсақ әрі зиянсыз болуы керек. Біз ұсынып отырған Diademine-нің лосьоны көздің маңайындағы макияжды сүртуге арналған. Ол теріге ешқандай зиян келтірмейді.
Майда тері. Теріні жұмсартып, майландыратын “Ива Роше” фирмасының кремі қарайып, қатайған теріге таптырмайтын сый. Терінің табиғилығын сақтауда оның пайдалылығы мол.
Арпа тонигі. Мына тоникті кез келген бетке жағуға болады. Бір ас қасық арпаға 200 мл ыстық су құяды. Оны 15 минут қайнатқаннан соң оттан түсіріп, суығанша қоя тұрады. Кейін оы бөтелкеге құйып, үстіне бір ас қасық сұйық май және төрт тамшы лаванданың эфир майын қосады. Жақсылап араластырған соң жуынған бетті нәрлендіру үшін жағынасыз.
Бетке арналған компресс. Тез қызаратын сезімтал бетке арналған компресті төмендегідей жолмен әзірлейді. 2 ас қасық арпа жармасына ыстық сүт құйып, суығанша қоя тұрады. Кейін ондағы жарманы дәкеге сүзіп алып, бетке жайлап жағады. 15-20 минуттан соң бетті салқын сумен жуады. Компресті бетке 2 күнде бір рет жасаған жөн.
Арпа жармасының маскасы. Аталмыш маска тек майлы бетке арналған. Оны жасау үшін 50 г арпа ұнына 1 ас қасық томат шырыны мен жұмыртқа ағын қосып қасықпен араластырады. Кейін оны миксермен тағы араластыру керек. Оған 1 тамшы түймедақ немесе сандал ағашының эфир майын қосады. Дайын болған масканы бетке жағып, 15-20 минут ұстағаннан соң салқын сумен жуады.

загрузка...