Биология өте қызық пəн болғандықтан оны таңдайтын түлектер тым көп.Менің сыныптастарымның жартысы осы пəнді таңдаған еді.Дегенмен биология сан салаға жол ашады деуге болады!Дəрігер ме,психолог па,мұғалім бе,таңдау өз еркіңде!Осы мамандықтарды болашағымен байланыстырғысы келетін түлектерге аз-маз кеңесімді айтсам деймін.Пайдасы тиіп жатса,қуаныштымын😊

1.Тест
Тестпен дайындалуды бірінші қойған себебім,құрбымның айтуы бойынша(ол био таңдаған еді) өте өте жақсы көмектеседі екен.Нағыз ұбт да сол тесттердің ішінен 85% сұрақтар келеді.Ал қалғаны жаңа сұрақтар.Жыл сайын таңдау пəндерінің сұрақтары біршама жаңаратыны бəріне мəлім.Бірақ ол сұрақтар да айдаладан алынбайды!Кішкене логикаңды қоссаң жетіп жатыр.Жауап беруге болады.Төмендегі суретте көрсетілген тест кітапшаларын жинап ал!Қай жылғы болса да!Ескі болса  тіпті жақсы,сұрақтары күрделі болып келеді.Əсіресе 2013 тікі...

тест кітап 2016


тест кітап 2015

 

 

2.Кітап
Оқулықтан кез-келген сұрағыңа жауап ала аласың.Сондықтан бір қарап  шолып шығуыңа болады.Бірақ биологияны дəл əдебиет сияқты оқудың қажеті жоқ😅

3.Вип
Бұл-шпордың аты.Оның үлкен жəне кішкентай түрлері болады.Бағасы 500 теңге ғана.Ал пайдасы...керемет!👍👍👍Төмендегі суретте қазақстан тарихы пəнінің вип шпоры көрсетілген.Биологиянікі де дəл сондай.Менің байқағаным,ол шпорда бүкіл 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқулықтардың материалдарын түгелдей қамтыған!Ішінде сызбалар,кестелер,биологиялық есептердің шығарылу үлгісі бар!Əр сөзге жеке анықтама берілген.Оны да жаттап алсаң,пайдасы мол.Тағы бір айта кететін жайт ол шпормен 25 балл шығара аласың...сынама тестілеуде.

Əзірге осы!Биологиядан  тек жаттай бер,ерінбей жаттай бер!Сонда ғана жақсы нəтижеге қол жеткізесің!Сəттілік,жас түлек!✊✊✊

загрузка...