Балкон. Балконды әсемдеп, баққа айналдыру сондай қиын шаруа емес. Бақты бір түсті гүлдермен немесе көк шөппен безендірген сәнді көрінеді. Балконның қабырғаларын жасанды шөптер және гүлдермен әсемдейді. Ал өсімдіктерді таңдағанда балконның ерекшеліктерін ескерген жөн. Мысалы: бақтағы қарапайым өсімдіктер балконда керемет әдемі көрінуі мүмкін, алайда балконға өсірген өсімдіктің тамыры мұздап келесі жылға жарамай қалады. Көпжылдық өсімдіктерге арнайы суыққа төзімді, қардың суреті бар керамика ыдыстар алу керек. Сондай-ақ балконға қоятын өсімдікті өсірілген ыдысымен қоса алған тиімді. Ондайда өсімдік басқа ортаға тез бейімделеді.


балкон
Балконға гүлдейтін овімдіктермен қатар биік бұталы шөптерді орналастырса әдемі көрінеді. Олардың қатарына: арша, сауырағаш (кипарис), кішкентай раушан гүлі ағашы, жапонгүлді жатқызуға болады. Өсімдіктермен қоса әдемі аксессуарларды үйлестіріп орналастырсаңыз, бақтың сәні арта түседі. Аксессуарлардан балауыз шам, қоңырау т.б. ретін тауып әсемдей аласыз.

 

загрузка...