Ашық сабақтар сайты арқылы қазіргі таңда барлық пәндер бойынша ашық сабақтарды іздеп табуға мүмкіндік ашылған.
Ашық сабақтарды өткізу тәжірибесі бүгінде білім саласында кең етек алып келе жатыр. Жаңашылдыққа ұмтылатын мұғалім үшін сабақты тиімді тәсілмен ұйымдастыру жолын ұсыну өзінің тәжірибелік деңгейін көрсетеді. Ашық сабақты өткізу педагогикалық тәжірибемен бөлісуге және білім беру саласында инновацияны үгіттеуге мүмкіндік береді.

Сізге керегі
— пәніңізге арналған оқу құралдары;
— нұсқаулық;
— сабақтың конспект жоспары;
— білім берудің техникалық құралдары.

Нұсқаулық

1. Мектеп әкімшілігімен және методикалық кеңеспен ақылдаса отырып ашық сабақты өткізу күнін белгілеңіз. Ашық сабақты өткізу күнін алдын ала біліп алыңыз және ашық сабаққа қатысуға ынталы адамдарды алдын-ала ескертуді ұмытпаңыз.

2. Ашык сабактың тақырыбын, мақсаты мен практикалық тапсырмаларын анықтаңыз. Дайындық жасау кезінде әсіресе қолданылатын материалдарға көп көңіл бөлгеніңіз жөн. Егер ашық сабақты өткізу барысында техникалық құралдарды қолданатын болсаңыз, олардың жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізу үшін өзіңіз тексеріп алыңыз. Себебі ашық сабақ өткізу кезінде техникалық құралдардан ақау кетіп жататын сәттер практикада жиі кездеседі. Мұның барлығы сіздің ашық сабағыңыздың өткізілу дәрежесіне кедергі келтіруі мүмкін.


3. Ашық сабақты сәтті бастау үшін алдын-ала дайын мәтін жазып алғаныңыз жөн. Себебі өзіңізге сенімді бастасаңыз, ашық сабақ ары қарай сәтті өтеді деген сенімдеміз.Ашық сабақты бастаған кезде бұл сабақтың өткізілу себебін, мақсатын және бұл ашық қандай мәселеге шешім табатынын айтып өтуіңіз керек.

4. Ашык сабактарды іздеген кезде ашык сабактар сайтына жүгінуіңізге болады. Мен сізге ustaz.kz сайтын ұсынар едім. Себебі бұл жерде ашық сабақтар жақсы жазылған. Және айта кетеріміз ашық сабақты белгіленген уақытта бастағаныңыз жөн. Қобалжуды жеңіп, өзіңіз дайындап алған сабақ жоспары бойынша жүріп отырыңыз.

5. Ашық сабақтың соңында әріптестеріңізге және мектеп басшылығына сөз беріңіз. Бұл сізге кері байланыспен ашық сабақты өткізуіңізге байланысты пікір естуіңізге мүмкіндік береді. Осылайша сіз өз ашық сабағыңыздың қалай өткенін біліп, әділ баға қоя аласыз.

6. Ашық сабақ аяқталғаннан кейін сабақ туралы өз ойыңызды ортаға салыңыз. Сабақ қалай өтті, қандай мәселені көтерді және сол мәселе шешімін табуға бір табын жақындады ма? Осы сұрақтарға жауап беріп, ойыңызды өтбітіңіз.

Біздің сізге беретін кеңесіміз осындай. Құрметті мұғалімдер біздің kenester.kz сайтымен бірге болыңыздар және бізден жаңа мәліметтер мен кеңестер күтіңіздер.

загрузка...