Аула тазалайтын бөлме өсімдіктері. Крассовка күтімі. Гүл солмау үшін
Бөлме өсімдіктері үйге сән беріп қана қоймай, ауаны да тазалайды. Атап айтқанда: филодендром темекі түтінінен тазаласа, спатифиллум жиһаз бен линолеумнен бөлінетін улы заттарды зарарсыздандырады. Сонымен қатар анториум, циперус, маранта өсімдіктері ауаның дымқылдығын арттырады. Ал кәдімгі көк жуа мен сарымсақты үйде өсірсе дастарқанның дәмі мен бөлме ауасының тазалығына алаңдамауға болады.
крассовканы тазалау
Крассовка күтімі.
Спорттық аяқ киімдер жүгіруге ыңғайлы болуы үшін жұмсақ материялдардан тігіледі. Сонымен қатар көбіне түсі де ашық өңді келеді. Сондықтан тез кірлеп, тазалануы оңайға соқпайды. Ал оларды біздің біздің кеңесімізе сүйене отырып тазаласаңыз, үнемі жаңа аяқ киім киіп жүргендей көрінесіз. Кеды. Крассовкаларды тіс пастасымен тазартқан дұрыс. Пастаны қатты губкаға жағып аяқ киімді ысқылайды. Сонан соң дымқыл шүберекпен сүртіп алса, аяқ киім бастапқы қалпына келеді.
Гүл солмауы үшін. Тамырынан үзілген гүл шоғы құмыраңызда ұзақ сақталуы үшін ең алдымен суға салуды есеріңіз. Сонан соң бір ас қасықтан арақ пен қантты араластырып, құмырадағы суға қосыңыз. Арақ гүл тамырын шірітетін бактерияларды өлтірсе, қант тыңайтқыштық қызмет атқарады. Осылайша гүл шоғы үйіңізде әдеттегіден ұзаққа сақталады.
Шыпғанақ жинау және тазалау. Шырғанақты (облепиха) қыста, аязда жинау оңайға түседі. Мұздаған жидек езілмей оңай жиналады. Шырғанақты тоңдаған күйінде ыдысымен қозғаса, сабағы мен жапырағынан оңай тазаланады.

загрузка...