Алғыс айту күні. АҚШ-та «Алғыс айту» мерекесі аса көңілді күндердің бірі болып есептеледі.

алладан қайтады

Ерте, ерте, ертеде бір жас жұбай торыққан күйде «Алғыс айту» мерекесінің келуін сарыла күтіпті. Жұпыны тұрмыс кешіп жүрген олар мерекелік астың не екенін ойлап та көрмепті. Тағаттары таусылған ерлі-зайыптылар ұрыса бастапты. Ал, ұлдары амалсыз қол қусырып бір шетте қарап тұрыпты. Дәл осы кезде есікті біреу қағыпты. Тысқа жүгіріп шыққан ұлы есіктің көзінде қолында ыдыс толы мерекелік дүниесі бар, жүзіне күлкі үйірілген бір ер адамның тұрғанын көріпті. Бұл жағдайды көрген олар таң-тамаша болып аңтарыла қалыпты.

Әлгі адам: «Мына нәрселерді біреу маған сіздерге жеткізіп бер деген еді. Ол бұл дүниеде сіздердің қамдарыңызды жеп, аялап жүретін біреудің бар екеніне сенулеріңізді үміт етеді», – дейді.

Бейтаныс кісі әкелген бұл тартудан әлгі ерлі-зайыптылар бас тартыпты. Бірақ, әлгі адам себетті ұл баланың білегіне іле салыпты да, сыртқа беттепті. Кетерінде ыстық ықыласпен: «Алғыс айту мерекелеріңіз көңілді болсын!», – дейді.


алладан қайтады

Бұл ұл бала басқаларға жақсылық жасауды өзіне мақсат қылып қойған жан еді. Оның өміріне келер болсақ, он сегіз жасқа келген жылы әлгі ұл бала өз алдына дербес тіршілік ете бастапты. Мардымсыз еңбекақы алатын ол сол жылы «Алғыс айту» мерекесінде бірталай ішпек-жемек сатып алып, оны әдемілеп қораптап, ең кедей, кембағал отбасына апарып беріпті. Тозығы жеткен үйден бір әйел шығып оны қарсы алыпты. Ол әйелге: «Мен біреудің аманатын жеткізіп тұрмын. Мына нәрселерді қабыл алғайсыздар!», – депті. Сонан іле-шала әлгі тағамдарды арбадан түсіріп, мәз-мейрам болған кедей шаңырақтың балалары: «Жақсылықтың елшісі келді!», – деп алақайлай жөнеліпті. Тосын құбылыстан ес-ақылы шыққан әйелге жас жігіт: «Жо, жоқ, бір достарыңыз мені осында жұмсады, отбасыңызға қуаныш тілеймін!», – дейді де, әлгі әйелге бір парақ ақ қағаз ұстатып жолына түседі.

загрузка...