Адам ағзасына темекінің қаншалықты зиян әкелетінін дәл айту өте қиын. Дегенменде, темекінің адам денсаулығына пайда әкелмейтіні белгілі. Бұған қарамастан бүгінде темекі өндірісі гүлденіп келе жатыр. Жыл сайынғы темекі шегуші адамдардың саны артып жатыр. Шылым шегуші адам тек қана өз денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, айналасындағы адамдарға өзінің кері әсерін тигізеді. Сондықтанда темекі тартатын адамды шылымнан бас тартуға қалай көндіретінін білмей айналасындағылар көп ойланады.

темекі тарту зиян

Нұсқаулықтар

1. Алдымен оның не үшін және неге темекі тартатынын сұрап алыңыз.Көбінесе темекі тартатын адамдар дәл осы екі сұраққа жауап таба алмайды. Осылай болып қалды, әскерде үйрендім және т.б. Шылым шегетін адамдарда бұл сұрақтарға нақты жауаптар болмайды.Мүмкін артынан ол өзіне осы екі сұрақты қоя отырып, темекі тартудан бас тартатын шығар.

2.Шылым шегуден бас тартқанда оның өзіне де және қоршаған ортаға да пайдасы мол болатынын деректермен,дәлелдермен түсіндіріңіз. Темекі тартатын адамның тыныс жолдарының суретін тауып алып, 5 жылдан кейінгі, 10 жылдан кейінгі өзгерістерін көрсетіңіз. Дәлелдеріңіз сенімді болу үшін шылым шегудің кесірінен өмірімен қоштасып жатқан адамдардың статистикасын және осы әдеттен туындайтын ауруларды мысалға келтіріңіз. Мүмкін сіздің осы істеген әрекеттеріңіз шылым шегуші адамды ойландырып қалар.


3. Егер дәлелдемелер пайда бермесе, шылым шегудің жағымсыз әрекет екенін айтыңыз. Темекі шегетін адамның тісінің сарғаятынын, оны кетіргенімен тістің өңінің бұзылатынын есту ешкімге де ұнамайтыны белгілі. Нәтижесінде темекі тартатын адамның аузынан үнемі жағымсыз иістер шығып тұрады. Сонымен бірге темекі түтіні тіс эмальіндағы кальцийді шайып кетеді, нәтижесінде темекі тартатын адам шылым шекпейтін адамға қарағанда тіс дәрігеріне жиі жүгінеді. Шылымды ұнататын адамның киімінен және үстінен үнемі жаман иіс шығады және қолындағы тырнақтары өз-өзінен сарғая бастайды.Темекі тартудың әсерінен денеде әжім пайда бола бастайды және дене солғындалады.

4. Егер эстетикалық жағы көмектеспесе, экономикалық жағынан түсіндіріп көріңіз. Жалпы алғанда қазір Қазақстандағы темекінің бағасы шамамен 100 теңге немесе одан да қымбат. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартатын болса, айына 30 қорап темекі тартады. Бұл яғни, ай сайын 3000 теңгеден жоғары соманы темекі тартушы адам өз денсаулығына зиян келтіру мақсатында жұмсайды деген сөз. Ал 1 жыл ішінде бұл сома 36000 теңге болады. Мұндай ақшаны шығын еткенше, жинап жаз айында отбасыңмен демалысқа баруға болатын еді.

5. Егер материалдық шығын жағынан көмек болмаса, балаларының тәрбиесін еске түсіріп қойыңыз. Баласының да алға қарай темекі шегуі мүмкіндігін айтыңыз. Себебі егер ата-ананың біреуі темекі шегетін болса, ол балаларға 50% әсер етеді. Ал егер екеуі де шылым шегетін болса, ол балалардың темекі тартуына 100% әсер етеді. Әрине кім баласының жаман болғанын қалайды. Мүмкін балаларының болашағына алаңдап темекіден бас тартар.

Мына кеңестерді оқып темекіні тастау жолдарын біліп алыңыз: «Темекіні қалай тастауға болады: бірнеше әдістері»

 

загрузка...