88cd98efa76b3ee8-largeАвтокөлікке Видеорегистратор. Видеорегистратор — автокөліктің алдыңғы терезесіне орналастырылатын, автокөлік жүргізушілерінің арасында танымалдылыққа ие болған, кішкентай камера. Бірақ жеке ойым бойынша қазіргі кезде видеорегистраторды пайдалы гаджет ретінде емес, ойыншық ретінде көретін көлік жүргізушілері көбейіп кеткен. Видеорегистратордың пайдасына келетін болсақ,видеорегистратор мына жағдайларда керек болады:

 

 

  • Жол апаты кезінде.

Видеорегистратордың бірінші және маңызды жұмысының бірі — жолдағы кез келген жағдайды түсіріп алуы. Жол апатына қатысты кез келген мәселені шешуде видеорегистратор «куәгер» рөлін атқара алады. Видеорегистратор көмегімен түсірілген видео сотта куәлік зат ретінде іске қосылады. Кей кездері жол апаты кезінде кінәлі жақ өз кінәсін мойындамау үшін түрлі қулықтарға баруы мүмкін. Сол кезде сізге көмектесетін видеорегистратор болады.


  • Жолда сізді алдаған кезде.

Кей кездері жол апатына сізді кінәлі етіп көрсететін кездер болады. Арам пиғылын жүзеге асырған келетіндер өздері сізге қатысы бар жол ережесін бұзып сізден өтем ақы талап етуі мүмкін. Және олар мұның барлығын ақылмен жасайды. Видеорегистратор бұл жағдайда сіздің жаныңыздағы досыңызға айналады. Егер өзіңіздің кінәлі еместігіңізді сезсеңіз бірден видеорегистратор көмегіне жүгінуіңізге болады. Видеорегистратор сізге қатысты болған оқиға жазып алғандықтан, сіздің кінәсіздіңізді дәлелдеп береді.

  • Билік өкілдерімен сөйлесу кезінде

Видеорегистратор билік өкілдерімен сөйлесуді жеңілдетеді. Аз дегенде  оларды заңды тұрғыда әрекет етуге итермелейді. Олай болмаған жағдайда видеорегистратор жазбасы көмекке келеді. Видеорегистратордағы басты ескеретін жайт ол видео жазу сапасы.  Видеорегистратор әрбір жағдайды дәл түсіретініне сенімді болу үшін FullHD видео түсіруге қабілетті видеорегистратор сатып алуыңыз керек. Мұндай модельдер өте көп. Тіпті қазір FullHD  сапасында емес, Super FullHD сапасында түсіретін видеорегистраторлар бар. Олардың артықшылығы 2304 x 1296 кеңейтілімінде түсіреді және видео өте сапалы болады. Таңдау өте жоғары. Бірақ өз құқықтарыңызды қорғаңыздар және сапалы видеорегистратор сатып алуды ұмытпаңыздар.

загрузка...