Абай Құнанбаев өлеңдері жинағы
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой — Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз, Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз. Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса, мейлі, сол айтты — Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз. Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз. Көп орында көріне айтпа, Біздің сөзге ерсеңіз. Мұны жазған кісінің Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеден Шешен де өткен не бұлбұл, Көсем де өткен не дүлдүл. Сөз мәнісін білсеңіз, Ақыл — мизан, өлшеу қыл. Егер қисық көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл. Егер түзу көрінсе, Ойлап-ойлап, құлаққа іл. Ақымақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі пұл. Жақынның сөзі тәтті деп, Жақыным айтты дей көрме. Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге.ерме. Сізге айтамын, хаупім — бұл. Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма-жыл. Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі — тұл. Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл — Ғұламаһи Дауани, Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл — гүл.

Абай Құнанбаев өлеңі Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың — жалын, артың — мұз, Барар едің қай жаққа? Пайданы көрсең бас ұрып, Мақтанды іздеп, қайғы алма. Мініңді ұрлап жасырып, Майданға түспей бәйгі алма Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден. Күндестігін қоздырып, Азапқа қалма езбеден. Акырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстазтық қылған жалықпас Үйретуден балаға. Көлеңке басын үзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса; Күңгірт көңілім сырласар Сүрғылт тартқан бейуаққа, Төмен қарап мүңдасар, Ой жіберіп әр жаққа. Өткен өмір — қу соқпақ, Қыдырады талайды. Кім алдады, кім тоқпақ Салды, соны санайды, Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке. Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жүртқа қайтқан ой Өкінді, жолың бекінді, Әуре болма, оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд қылып, Тыныш өлсеңші тегінде.

Абай Құнанбаев Құлақтан кіріп, бойды алар өлеңі. Абай Құнанбаевтың өлеңдері және жинағы

Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. Дүние ойдан шығады, Өзімді өзім ұмытып, Көңілім әнді үғады, Жүрегім бойды жылытып. Аңсаған шөлде су тапса, Бас қоймай ма бастауға? Біреу түртсе, я қақса, Бой тоқтамас жасқауға. Бір күйгізіп, сүйгізіп, Ескі өмірді тіргізер. Өмір тонын кигізіп, Жоқты бар қып жүргізер. Есіткендей болады Құлағы ескі сыбырды. Ескі ойға көңілім толады, Тірілтіп өткен құрғырды. Ішіп, терең бойлаймын, Өткен күннің уларын. Және шын деп ойлаймын Жұрттың жалған шуларын. Тағы сене бастаймын Күнде алдағыш қуларға. Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма?

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың Өлсе өлер табиғат, адам өлмес өлеңі. Абай оқулары

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.

Өлеңі әнге айналған Абай Құнанбаевтың тағы бір өлеңі Сегізаяқ


Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған- Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ-ойға олақ. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса-көнді, Жұрт айтса, болды. Әдеті надан адамның. Бойында қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде. Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан. Аулаққа шықпай, Сыбырлап бұқпай, Мейірленбес еш сөзге. Пайдасыз тақыл- Байлаусыз ақыл, Атадан бала ойы өзге. Санасыз, ойсыз, жарым ес, Өз ойында ар емес. Тасыса өсек- Ысқыртса кесек- Құмардан әбден шыққаны. Күпілдек мақтан. Табытын қаққан- Аңдығаны, баққаны. Ынсап, ұят, терең ой Ойлаған жан жоқ, жауап жоқ. Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл. Орынсыз ыржаң, Болымсыз қылжың Бола ма дәулет, нәсіп бұл? Еңбек етсең ерінбей, Тоябы қарның тіленбей. Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап, мал ізде. Адал бол- бай тап, Адам бол- мал тап, Қуансаң, қуан сол кезде. Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос. Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық, Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын. Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын. Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақытың болды ғой. Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал Деген кім бар сендерге? Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылғы әдетің Өзіңе болар жендетің. Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды, Сүйеніп күлкі тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа. Қайратым мәлім, Келмейді әлім, Мақсұт-алыс, өмір-шақ. Өткен соң базар, Қайтқан соң ажар, Не болады құр қожақ?! Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мол емес. Бір кісі- мыңға, Жөн кісі-сұмға, Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен кетті, амал жоқ. Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен өткен қу өмір. Сөзуар білгіш, Закүншік, көргіш, Атанбақ-мақсұт, мақтанбақ. Жасқанып, қорқып, Жорғалап, жортып, Именсе елің, баптанбақ. Қарғағанын жер қылмақ, Алқағанын зор қылмақ. Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы, айтып бер? Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?! Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай, басың сандалар. Бауырыңа тартқан, Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар. Ол қаны бұзық ұры-қар, Қапысын тауып сені алар. Басы-көзі қан боп, Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жалпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап — Абұйыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда? Ит үрсе, бала Таяғын ала, Қуады итпен кектесіп. Ұрысқансып «ой» деп, «Ұят» деп, «қой» деп, Үлкендер тыяр «тек» десіп, Оны білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де. Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос, Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға. Не ол емес, бұл емес, Менің де күнім — күн емес. Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас, Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста, жетсе бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық. Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып. Баяғы жартас — бір жартас, Қаңқ етер түкті байқамас. Жаяуы қапты, Аттысы шапты, Қайрылып сөзді кім ұқсын. Іште дерт қалың, Ауыздан жалын Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай, Қоя ма екен жылатпай?! Мамықтан төсек Тастай боп кесек, Жамбасқа батар ұйқы жоқ. Сыбыр боп сөзі, Мәз болып өзі, Ойланар елдің сыйқы жоқ. Баяғы қулық, бір алдау, Қысылған жерде — жан жалдау. Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым — тап шыным!

Көзімнің қарасы Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің бірі

Көзімнің қарасы Көңілімнің санасы Бітпейді іштегі Ғашықтық жарасы Қазақтың данасы Жасы үлкен ағасы «Бар» демес сендей бір Адамның баласы Жылайын, жырлайын Ағызып көз майын Айтуға келгенде Қалқама сөз дайын Жүректен козғайын Әдептен озбайын Өзі де білмей ме Көп сөйлеп созбайын.

Абай Құнанбаев суреттері

Абай Құнанбаев өлеңдері

Абай Құнанбаев өлеңдері


Абай Құнанбаев өлеңдері

Абай Құнанбаев өлеңдері


Абай Құнанбаев өлеңдері

Абай Құнанбаев өлеңдері

Абай Құнанбаев видеолары

Желсіз түнде жарық ай өлеңі

Бекболат Тілеухан. Сырымды тоқтатайын айта бермей

Мәскеуде Абай өлеңдері сұранысқа ие

Қазақтың Бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін елімізден тысқары жерлерде де жұрт құныға оқиды.

Біздің сайттың сізге ұсынар пайдалы кеңесі:

Өмірлік мәні бар кеңес

Адамның мінезі тақырыбындағы пайдалы кеңес

загрузка...