Əдебиет-қызық əрі қиын пəн.Сол себепті оны таңдап тəуекелге бел буатындар тым аз.Дегенмен сен өз таңдауыңды жасап қойсаң,саған тек сəттілік тілеп,кеңес айтқаннан басқа амалым жоқ😊Ал,кеттік... 1.Кітап
Өзің де білесің,əдебиет-көп оқуды қажет ететін пəн.Оқулықтардан бөлек қосымша əдебиетті де оқыған жөн.5-сыныптан бастап 11-сыныптың оқулықтарын хрестоматиясымен қоса жинап ал да ерінбей оқып шық.Тіпті бұрын оқыған болсаң да!Ерінбе!Оқулықтағы барлық оқиғалар мен мəліметтерді оқып шықпай,25 балл алам деп армандаушы болма!Себебі əдебиет пəнінен тест сұрақтары шығарманың əр сөйлемінен,əр кейіпкердің сөзінен жəне мазмұнынан келеді.Таңғалма,грант ұтып алу оңай емес😊
2.Тест
Егер сен барлық оқулықты оқып бітірген болсаң,бар біліміңді тексеріп қолыңа түскен тесттермен жұмыс жаса.Білмейтін сұрағың болса кітаптан ізде,онда барлық сұрақтың жауабын табасың.Тестпен неғұрлым көбірек жұмыс жасасаң өзіңе соғұрлым жақсы.Бір сұрақ 2 не 3 рет кездессе,сен оны жаттап аласың.+1 балл дайын деп есептей бер😊Тестті жаттама,көбірек шеш,сол тиімді. 3.Абай жолы "Абай жолын" жеке алуымның себебі:бұл романның кез-келген жерінен сұрақ қойылады саған.Міндетті түрде!Қазір жаз мезгілі ғой,уақытың да баршылық.Романды оқып шық ерінбей!Оны оқымай,жауап бере алмайсың.Əрі өзіңе де пайдалы, болашақта керегі болады.Тағы бір айта кетер жайт:11-сыныптың оқулығында осы роман жайлы көп мəлімет жазылған.Оны да оқып шық,пайдасы тиеді.Жеке-жеке кейіпкерлерге мінездеме берілген.Ол да саған сұрақ болып келеді.


Screenshot_2015-08-10-15-55-20-1
4.Сұрақ қою
Осы пəнді таңдаған құрбыларың болса бір-бірлеріңе сұрақ қойып,тексеріп,жарысып дайындалуға болады.Бұл нəтиже береді,себебі кез-келген оқушы сыныптастарының алдында ұятқа қалмау үшін тырысып оқиды.Егер ондай достарың болмаса,мына мен сияқты мектепте жалғыз өзің əдебиетті таңдасаң,бауырларыңнан көмек сұра.Бос уақыты бола қалса,сұрақ қойдыр.Көмегінің қажет екенін,грантқа түссең оны марапатсыз қалдырмайтыныңды айт,ол қуана келіседі.
5. 5+
5+ қосымшасы жайлы есіткен боларсың?Оның да өз пайдасы бар!Бірақ оны да біз сияқты адам құрастырған,сондықтан бұл қосымшаның сұрақтарында қателіктер кездесіп жатады.Сен ол қателіктерін өзің айнытпай тауып отыратын дəрежеге жеткенде ғана осы қосымшамен дайындал.Яғни əдебиеттен кемі 20 балл алуға шамаң келгенде 5+ пен дайындалуды баста.20 балл алсам,5+тің не керегі бар деп ойлауың мүмкін.Бұл тесттер жинағы саған біліміңді қайталап отыруға көмек береді.Сəттілік,жас түлек! Алдағы уақытта бітірушілерді жиі мазалайтын сұрақтарға жауап беруге тырысамын,бізбен бірге болыңыздар!

загрузка...