Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі

Инирбаева Шалкы Нұрлиходжаевна

«Өмір, сен маған қымбатсың!»

Мақсаты: Студенттерді құқықтық саналылыққа тәрбиелеу. Құқықты білуге, құрметтеуге, орындауға, дағдыландыру.«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, проблемалық сұрақтар.

Сыйламаған жолдасын, сыйлай да алмас өз басын. (Мақал)

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

Барысы:

Құрметті Студенттер! Бүгін бізге қалалық жасөспірім бөлімшесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция капитан, емханадан аудандық дәрігер арнайы мамандар шақырылып отыр. Сондықтан әр оқушы ойын еркін, ашық айтуға, сұраққа мейлінше нақты және дәл жауап беруге, өз зерттеулері бойынша жинақталған ойларын ортаға салуға мүмкіндігі бар.

Жас ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіруге мұғалім тәрбиесі жеткілікті десек, кем өлшегеніміз болар еді. Сондықтан бүгінгі проблемалық сұрақтардымамандар мен ата-аналармен шешсек деген ойдамыз. Ендеше бүгінгі пікірталас сұрағы:

1.Қазіргі кезде жас өспірімдер мен колледж студенттері арасындағы қылмыстың түрлері көбейюде. Ертедегі қазақта әкенің бетіне келу , ананың тілін алмау, үлкенге қарсы шығу мүлдем болмаған. Ал қазіргі таңда мұндай қылықтар көбейіп кетті. Осы қылықтың жасөспірімдердің қылмыс жасауына себебі бар ма? Жалпы қылмыс жасауына не себеп? (Қатысушылар өз ойларын ортаға салады)

Осы проблема бойынша түйін сөз:

Әр түрлі өмір ағымдары қатаң жазаларды ендірмеске қоймайды. Қазіргі күн заң ережелерінің барлығы да адамдарды адал жолға салу, оларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатынан туған. Ата-ананың сөзін алмағанның бір пәлеге ұрынары сөзсіз. Осыған байланысты нақыл сөз бар «Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қызмет», «Анасына орын ұсынбаған, әкесәне қолын ұсұнбас», «Ана с.тін ақтамағанды, ешкімде мақтамайды».

2.Енді кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы айтып шықсақ. Мына төмендегі оқиғада жасөспірімдерге қандай жаза қолданылады? Мектеп оқушылары өз бетінше көл жағасына демалуға барады. Барлығы қызықты өтіп жатты. Кейбір ішімдікке жақындары ішімдіктің дәмін тартып та үлгереді. Кенет Б. Мас күйінде Қ-ны өзенге итеріп жібереді. Ал Қ суға малту білмегендіктен суға кетіп өлді. Бұл жерде қасақана өлтіру ниеті болған жоқ.

Түйін сөз:

Кейде адам өзінің әрекетін немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екеніне жеткілікті көңіл бөлмей, оның артындағы зардабын ескермей қылмысқа барады. Бұл жанама қылмысқа жатады. Азамат 14 жастан бастап қылмыстың кісі өлтіру, адам денсаулығына зиян келтіру, т.б түрлері үшін жуапқа тартылады. 14 жасқа толған жасөспірімдер мұндай қылықтардың қылмыс болып саналатынын толық түсінеді. Мемлекет мұндай жастардың қылмыстық істеріне жайбарақат қарап отыра алмайды. Мемлекет жазықсыз адамдардың, өз азаматының өмірін, денсаулығын қылмыскерлердің зұлымдығынан арашалау мақсатында қатаң шаралар қолдануға мәжбүр.

Енді мына жағдаят бойынша ойымызды ортаға салсақ.

1-жағдаят:

1 курс студенттері сабақтан шыққан соң, колледж бітіріп кеткен С. 1000 теңге жинап беруін талап етеді. Қалталарында ондай ақша болмаған соң, сол балардың ішінде жақын тұратын баланы үйіне жұмсап, ертен сол ақшаны бесеуі бөліп жинап беретіндігін айтты. Бұл туралы артынан ата-аналары біліп қойып, балармен сөйлескенде , оларын өздерін ешқандай кінәсіз деп есептейді. Өйткені олар ақшаны өз еркіндігімен бергендігін, ешкімнің ұрып соқпағандығын түсіндірді. Осы дұрыс па?

2-жағдаят:

4 курс студентті Ж. деген 1 курс студентерінен үнемі сыра, темекі, т.б. алдыруды әдетке айналдырған. Ж-дан достары «Сен мұны әдетке айналдырдың, Біліп қойса қорықпайсың ба?» дегенде, «Азар болса берген заттарын қайтарармын, маған не істейді дейсің?»- деп жауап береді. Осы әрекет дұрыс па?

Қазақтың ертедегі аңыз әңгімесіне байланысты өз ойымызды ортаға салайық:


Баласы көршінің тауығының ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны қуырып береді. Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауығын ұрлап әкеледі, анасына береді. Қорадағы тауықтарға қосып қояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылып жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар жесір әйелдің ала сиырын ұрлап, сойып жатұан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып, жазалауын сұрайды.

Би: Сен бес баласы бар, өзі сырқат, жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанынбағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балалардың ауызын ақтан қақтың. Сенің жазаң – дарға асу.

Жігіт: Дат, тақсыр.

Би: Датың болса айт!

Жігіт: Маған анаммен соңғы рет тілдесуге рұқсатетіңіз.

Анасы келеді.

Жігіт: Апа, тіліңді көрсетіңізші. Анасын тілін көрсетеді. Уәзір жігітке ұрысады: Сені жарық дүниеге әкелген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не?

Сонда жігіт: Тақсыр, мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде маған жекіп ұрыспай, ұрлықтың қылмыс екенін түсіндіріп, ақылын маған айтпаған адамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын, — деп жауап береді.

Би: Әй, балам, бұл сөзіңнің де жаны бар екен, сенің ұрлықшы болуына анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті «Ұры әйел болсын, еркек болсын қолын шауып тастау керек» делінген. Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын шабыңдар. сарбасздар жігіттің саусағын айбалтамен шабады. Жігіт өкініп тұрып: Бауырларым, менің өкінішті ісімді қайталамаңдар. Мен қалған өмірімде ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін. Істеген ісім үшін ел жұрттан кешірім өтінемін.

Би: адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң.

Сұрақ: 1. Жігіттің ұры болып өсуіне кім кінәлі?

2.Бидің шығарған үкімі дұрыс па?

Түйін сөз:

Қазақ халқының құқықтық жүйесінің қалыптасуы ХV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды, бұл ережелер Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен тұрады.

Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Бұл жоңғарлардың шапқыншылық әрекеттерінен қорғану қажеттілігінен туындаған еді. Қалған мәселелерде Есім хан бұрыңғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сонқықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат береді.

Қазақтың құқықтық жүйесіне келесі елеулі өзгерістерді енгізген Тәуке хан (1680—1715) болды. Ол «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішіндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады. Дауды шешетін билерді дауласушы жақтар қазақтың жол-жорасын жетік білетін, халық арасында абыройлы адамдардан өздері қалап алатын. Қазақ халқында өздерінің әділдігімен, тапқырлығымен атағы шыққан билер аз болмады. Дауласушылар бір бидің шешімімен келіспегенде, екінші биге барып жүгінуге ерікті болды.

Сұрақ:

Салауатты өмір сүру дегеніміз не?

Ол-әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау, нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Сұрақ:

Зиянды әдет, әрекет, әдет дегеніміз: қазіргі таңда етек алып келген кеселді дерттер –шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік. Жаман әдеттер ішінде жасөспірімлер арасында кеңінен таралған – шылымқорлық – оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісік ауруларына әкеп соқтырады. Темекі түтінінде 300-ден астам химиялық заттар, оның ішінде никотин, иіс газы сияқты қатерлі у бар.

Бұл тажал адамның денсаулығын бірден жояды және жас организм бірден үйренеді. Алматы облысы бойынша 2817 жасөспірім нашақор тіркелген, ал тіркелмегені қанша? Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстан жасөспірімдері ішінде 12 пайызы өмірінде бір рет болса да есірткі қолданып көрген.

Айдаһардың үш басындай – арақ, темекі, наша ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себебі. Осы жаман әдетке бой алдырған адамдар өмірінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп айтсақ та болады.

Қорытынды: олай болса, өркениет жолындағы елдің ертені – халқының заң ережелеріне бағынатын, адал жасөспірім балардың саулығына, адамгершілігіне байланысты.

загрузка...