Әйел адамдар үшін жаттығулар. Кез  келген  әйел азаматы  әдемі мүсінге  қол  жеткізгісі келеді.Алайда  жас  келе  мүсіннің де  қалпы өзгеретіні белгілі.Бірақ күнделікті жаттығу жұмыстары арқылы сыртқы сұлулықты ұзақ уақыт сақтап тұруға  болады.Мұндай жаттығу  жұмыстары тек  қана мінсіз мүсінге қол жеткізіп қана қоймай бірінші кезекте дененің шымырлана түсуіне қан айналым процесінің жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.Ол үшін әлбетте иыққа және бұлшық етке арналған жаттығудың бұл түрін тұрақты түрде жасап тұрғаны абзал.Оған  небәрі тәулігіне 15 минут қана уақытыңызды жұмсасаңыз  өзіңізді мінсіз мүсінді ханшайым сезінеріңіз анық.

1-жаттығу:Еденге  аяқты  айқастырған  қалыпта терең  тыныс алыңыз.Деміңіз  бір қалыпқа түскенде жаттығуға  кірісіңіз.


2-жаттығу:Іштен жатып,екі қолыңызды еденге  тіреңіз.Аяғыңыз иық деңгейіңіздей аралықта болсын.Алдымен  кеудені  көтеріп  беліңізді иіңіз. Жамбасыңыыз еденнен көтерілмеуі шарт.мұнан  соң  басты оңға  бұрыңыз.Бастапқы қалыпқа түсіп жаттығуды келесі бағытта жалғастырыңыз.8реттен  қайталаңыз.Жаттығудың  бұл   түруі арқа  омыртқасы мен  иін   бұлшық  етін шымырландыруға арналған

3-жаттығу:Екі қолды еденге  тіреңіз.Еңбектеген қалыпта арқаны барынша көтеріңіз,кеін басыңызды   барынша артқа шалқайтыңыз.Басапқы қалыпқа келіп жаттығуды 12  рет   қайталаңыз.

4-жаттығу:Еденге  аяқты айқастыра отырыңыз.Арқаны тік  ұстап басты жоғары көтеріңіз.Содан соң  басты оңға солға  қарай кеудені  бағыттап  иіліңіз.Жаттығудың  бұл түрін баяу жасау қажет.Әр  бағытта 10  реттен қайталаңыз.

5-жаттығу:Қалыпты отырыңыз.Басты оңға  бұрыңыз.5-10  секунд  өткен  соң басты солға  бұрып  жалғастырыңыз.Әр  бағытта  4  реттен  қайталаңыз.Осындвй жаттығуларды көп  жасасаңыз мүсініңіз  әдемі юолып  шығады.

загрузка...