Ұялы телефондар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып кеткендей болды. Ұялы телефонның сыртқы пішінін, түрін көру арқылы иесі туралы көптеген мәліметтерді айтуға болады. Сондықтанда талантты дизайнерлер ұялы телефондар өндірушілерімен біріге отырып, өзін ерекше көрсеткісі келетін адамдарға жаңа дизайндағы ұялы телефондар ойлап таба бастады.

ұялы телефондар

 

Біз білетін қарапайым ұялы телефондар — төртбұрышты дисплейі бар, әріп, сан, символ теретін клавиатуралы бар құрылғы. Дегенменде ұялы телефон өндірушілері күн өткен сайын ұялы телефондардың формасын да, оның ішкі құрылымында жаңартып, өзгертіп жатыр.

Ең қымбат ұялы телефон

ең қымбат ұялы телефонЕң қымбат ұялы телефонды Аустралиялық бай магнаттың тапсырысы бойынша Goldstriker компаниясы жасаған.Құрылғы шамамен 3 млн.доллар тұрады. Ұялы телефонның корпусын дайындауға 0,27 кг алтын және жалпы массасы 68 карат болатын 136 бриллиант кеткен. Логотиптегі және басқару тетіктеріндегі бриллианттар тағы 7 каратқа тартқан.


 

 

Ең үлкен ұялы телефон

ең үлкен ұялы телефонЕң үлкен ұялы телефон жергілікті Cricket байланыс операторының қолдауымен Samsung компаниясында жасап шығарылды. Құрылғының өлшемі 3,9×4,5 метрді құрайды және бұл құрылғы қарайым ұялы телефондар секілді өзінің қызметін атқара алады. Бірақ, бұл құрылғыны саусақпен басқару өте қиынға соғады.

 

 

Ең кішкентай ұялы телефон

ең кішкентай ұялы телефонЕң кішкентай ұялы телефонды Willcom атты жапондық компания шығарды. Құрылғының салмағы 33 грамм, ал өлшемі 32×10,5×70 мм. Бұл кішкентай ұялы телефонның камерасы жоқ, бірақ өзіне тән функциональдық қызметтерін ойдағыдай атқарады.

 

 

 

  1. Ұялы телефонды пайдаланудың қарапайым ережелерін мына жерден оқып біле аласыз:  Ұялы телефонды пайдалану ережелері. Біле жүрейік!
  2. Ұялы телефон құпияларынан хабардар болғыңыз келсе, мына бетке өтіңіз: Ұялы телефон және оның құпиялары.

загрузка...