Құлақ ауруы күз-қыс айларында асқынады.Өйткені есту мүшесінің сырқаттары суықтан пайда болады.Құлақ миға жақын орналасқандықтан бұған немқұрайлы қарауға болмайды.Сол үшін құлақтың естуі нашарлағанда немесе суықтап сыздап ауырғанда ең алдымен дәрігерге көрінген дұрыс.
құлағым ауырады
Ал жеңіл желпі ауырған кезде мынандай халық тық емдерді қолдануға әрі суықтан болған аурулардың алдын алуға болады.Яғни қызылшаны қабығынан аршып тазалап суда қайнату керек.Оны ұсақтап турап балмен араластырып дәкеге орап құлақтың ішіне жылыдай салып бір жарым сағаттай ұстаңыз.Немесе пиязды майдалап турап дәкеге орап құлаққа салыңыз.(Терең емес,бергі жағына салыңыз)Құлағыңыздың ауырғаны басылады.Дәл осылай мұрын аурулары кезінде де пиязды пайдалаңсаңыз көмектеседі.Және де құлақ суықтап қақсап ауырғанда жылытылған глицеринге немесе жалбыз тұнбасына малынған мақтаны құлаққа тығындап салып сыртынан қалың орамалмен байлап ұйықтаңыз.Құлақ естуі төмендегенде күніне бір дана лимонды қабығымен қоса жеу керек.Бір аптаның ішінде нәтижесі байқалуы тиіс.Құлақ шуы кезінде  бір ас қасық жаужапырақты яғни орысша атауы мелисса бір стакан қайнаған суда тұндырып,күніне жарты стаканнан екі рет ішкен дұрыс болады.Сол кезде құлақ шуы басылып,жаныныз тынышталады.Менің кеңесім сіздерге көмектесер деп ойлаймын.Ең бастысы денсаулықтарыңыз мықты болып ауырмай жүріңіздер.

загрузка...