Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі

Бисенғазиева Шолпанай

« Қыз ұзату» салт дәстүрі
(Көрініс)

Жүргізуші:

Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін

Аямас өнерпаздар әнін жырын

Тойлайық халық тойы наурызымның

Шуағын жерге төккен бақыт күнін

2 Жүргізуші

Қанекей карсы алайык жылдың басын

Косылып жаска жасың баска басың

Барайык келер жылға торт коз түгел

Аман болып алыс жакын кәрі жасың

Құрметті халайық әз наурызды бізбен бірге карсы алуға келген жамағат балдай қымыздан дәм татыңыздар

Баласы: сүйінші сүйінші! Ауылға қонақтар кележатыр, әне, қонақтар келе жатыр!

Шешесі: Ау мына келе жатырған конактар біздің күткен құдаларымызғой, кане құдаларлды қарсы алайық. Жүріңдер шашу кайда, шашу, тойға жиналған конактарға шашу шашыңдар.

Әжесі:

Наурызым әкелсін деп береке ырыс

Тағамға толып тұрсын барлық ыдыс

Жаңадан келе жаткан жылдың басын

Ак куйып карсы алғаның өте дұрыс

Кашанда кут береке орнасын деп

Тойларда шашу шашу салты осы деп

Уа, халайық, теріп ал шашуымды

Қабыл қылсын халқымның тілеуі деп

(«құдалар жыры» музыкасы ойналып шашу шашылады, құдалар бір бірімен тос кағыстырып амандасады, 1мин би)

Әкесі: кане кудаларымыздың құрметіне тойға жиналған кауымға арнап той бастар айтайық

Халық әні: «Күміс құман ай»орындалады.

Құдасы : бізде – ұл, сізде – кыз бар дегендей бүгін біз ата бабаларымыздың салты бойынша құда жекжат болып туыстық ара катынасымызды орнатайык деп келдік

Әкесі: Әрине, көңілдері жараскан екі жас өмірлік бірге болсын.

Құдасы: олай болса келінімізді көрсетіңіздер екі жасты жарастырайық.

Шешесі: қане жеңгелері киеу баланың көрімдігін беріп колына кусын кондырыңыздар.

Нағашысы: Ата бабамыз «атаңнан бота калмасын бата калсын» деген ұлағатты сөз айткан екен, себебі ботаның куны бір ак жұт бата бүгінгідей жастарға мәнгі кұт демекші құдалардың батасын алайық.

Құдасы: (бата беріледі)

Әжесі:

Құдам құдам дегізген

Құйрық бауыр жегізген

Айналайын құдамнан

Құдасы бар дегізген

Деп құдаларға куйрык бауыр тартайық.


Шешесі: мені анам куйеуге ұзатқанда «Сол үйден өлігің шықсын» деп еді . апам не айтып отыр деп тіксініп калдым. Бірак, бұл жаксылыкка айтылған ұлағатты сөз екен, өзім кыз ұзатканда енді түсініп отырмын. Сол уйге барған соң өліп кал деген мағына емес, сол үйде картайып, улыңды уяға кызыңды кияға кондырып сексен-тоқсанға келіп кайтыс болғанда ғана шық деген сөз екен. Ажыраспасын, жесір болмасын, үбірлі- шүбірлі болсын деген сөз екен. Барған жеріңде енеңнін бетінен алып, бажылдама. Менің атыма кір келтіресің. «жаман әйелдің қызы екен, көргені жоқ, тәрбиесіз , жетесіз қыз тәрбиелепті» деп сөгеді.

Жеңгесі: Қимайды ұзатқан жақ ару қызын

Жан жүйең қалай ғана сыздамасын

Халқымның қыз ұзату салты менен

Айтылар сыңсу әні қоштасатын

Гүлшат сыңсу айтады.

Ақ отауым тіккен жер майдан болсын

Ақ жүзімді көрерге айнам болсын

Кісі әкесі кісіге әке дейді

Айналайын әкемдей қайдан болсын

Ақ ат мініп боз атқа жеттім әке

Коп көргенің мен болсам кеттім әке

Тоғыз қабат торқа екен сіздің үйіңіз

Торғай басым сыймастай кеттім әке

Шымылдықтың етегін серпісін шешем

Көздің жасын аямай төксін шешем

Көздің жасын аямай төге жүріп

Бір міндеттен құтылдық дерсің шешем

Серпе сал шымылдығын, көрсін әкем,

Көл қылып, көздің жасын төксін әкем.

Жылыйық өксіп-өксіп өп-өтірік,

Құтылдым бір міндеттен дерсің, әкем.

Қолымда сақинам бар, бармақ-бармақ,

Сәукеле басқа түссе ауыр салмақ.

Басымды балапандай малға сатып,

Бар ма екен өз әкеңдей жаһил қалмақ.

Салмайды қоян жатақ құм болмаса,

Жақтырмайды қызды әке ұл болмаса.

Кетеді бергеніне құлда болса,

Айтсайшы бермеймін деп тым болмаса.

Әкесі:.«Қыз бала –қонақ» деген осы екен.Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр қызым!Сені мұңайтқым келмиді,қуантқым келеді.Өйткені,өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып,бақытты сапарға шығып барасың,мен осыны ойлап қуанамын!Киеу бала екуіңе бар айтар тілегім қараған ел қызығатын қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналаныңдар.

Нағашысы:

Сыйға сый татиды екен,сыра балға

Тәнірім бақыт берсін сурағанға

Тойларың тойға ұлассын берекелі

Деп тілейді барша жұрт құдаларға.

Құдасы:Енді менің шаңырығымда болатын беташар тойна баршаңызды шакырамын.

Ұқсас жазбалар

ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАНҒА ҚУАТ

Өмір, сен маған қымбатсың!

Ерлік-елдің қасиеті

«Сөз — мерген» т іл танымдық сайысы

Еңбек етсең емерсің

Отбасы-отанымыздың ошағы

Болашаққа денсаулықпен бірге барайық

XXI ғасыр көшбасшысы

Жаңа жыл, жаңа ғасыр

Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің!

загрузка...