Қызыл диплом алу.  “Бестік” пен қызыл диплом өмірдің мәні ме? Бұл сұрақты қоюдың өзі дұрыс емес сияқты. Себебі мектеп табалдырығындағы жастардың барлығы дерлік оқуы керек деген тұжырым бар, тіпті аксиомаға айналған. Оқығанда да үлгеріміңнің «бестік» болуы әрқашан да қатарластар алдындағы абыройыңды өсіреді.

Десе де, үлгеріміңнің жақсы болғанының ешқандай да маңызы жоқ екенін мойындататын бірнеше жағдайды қарастырып көрейік.

1. Ешкім де сіздің қаншамен оқығаныңызды сұрамайды.

Ешбір жұмыс беруші мектептегі және жоғары оқу орнындағы баға жайлы сұрамайды. Тіпті жұмысқа қабылдау түйіндемесінің өзінде де баға көрсеткіші жайлы пункт жоқ. Ал бірақ барлық түйіндемеде жұмыс тәжірибесі жайлы сұрақ болады. Тіпті компьютермен жұмыс жасай алу қабілеті мен спорттық жетістіктері жайлы сұрақ адамның қаншамен оқығанынан да маңыздырақ екен.

2. Оқу орнында алған білімнің бәрі де ұмытылды.

Оқушы я студент өткен сабағын емтихан бақылауынан соң бірден ұмытып қалады. Ал жұмыс тәжірибесінен өтерде мектеп пен университетте алған білім қажетсіз болып қалады немесе қолданылмайды.

Сондағысы, 4 жылдық оқу кәсіптік білім алған өзге адамдардың алдын орап кетуге ешқандай да септігін тигізбейді.

Нәтижесінде, жұмыс істеген алғашқы екі айда жұмыс істеуге қандай білімнің керектігін біліп, оның барлығын да осы екі айда меңгеріп алуға болады екен.

Бұлай болатынын білсек, алтын уақытымызды жоғалтудың не қажеті бар?

3. Үлгерім үшін оқу денсаулыққа зиянын тигізеді.

Адам баласы есте сақтау қабілетін мүлдем қажетсіз ақпараттарды қабылдаумен және керексіз біліммен толтырудың кесірінен әлсіретіп алады. Студенттік кездерде күн мен түн ауысып, қашанда ұйқы қысатын әдет – денсаулыққа тікелей әсер етеді. Үздіксіз әлсіздік жұмысқа деген ынта-жігерді сарқып, жұмыс өнімділігін бұзады.


4. Өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға уақыт болмайды.

Университет қабырғасында көптеген достармен, білімді ортамен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік болады, бірақ жан-жақты қарым-қатынас жасауға адамда уақыт бола бермейді.

Біле-білсеңіз университет адамдарды тануға, жаңа қарым-қатынас орнатуға арналған орта.

5. Тауып отырған нәпақа университеттен тыс үйренген білімнің арқасында келеді.

Оқуға деген қызығушылық болғанда ғана адам жан-жақтылы білім алады екен. Ал бүгінгі теориялар мен керексіз білім өмірде қолданысын еш уақытта таппайтындай көрінеді.

Ал енді, жоғарыда жасалған бес сараптамадан кейін қорытынды шығарып көрейік:

1. «Төрттік» баға мен «бестік» бағаның айырмашылығы адам өмірін өзгертіп жібереді дегенге сену қиын. Ал «бестікке» ғана оқу дегеніңіз негізгі білімге қажетсіз білімді де қосып алып, артық тыраштану болмасына кім кепіл?

2. Қаржылай мәселені адамның алған тәжірибесі мен жұмыс өнімділігі шешеді. Бірақ қағазға жазылған үлгеріміңіз емес. Әр салада қаншалықты мүмкіндігіңіз болса – соншалықты ауқатты боласыз.

3. Қызыл диплом – өзгелерден көш ілгері болуыңызға еш септігін тигізе алмайды. Сенбесеңіз, өзгенің емес, өзіңіздің қатарластарыңыздың өмірлік нәтижесін байқап көріңіз.

4. Ең бастысы, адам өзіне қажетті, маңызы бар іспен айналысқаны жөн. Адамға өзінің жұмысы қызықты болғанда ғана үлкен жетістіктерге жете алады.

Бұл, әрине, үлкен тақырып, әртүрлі жағдайларды тіпті біз атаған кейбір «заңдылықтар» өзгеріп кетуі мүмкін. Осы мәселеге бей-жай қарамайтын, өзінің болшағын ойлайтын адамдардың арасында қарсы шығатындар да, келісіп, қолдайтындар да табылады.

Сондықтан, ойланғанымыз жөн шығар?

Авторы: Ардақ Құлтай

Дерек көзі:  http://massaget.kz

загрузка...