Қыздар киімі. Әйел  затының  киімдерінің бірі ол  шалбар.Оның  түр түрі бар.Алайда  бұл  киімді  дұрыс  таңдамасаңыз жараспай қалуы да ғажап емес.Шалбарды  дұрыс   таңдау  үшін менің  кеңесім  артық  болмас  деген  ойдамын.

қыздарға шалбар

Шалбардың  түрлері мен  адамға  үйлесімділігі.

Шалбардың   балақ  жағы кеңейтілген шалбардың екі  түрі бар.Тізеден  бастап  және   саннан  бастап  кең тұрады.Алайда  бұл  шалбар  иығы кең  адамдарға  жарасады.Ал орта жағы кеңейтілгенін яғни  банан шалбарды ұзын  бойлы арық қыз келіншектер  киіп ұзына  бойына кеңейтілгенін шаровар деп аталатын шалбарды толықша келген адамдар  кисе болады.Себебі,шаровардың  белі мен балағындағы  артық енін резеңкемен  жинақтап қояды.Ал мұқият салынған қыры бар түзу ұзын классикалық  шабар  барлық нәзік жандыларға  жарасады.Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.Сыбызғы шалбарлар-дене  пішінін қайталайтын ұзын тар шалбарлар.Әйелдер  және   ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады.


Қысқа бойлы қыздарға  қандай  шалбар жарасады.

Шалбардың тік тігілгені дұрыс және  тым қысып тұрмағаны да абзал.Тік  сызығы бар классикалық шалбарлар сымбатты  етіп көрсетеді.Ал ұзындығы  аяқкиімнің өкшесімен бірдей немесе сәл ұзын болса аяғыңыз  ұзын көрінеді.Ал қазіргі сәндегі қатты қысып тұратын деним шалбар кигіңіз келсе міндетті түрде биік  өкшелі аяқ киім кию керек.

Сондай ақ  қазіргі сәнде  аяқтың  басына  жетер   жетпес ұзындықтағы  шалбарлар  кейбір қыздарға  жарасады.Кейбіріне  жараспайды.Бұл  жерде   мәселе  қыздың   шын мәніндегі аяғының  ұзындықтағы шалбарлар кейбір қыздарға жараспайды.Бұл  жерде  мәселе  қыздың   шын  мәніндегі аяғының  ұзындығына  байланысты.Мысалы кейбір   қыздардың бойы қысқа болғанымен жалпы алғанда аяғы ұзын денесі қысқа болады.Міне  сондай   қыздарға  бұл  шалбарларды бойының  қысқалығына да қарамастан  киюге  болады.

загрузка...