Қыздарға арналған пайдалы кеңестер оқи отырыңыздар.  Көрер көзге боялған-боялмағаны біліндейтін табиғи макияж түрі ешқашан түспейді. Бетті шаршамаған, сергек етіп бетті қалай бояйды?..


табиғи макияж
1. Керемет түс:
Майлы опа. Табиғи макияжда бетке майлы опаны жұқалап, жеңіл жағады. Оған теріге жаққанда тез сіңетін, оны нәрлендіретін түрін пайдаланады. Lush-тің Dark Pink, Yves Rocher-дің “Сияние и молодость” майлы опалары аталмыш макияжда таптырмайды.
Корректор. Беттегі кейбір кінәраттарды жасыру үшін, шаршаңқылықты білдірмуге корректор қолданады. Оны қастың төменгі жағына, көздің астына, мұрынның шетіне, сондай-ақ беттегі қаралтым дақтардың үстіне жағады.
Опа. Түрді ажарландыру үшін құрамында жылтыры бар опа жағынады. Кистімен мұрынның жан-жағына, бет сүйегінің екі жанын, ауыздың маңайын жақсылап опалайды. Mary Kay-дің Sheer Dimensions және Caudalie-дің “Красивая кожа” опалары-жоғары талғамда.
2. Анық көз:
Ашық көлеңке. Қабақ пен көз жиегі құлпырған түсті көлеңкемен бояп, біркелкі етіп жағады. L Oreal Paris Color-дің Rishe Quadro көлеңкесі табиғи түс береді.
Жұмсақ қалып. Қаралтым көлеңкемен қабақтың қозғалатын жері мен кірпік түбінің үстін жақсылап бояйды. Pupa-ның Luminys Silk көлеңкесі-аталмыш макияжға жиі қолданылады.
3. Қайырылған кірпік.
Көбелектің қанатындай. Кірпікке көлем бере отырып, түбінен барынша ұзартып бояйды. Max Factor-дың Clump Defy және Avon-ның “Сверх Обьем” сүрмелері кірпікті табиғи етіп бояйды.
Қап-қара. Арнайы қарындашпен қасты кішкене штрих бере отырып сызып бояйды. Кейін шөткесімен бір тарап өтіңіз. L Oreal Paris Rich-дің Color Riche қарындашын сатып алуға кеңес береміз.
4. Үлбіреген ерін.
Құнарландыру. Гигиеналық далап пен ерін күтіміне арналған өзге де жағындылар ерінге нәзіктік береді. Nivea-нің ванилі мен “Макадамский орех” ерінге арналған майы ерінді әдемі етіп көрсетеді.
Жеңіл жылтыр. Ерінге “дәмді” реңкіні күлгін далап, бальзам немесе жылтыр береді. Л Этуаль-дің “Малина” жылтыры мен Bon Appetit бальзамын үлкен сауда орталықтарынан табамыз.

 

загрузка...